Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.
4. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 7 шiлдедегi
N 645 қаулысымен
бекiтiлген
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;
5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;
6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
8) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы» сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдау
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;
3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Холдингті және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
2-1. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
3) білімдерді, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жолымен тарату және беру, консультациялық қызметтер көрсету;
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары репродукциялы тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімін өндіру және тарату.
Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.