Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы N 99 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 737 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1085 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы N 99  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 5, 48-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Амангелдиев Ардақ Амангелдiұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi;
      Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi;
      Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      Сағалбаев Ерғалы Төлендiұлы - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы;
      Сүлейменов Нәсiполла Зейнолұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Табиғат қорғауды бақылау комитетiнiң төрағасы;
      Жүндiбаев Валерий Ермекбайұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Ұйымдастыру жұмысы, жиынтық талдау және бақылау департаментiнiң директоры;
      Испусинова Светлана Багитовна - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры;
      Қожамұратов Асылбек Әубәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринария департаментiнiң директоры;
      Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк сала шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры;
      Тәшiбаев Мұрат Сетжанұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментiнiң директоры;
      Нұрсұлтанов Серiк Қабдешұлы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас әскери-медициналық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
      Бiртанов Елжан Амантайұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi "Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының директоры;
      Шәйкенова Анар Блокқызы - Азия Даму Банкiнiң (АДБ) жобаларды iске асыру жөнiндегi маманы;
      Юрико Шоджи - Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тұрақты өкiлi;

      мына:
      "Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi";
      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi";
      "Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы";
      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi";
      "Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Емдеу-алдын алу жұмысы департаментiнiң директоры, хатшы";

      көрсетiлген құрамнан Дүйсебай Жаңабайұлы Жаңабаев, Сәуле Әлкейқызы Диқанбаева, Батырхан Арысбекұлы Исаев, Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов, Асқар Оразалыұлы Шәкiров, Абай Бөлекпайұлы Тасболатов, Батыржан Зайырқанұлы Әшiтов, Азамат Рысқұлұлы Ойнаров, Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Андрей Иванович Лукин, Нұрлан Әбдiлдаұлы Ысқақов, Бiрлiк Есiркепұлы Оразбаев, Санат Тұңғышбекұлы Тұңғышбеков, Татьяна Андреевна Симонова шығарылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi туралы, ережеде:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасымен," деген сөздер алынып тасталсын;

      мәтiндегi "Бағдарламалар", "Бағдарламаларда", "Бағдарламалардың" деген сөздер тиiсiнше "Бағдарлама", "Бағдарламада", "Бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "Кеңестiң шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады" деген сөздер "Үйлестiру кеңесiнiң шешімдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесi жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Yйлестiру кеңесi әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;

      11-тармақ "шешiмдерi" деген сөзден кейiн "мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі