Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.09 N 432, 2012.11.19 N 1457, 06.06.2013 N 583 қаулыларымен.
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары, төрағасы
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы министрі, төрағаның орынбасары
Төкежанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Болат Тұрғанұлы сақтау вице-министрі
Петухова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Надежда Михайловна Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Светлана Жақияқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Сейітмағанбетова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнар Сүлейменқызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қуанышев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Жапсарбай Ілиясұлы Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Әбенов - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Абдуламитұлы ғылым вице-министрі
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Волков - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алексей Юрьевич министрінің орынбасары
Жұманғарин - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы вице-министрі
Есентаев - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Тастанбек Құтжанұлы шынықтыру істері агенттігі төрағасының
орынбасары
Шоранов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Марат Едігеұлы сақтау министрлігі Стратегиялық даму
департаментінің директоры, хатшы
Яганьяц Недим - Қазақстандағы денсаулық сақтау бойынша
Дүниежүзілік банк бағдарламасының
басшысы (келісім бойынша)
Төлеушин - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қаныш Аманбайұлы және технологиялар вице-министрі
Байжүнісов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мадина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрі
Ақпомбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Иманжүсіп Латкенұлы министрінің орынбасары
Күреңбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы министрінің орынбасары
Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы және ақпарат вице-министрі
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы вице-министрі
Дерновой - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Анатолий Григорьевич қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
Толыбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы шаруашылығы вице-министрі
Оқасов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Сейітқажы Қажыкенұлы министрлігінің аппарат басшысы
Бутина - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Мереке Сағымбайқызы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
(келісім бойынша)
Гайлевич - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы үйлестірушісі
Роман Евгеньевич (келісім бойынша)
Нұрғабылова - Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының
Айгүл (ЮНИСЭФ) Қазақстан Республикасындағы
Өкілдігінің денсаулық сақтау және
тамақтану жөніндегі бағдарламаларының
үйлестірушісі (келісім бойынша)
Мелита - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
Вуйнович Қазақстан Республикасындағы өкілі
(келісім бойынша)
Раганин - «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық
Мейрам Уахитұлы палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің
басқарма мүшесі (келісім бойынша)
Садықова - «Ұлттық медицина қауымдастығы»
Айжан Бегайдарқызы республикалық қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық
үйлестiру кеңесi туралы ереже
Ескерту: Мәтiндегi "Бағдарламалар", "Бағдарламаларда", "Бағдарламалардың" деген сөздер тиiсiнше "Бағдарлама", "Бағдарламада", "Бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 737 қаулысымен .
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000 Қаулысымен.
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келiсiмi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері
мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi негiзгi бағыттарды белгiлеу жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөнiндегi iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасында жауапкершілікті шектеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тартуды қоса алғанда, жергілікті деңгейде өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу;
3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салалық бағдарламалардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының аралық қорытындыларын қарау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанушылықты төмендету және басқа да әлеуметтік мәні бар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ халық арасындағы суицидті мінез-құлықтың алдын алу мен профилактикасы жөніндегі іс-шараларды орындау мәселелерін қарау.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000 Қаулысымен.
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
8. Үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомоствоаралық үйлестіруге және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000 Қаулысымен.
9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткiзу үшiн отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 737 қаулысымен .
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 737 қаулысымен .
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады, ол Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асырады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды оның отырысына дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1000 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 166 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi
N 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын icкe асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қазандағы N 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 442-құжат).