Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 260 Қаулысы

Жаңартылған

      "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 07.10.2014 № 1058 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке:
      1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде;
      2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 № 1087 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі