«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1000 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2016 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 № 1087 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 853 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесінде:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мыналардан:
      аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу);
      жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кәдесый өнімін өндіру».