РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығын қараңыз.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiліктілiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 қаңтардағы
N 40 қаулысымен
бекiтiлген
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптарын белгiлейдi (бұдан әрi - конкурс).
2. Конкурсты өткiзу мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекiтiлiп берiлетiн аң аулайтын алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке меншiктегi немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегі аң аулайтын алқаптар белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген және уәкiлеттi органның ұсынымы болған жағдайда, олардың өтiнiмi бойынша конкурс өткiзiлмей, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешiмiмен бекiтілiп берiледi.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы болып танылатын резервтік қордың аң аулайтын алқаптары және (немесе) учаскелері қойылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру осы Ережеге сәйкес өткiзілетiн конкурстың қорытындылары негiзiнде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешiмiмен оларға жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Құрамына жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдары бойынша айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi енетiн аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Конкурсты ұйымдастыру
7. Конкурсты жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аумақтық органы ұйымдастырады және өткiзедi.
8. Уәкілетті органның аумақтық органы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірге конкурс өткізу жөнінде конкурстық комиссия құрады. Комиссия төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады, сондай-ақ оған облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, ғылыми ұйымдардың, су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органның, облыстардың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары басқармасының, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушының дауыс беру құқығы жоқ өкiлi болып табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi бүкiл құжаттаманы жүргiзедi.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
2) конкурстық құжаттаманы алу орны және тәсiлдерi;
3) конкурстық өтiнiмдер беру орны және оның түпкiлiктi мерзiмi;
4) конкурсты ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат.
10. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мерзiмдi баспасөзде бiр айдан кешiктiрілмей жарияланады.
11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - конкурсқа қатысушы) өтiнiштерi бойынша мынадай ақпаратты қамтитын конкурстық құжаттаманы екі жұмыс күн ішінде бередi:
1) конкурсқа қатысушы қойылатын білiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкес келетінiн растауға берiлетін құжаттар тiзбесi;
2) конкурстық өтiнiмдер беру тәсiлi, орны және оның түпкіліктi мерзiмi;
3) конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;
4) жануарлар дүниесiнiң орналасқан жерiнiң карта-схемасын, алаңын, санатын, жай-күйiн қамтитын конкурсқа қойылатын аң аулайтын алқаптар туралы ақпарат;
5) белгiленген нысандағы өтiнiм;
6) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
12. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінiмдер берудiң түпкiлiкті мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi күнтiзбелiк күннен кешiктірмей өз бастамашылығы бойынша хаттама ресiмдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзе алады.
Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттаманы алған конкурсқа қатысушыларға екі жұмыс күні ішінде хабарланады, бұл ретте конкурстық өтінімдер беру мерзімі жеті жұмыс күніне ұзартылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
13. Конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыдан конкурстық құжаттама алғаннан кейiн конкурсты ұйымдастырушыға осы Ереженiң талаптарына сәйкес екi данада мөр басылған конвертке салынған конкурстық өтiнiм бередi.
14. Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдi беттерi нөмiрленiп, тiгілген күйiнде бередi, соңғы бетi мынадай құжаттар қоса тiркелiп, олардың қолдарымен куәландырылады:
1) аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
2) конкурсқа қатысушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар немесе нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер);
3) заңды тұлғалар үшін – өтінім беруші жарғысының және оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері.
Ескертпе: * – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
4) жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәліктің немесе паспорттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604; 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2013 № 1510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
15. Конкурсқа қатысушы конкурсқа шығарылатын аңшылық алқаптың шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру материалымен конкурсты өткiзу басталғанға дейiн таныса алады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Конкурсты өткiзу
16. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурсты ұйымдастырушы белгiлеген орында және уақытта ашады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін берілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және қалған конкурстық өтінімдермен бірге сақталады, өтініш жасалған жағдайда, конкурсқа қатысушыларға қайтарылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
17. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде комиссия хатшысы берiлген құжаттардың бар-жоғы және олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiнi туралы хабарлайды.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттi ашу нәтижелерi отырысқа қатысушы барлық Комиссия мүшелерi мен хатшы қол қоятын конверттердi ашу хаттамасында көрсетiледi. Ашу хаттамасын екi жұмыс күнi iшiнде конкурстық комиссияның хатшысы облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604; 31.12.2013 № 1510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурстың
жеңiмпазын анықтау
18. Конкурстық комиссия конкурс қорытындыларын конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
Конкурстық өтiнiмдердi қарау барысында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстары бойынша түсiндiрмелер сұрата алады, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшiн мемлекеттiк органға жазбаша сұрау салу жiбере алады.
19. Конкурстық өтiнiм осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес келмеген жағдайда мұндай конкурстық өтiнiмдi комиссия қарамайды және керi қайтарады.
20. Конкурс жеңiмпазын конкурстық комиссия конкурстық өтінiмдердi бағалау және салыстыру қорытындыларының, олардың конкурстық құжаттамаларының және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгi негiзiнде айқындайды.
Конкурстық өтiнiмдердi бағалау қорытындылары тепе-тең болған кезде қорғау, биотехникалық және өсімін молайту iс-шаралары кешенiнiң көлемдерi бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту, сондай-ақ конкурсқа қатысушыға тиесілі өтімділігі жоғары техникалық құралдардың, кордондардың болуы және қорықшылардың (саны) болуы тұрғысынан алғанда артықшылығы бар конкурсқа қатысушыға басымдық берiледi.
Конкурс қорытындыларын шығару кезiнде жеткiлiктi бәсекелестiк орта болған жағдайда (үш қатысушыдан кем емес) конкурстық комиссия 2-1-қосымшаға сәйкес конкурстық өтінімдерді бағалаудың салыстырма кестесін толтырады және конкурс жеңiмпазынан басқа конкурстық өтiнiмi неғұрлым артықшылық сипатта болған конкурстың екiншi қатысушысын айқындайды.
Комиссияның шешiмi конкурстық комиссияның отырысына оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің болмауына растаушы құжат болған кезде дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604, 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2013 № 1510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
21. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бip үмiткердiң болуы), егер конкурстың бiр ғана қатысушысы конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талапты сақтаса, ол конкурс жеңiмпазы болып танылады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
22. Егер барлық қатысушылардың конкурстық өтiнiмiн конкурстық комиссия конкурс шарттарына сәйкес келмейдi деп таныса, конкурсты оны ұйымдастырушы өткен жоқ деп танылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
23. Өткізілген конкурс қорытындылары бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде отырысқа қатысушы конкурс комиссиясының мүшелері қол қоятын хаттаманы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес толтырады. Хаттаманың көшірмесі конкурсқа қатысушыларға жіберіледі. Конкурстық комиссияның хаттамасы облыстың жергілікті атқарушы органының шешім қабылдауына негіз болып табылады. Өткізілген конкурстың қорытындылары облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы хаттаманы аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жiбередi және конкурстың барлық қатысушыларын конкурс қорытындылары жайында хабардар етеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аң аулайтын алқаптарды конкурс жеңімпазына бекiтiп беру туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешiмi негiзiнде «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы – конкурс жеңiмпазының арасында аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасалады.
Егер конкурс жеңiмпазы облыстардың жергілікті атқарушы органдары аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу шартына қол қоймаса, онда конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес конкурс жеңiмпазынан кейiн конкурстық өтiнiмi басымдау деп танылған конкурсқа қатысушыға аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау туралы облыстық атқарушы органға ұсыным енгiзедi.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
27. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы;
2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, екі жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу мерзімін, аңшылық шаруашылығын көркейтуді қоса алғанда);
3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына сай келетін қорықшылық қызметтің (немесе оны құру туралы жазбаша міндеттеме) болуы;
4) конкурсқа қатысушының қаржылық әлеуетін растайтын құжаттар:
анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушы қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мер басылған анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы отыз күнтізбелік күннің ішінде берілу тиіс;
соңғы қаржы жылы үшін бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
5) міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің болмауы:
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының анықтамасының түпнұсқасы;
6) жоғары немесе арнайы орта білімі бар (аңшылық тану, аң шаруашылығы, биолог-аңшылық танушы, биология, ветеринариялық дәрігер, зоотехник, зооинженер мамандықтары бойынша) немесе білімін және жұмыс өтілін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жұмыс тәжірибесі және кемінде 1 жыл және өтілі бар мамандардың болуы (не конкурста жеңіске жеткен жағдайда, осындай мамандарды жұмысқа қабылдау туралы жазбаша міндеттеме).
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Аң аулайтын алқаптарды
бекiтiп беру жөнiнде
конкурс өткiзу ережесiне
және конкурсқа қатысушыларға
қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына
1 қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе өтiнiш берушi - жеке тұлғаның аты-жөнi)
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi
конкурсқа қатысуға
өтініш
_________________ 20 ж. "___"____________
(елдi-мекен)
_________ облысы ________ ауданында аң аулайтын алқаптарды
бекiтiп беру жөнiнде конкурсқа қатысуға конкурстық өтінiмдi
қабылдауыңызды өтiнемiн.
Өтінiш берушi туралы мәлiмет:
1. Меншiк нысаны _________________________________________
2. Құрылған жылы _________________________________________
3. Тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама ______
_____________________________________________________________________
(№, кiм және қашан бердi)
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
4. Заңды мекен-жайы (мекен-жайы) _________________________
________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)
5. Есеп шоты _____________________________________________
________________________________________________________________
(шот N, банктiң атауы және орналасқан жерi)
6. Филиалдар және өкiлдiктер _____________________________
(орналасқан жерi және деректемелерi)
7. Қоса берілетiн құжаттар: ______________________________
________________________________________________________________
8. Мен конкурстық өтінiмде берiлген ақпарат үшiн жауапты
боламын, менiң конкурстық өтiнiмiм ұтқан болып танылған жағдайда
аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасуға мiндеттенемiн.
Жеке/заңды тұлға _______________________________________________
(қолы) (аты-жөнi)
M.O.
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп
беру жөнiнде конкурс өткiзу
ережесiне және конкурсқа
қатысушыларға қойылатын
білiктілiк талаптарына
2-қосымша
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурстың
N _____ хаттамасы
__________________ "___"__________ 20_ж.
(елдi-мекен)
Конкурстың басталу уақыты ________________________
Конкурстың аяқталу уақыты ________________________
1. Конкурстық комиссия мынадай құрамда (аты-жөнi және
лауазымы көрсетiлсiн):
___________________________________ - комиссия төрағасы;
___________________________________ - комиссия хатшысы;
комиссия мүшелерi: _____________________________________________
құрылған _______________________________________________________
(конкурстық комиссияны құру жөнiндегi конкурсты
ұйымдастырушының актiсi, құжаттың күнi және нөмiрi көрсетiлсiн)
аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiздi.
2. Конкурсқа мынадай аң аулайтын алқаптар қойылды:
N |
Аң аулайтын алқаптар туралы ақпарат |
1 |
2 |
1 |
|
2 |
3. Конкурстық құжаттаманы алғандар:
N |
Жеке немесе заңды тұлғаның атауы |
Мекен-жайы |
1 |
2 |
3 |
1 |
||
2 |
4. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi конкурстың
мынадай қатысушылары ұсынды:
N |
Ықтимал қатысушының атауы |
Мекен-жайы |
Өтiнiмдi ұсынған |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
|||
2 |
5. (Конкурстық өтiнiмдер керi қайтарылды ма және олардың
керi қайтарылу себептерi көрсетiлсiн).
6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттардың тiзбесiн
ұсынды:
N |
Конкурсқа қатысушылардың атауы |
Құжаттардың атауы |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
|||||
2 |
7. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi бағалау және
салыстыру қорытындылары бойынша былай деп ШЕШТI:
1) _____________________________________________________
(жеке және заңды тұлға, мекен-жайы)
конкурс жеңiмпазы деп танылсын.
2) __________________________________ конкурстық өтiнiмi
(жеке және заңды тұлға мекен-жайы)
конкурс жеңiмпазынан кейiн басымдау деп танылсын.
3) Конкурсты ұйымдастырушы аң аулайтын алқаптарды бекiтiп
беру жөнiндегi конкурстың хаттамасын конкурс жеңімпазына аң
аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн
облыстық атқарушы органға үш күн мерзiмде жiберсiн.
Комиссия төрағасы: _____________________________
Комиссия хатшысы: ______________________________
Комиссия мүшелерi: _____________________________
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру
жөнiнде конкурс өткiзу ережесiне және
конкурсқа қатысушыларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына
2-1-қосымша
_______________ ауданының «___________»
аңшылық шаруашылығының аң аулайтын алқаптарын
бекітіп беру бойынша конкурстық өтінімдері бағалаудың
салыстырма кестесі
Ескерту. Ереже 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Конкурсқа қатысушының атауы |
Даму жоспары |
Бар-жоғы, саны |
||||
Қорғау іс-шаралары |
Өсімін молайту және биотехникалық іс-шаралар |
қорықшылар |
кордондар |
өтілімділігі жоғары техникалық құралдар |
жиыны |
|
Ескертпе: конкурстық өтінімдерді бағалау балдық жүйе бойынша жүргізіледі, ол берілген конкурстық өтінімдердің санына байланысты.
Комиссия мүшесі _____________________________________________________
(Тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні _______________________
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру
жөнiнде конкурс өткiзу ережесіне және
конкурсқа қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптарына
3-қосымша
Санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған
материалдық-техникалық база
Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Р/с № |
Техниканың атауы (бірлік/мың га) |
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында (бірлік/мың га) |
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді аймақтарында (бірлік/мың га) |
||||||||
Аңшылық шаруашылығының санаттары |
Аңшылық шаруашылығының санаттары |
||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
I |
II |
III |
IV |
V |
||
1 |
Трактор |
1/60,0 |
1/120,0 |
1/240,0 |
1/400,0 |
- |
1/200,0 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
2 |
Қорапты автомашина |
1/60,0 |
1/120,0 |
1/200,0 |
- |
- |
1/200,0 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
3 |
Авто-немесе мото–цистерна, немесе өрт сөндіру машинасы |
1/100,0 |
1/200,0 |
1/400,0 |
1/600,0 |
- |
1/200,00 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
4 |
Патрульдік машина |
1/15,0 |
1/30,0 |
1/60,0 |
1/90,0 |
1/200,0 |
1/40,0 |
1/90,0 |
1/180,0 |
1/270,0 |
1/600,0 |
5 |
Мотоцикл (ат) |
1/5,0 |
1/15,0 |
1/30,0 |
1/50,0 |
1/200,0 |
1/30,0 |
1/90,0 |
1/200,0 |
- |
- |
6 |
Бензоара |
1/5,0 |
1/10,0 |
1/20,0 |
1/40,0 |
1/60,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
7 |
Шалғы |
1/60,0 |
1/120,0 |
1/200,0 |
1/300,0 |
1/500,0 |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
8 |
Соқа |
1/60,0 |
1/120,0 |
1/200,0 |
1/300,0 |
1/500,0 |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
9 |
Қайық |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
10 |
Қамыс шалғы* |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
11 |
Қарда жүретін көлік** |
1/15,0 |
1/30,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
кестенің жалғасы
Барлық облыстардың орманды-далалы және далалық аймақтарында (бірлік/мың га) |
Барлық облыстардың сулы-батпақты жерлерінде (бірлік/мың га) |
||||||||
Аңшылық шаруашылығының санаттары |
Аңшылық шаруашылығының санаттары |
||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
I |
II |
III |
IV |
V |
1/200,0 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
1/100,0 |
1/200,0 |
- |
- |
- |
1/200,0 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
1/100,0 |
1/200,0 |
- |
- |
- |
1/200,0 |
1/500,0 |
- |
- |
- |
1/100,0 |
1/200,0 |
- |
- |
- |
1/30,0 |
1/60,0 |
1/120,0 |
1/180,0 |
1/400,0 |
1/15,0 |
1/30,0 |
1/60,0 |
1/90,0 |
1/200,0 |
1/30,0 |
1/90,0 |
1/200,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
1/150,0 |
1/300,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1/5,0 |
1/10,0 |
1/20,0 |
1/40,0 |
1/60,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
1/5,0 |
1/10,0 |
1/20,0 |
1/40,0 |
1/60,0 |
1/30,0 |
1/60,0 |
- |
- |
- |
1/15,0 |
1/30,0 |
- |
- |
- |
Ескертпе: * су айдының шөп басып кетуіне байланысты
** Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда