Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 260 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :      
      1.   Фильтрлі сигареттерге (қорап):
      ұзындығы таңдалған шамадан  + 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін қырық теңге мөлшерінде;
      ұзындығы таңдалған шамадан  + 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі