Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 N 746 Қаулысымен.

      4. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 7 шiлдедегi
N 645 қаулысымен
бекiтiлген

Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      2) "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы;

      3) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;

      5) "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамы;

      6) "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы;

      7) "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;

      8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.08.2015 № 659 қаулысымен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.08.2015 № 659; 31.12.2015 № 1168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдау

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;

      2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;

      3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) жарғылық капиталын төлейді, оған бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      4) Холдингті корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.04.2017 № 160 қаулысымен.

      2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.08.2015 № 659 қаулысымен.

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар іске асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.04.2017 № 160 қаулысымен.

       4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.08.2015 № 659 қаулысымен.

      5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.08.2015 № 659 қаулысымен.

       6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.