Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 137 қаулысымен.2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.
4. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 645 қаулысымен бекiтiлген |
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 137 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мынадай:
1) "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы;
2) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;
3) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
4) "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамы;
5) "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;
6) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы секілді агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды
7) "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.05.2020 № 326 қаулысымен.2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2) бюджеттік өтінім жасайды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алады;
3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒББО" КЕАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Азық-түлік корпорациясын және "ҰАҒББО" КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.05.2020 № 326; 31.12.2020 № 952 қаулыларымен.3. Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒББО" КеАҚ-ның қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
3) білімдерді тарату және беру, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу, консультациялық қызметтер көрсету жолымен тарату және беру.
4. Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2017 – 2021 жылдарға арналған даму жоспарына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒББО" КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар аграрлық салада Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын "ҰАҒББО" КеАҚ-ны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мамандандырылған ұйымдар бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.