Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 260 Қаулысы

Жаңартылған

      "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен бөлшек баға екі жүз теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.10.2014 № 1058 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі