Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын , "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерболат Асқарбекұлы министрi, төраға
Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Айқан Ақанұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары
Жаңабаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Дүйсебай Жаңабайұлы министрлiгi Емдеу-алдын алу iсi департаментi
директорының орынбасары, хатшы
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Сәуле Әлкейқызы вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий вице-министрi
Александрович
Дүйсекеев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Мәжiлiсінiң депутаты (келiсiм бойынша)
Дүйсекейұлы
Тұтқышев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Бексұлтан Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Серiкпайұлы
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Сабыржан Мәдиұлы министрі
Шәкiров - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асқар Оразалыұлы министрiнiң орынбасары
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы және спорт вице-министрi
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң
Абай Бөлекпайұлы орынбасары
Өскембаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-
Қажымұрат Бейiсұлы министрi
Әшiтов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы министрi
Шәмшiдинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Күләш Ноғатайқызы вице-министрi
Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Андрей Иванович сауда вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбдiлдаұлы қорғау вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бiрлiк Есiркепұлы минералдық ресурстар вице-министрi
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi
комитеттiң төрағасы
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Бауыржан Сәтжанұлы министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы
Пак Лариса - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Юн-Бойевна министрлiгi Фармация комитетiнiң төрайымы
Бутина - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
Мереке Сағымбайқызы қызметкерлерi кәсiподағының төрайымы (келiсiм
бойынша)
Садықова - Қазақстан дәрiгерлерi мен провизорлары
Айжан Бегайдарқызы қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның Yкiметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келiсiм
бойынша)
Исманқұлова - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы
Гүлнәр бюросының Қазақстан Республикасындағы
Сатыбалдықызы үйлестiру және байланыс жөнiндегi басшысы
(келiсiм бойынша)
Шарман Алмаз - Қазақстандағы ЮСАИД бағдарламасының
үйлестiрушiсi (келiсiм бойынша)
Зуев Александр - Қазақстандағы ЮНИСЭФ өкiлi (келiсiм бойынша)
Әлжанова Аида - БҰҰ (ЮНФПА) тұрғын халықтар қорының
атқарушы өкiлi (келiсiм бойынша)
Симонова - Азия Даму Банкi (АДБ) жобаларын iске асыру
Татьяна Андреевна жөнiндегi маман (келiсiм бойынша)
Пейванд Халегиан - Дүниежүзiлiк Даму Банкiнiң (ДДБ)
Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселелерi
жөнiндегi тобының басшысы (келiсiм бойынша)
Локшин - Фармацевтикалық өнiмдерді импорттау
Вячеслав Натанович қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы
Жарлығымен
бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарламалар) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келiсiмi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламаларда көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi негiзгi бағыттарды белгiлеу жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламалардың iс-шараларын орындау жөнiндегi iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын талдау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөнiндегi iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау.
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаларда көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Кеңестің шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады.
9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткiзу үшiн отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi. Отырыс Yйлестiру кеңесі мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткiзуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 166 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi
N 397
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын icкe асыру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қазандағы N 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 442-құжат).