Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын , "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Ескерту: Кеңестің құрамына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.03. N 737 , 2007.04.11. N 293 , 2007.10.04. N 899 , 2009.05.19. N 745 қаулыларымен .
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы министрі, төраға
Вощенкова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Тамара Анатольевна вице-министрі, төрағаның орынбасары
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-
Александрович эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң
төрағасы
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк
сала шығыстарын жоспарлау департаментiнiң
директоры
Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Светлана Жақияқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Болат Бақытжанұлы орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Валерий Викторович вице-министрі
Хамзина - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұргүл Қалиқызы министрлігі Білім, ғылым және кадр
ресурстары департаментінің директоры
Омаров - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Тобылбек Есенжолұлы министрлігінің аппарат басшысы
Сейітмағанбетова - Қазақстан Республикасының
Гүлнәр Сүлейменқызы Парламенті Мәжілісінің
депутаты (келісім бойынша)
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Савченко - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы,
Ирина Қырғызстандағы, Түрікменстандағы
үйлестірушісі (келісім бойынша)
Бутина - Қазақстан Республикасы
Мереке Сағымбайқызы денсаулық сақтау қызметкерлері
кәсіподағының төрайымы
(келісім бойынша)
Садықова - Қазақстан дәрігерлері мен
Айжан Бегайдарқызы провизорлары қауымдастығының
президенті (келісім бойынша)
Айдарханов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Арман Тергеуұлы министрлігі Стратегия және денсаулық сақтау
саласын дамыту департаментінің директоры,
хатшы
Аяғанов - Қазақстан Республикасының Парламенті
Серік Әкпенұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Светлана Жақияқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Сейітмағанбетова - Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнәр Сүлейменқызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Мыңбай - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Қамзабекұлы Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Омаров - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Тобылбек Есенжолұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Елжан Амантайұлы вице-министрі
Дәненов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Жұмағалиұлы министрінің орынбасары
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Болат Бақытжанұлы орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Алмас Олжабайұлы сауда вице-министрі
Майлыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бағлан Асаубайұлы ақпарат вице-министрі
Нүсіпова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Әсел Бекқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Валерий Викторович вице-министрі
Саванков - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Александр Михайлович вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы минералдық ресурстар вице-министрі
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы қорғау вице-министрі
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Баймұқанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Сыздық Асылбекұлы министрлігі Фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий министрлігі Мемлекеттік
Александрович санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы
Қайырбекова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Салидат Зикенқызы министрлігі Медициналық қызмет көрсету
саласындағы бақылау комитетінің төрайымы
Алпысбаев - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Мәлік Ақылбайұлы министрлігінің Спорт комитеті төрағасының
орынбасары
Есқалиев - Қазақстан Республикасы Әділет
Қайырболат Мератұлы министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті төрағасының орынбасары
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік
саланы дамыту департаментінің директоры
Хамзина - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұргүл Қалиқызы министрлігі Ғылым және адами ресурстар
департаментінің директоры
Бутина - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Мереке Сағымбайқызы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
(келісім бойынша)
Садықова - "Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары
Айжан Бегайдарқызы қауымдастығы" республикалық қоғамдық
бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Глинская - Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы
Елена Евгеньевна өкілдігінің Орталық Азия елдерінде адами
даму секторының бас үйлестірушісі
(келісім бойынша)
Қосбаева Әлия - Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар
қоры (ЮНИСЭФ) өкілдігінің ұлттық
үйлестірушісі (келісім бойынша)
Павел Урсу - ДДҰ Қазақстандағы Елдік офисінің басшысы
(келісім бойынша)
Савченко Ирина - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы, Қырғызстандағы
және Түрікменстандағы үйлестірушісі
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық
үйлестiру кеңесi туралы ереже
Ескерту: Мәтiндегi "Бағдарламалар", "Бағдарламаларда", "Бағдарламалардың" деген сөздер тиiсiнше "Бағдарлама", "Бағдарламада", "Бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 737 қаулысымен .
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы
N 737
қаулысымен
.
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келiсiмi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері
мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi негiзгi бағыттарды белгiлеу жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөнiндегi iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламаның iске асырылуын талдау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөнiндегi iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау.
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Үйлестiру кеңесiнiң шешімдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесi жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Yйлестiру кеңесi әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы
N 737
қаулысымен
.
9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткiзу үшiн отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы
N 737
қаулысымен
.
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы
N 737
қаулысымен
.
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткiзуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 166 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi
N 397
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын icкe асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қазандағы N 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 442-құжат).