"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiліктілiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 қаңтардағы
N 40 қаулысымен
бекiтiлген
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптарын белгiлейдi (бұдан әрi - конкурс).
2. Конкурсты өткiзу мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекiтiлiп берiлетiн аң аулайтын алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке меншiктегi немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегі аң аулайтын алқаптар оларға олар белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген және уәкiлеттi органның ұсынысы болған жағдайда олардың өтiнiмi бойынша конкурс өткiзiлмей, облыстық атқарушы органның шешiмiмен бекiтілiп берiледi.
4. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялық-экономикалық зерттеудiң негiзiнде уәкiлетті орган жол берген резервтiк қордың аң аулайтын алқаптары қойылады.
5. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру осы Ережеге сәйкес өткiзілетiн конкурс қорытындыларының негiзiнде облыстық атқарушы органның шешiмiмен жүзеге асырылады.
6. Құрамына жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру және биологиялық-экономикалық зерттеулер материалдары бойынша айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi енетiн аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Конкурсты ұйымдастыру
7. Конкурсты жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аумақтық органы ұйымдастырады және өткiзедi.
8. Уәкiлеттi органның аумақтық органы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) облыстық атқарушы органмен бiрлесiп конкурсты ұйымдастыру жөнiнде конкурстық комиссия құрады. Комиссия төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысы болып табылады, сондай-ақ оған облыстық атқарушы органның, ғылыми ұйымдардың, су ресурстары жөнiндегi уәкiлетті органның және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi енедi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушының дауыс беру құқығынсыз өкiлi болып табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі барлық құжаттаманы жүргiзедi.
9. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
2) конкурстық құжаттаманы алу орны және тәсiлдерi;
3) конкурстық өтiнiмдер беру орны және оның түпкiлiктi мерзiмi;
4) конкурсты ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат.
10. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мерзiмдi баспасөзде бiр айдан кешiктiрілмей жарияланады.
11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - конкурсқа қатысушы) өтiнiштерi бойынша мынадай ақпаратты қамтитын конкурстық құжаттаманы екі жұмыс күн ішінде бередi:
1) конкурсқа қатысушы қойылатын білiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкес келетінiн растауға берiлетін құжаттар тiзбесi;
2) конкурстық өтiнiмдер беру тәсiлi, орны және оның түпкіліктi мерзiмi;
3) конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;
4) жануарлар дүниесiнiң орналасқан жерiнiң карта-схемасын, алаңын, санатын, жай-күйiн қамтитын конкурсқа қойылатын аң аулайтын алқаптар туралы ақпарат;
5) белгiленген нысандағы өтiнiм;
6) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
12. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінiмдер берудiң түпкiлiкті мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi күнтiзбелiк күннен кешiктірмей өз бастамашылығы бойынша хаттама ресiмдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзе алады.
Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттаманы алған конкурсқа қатысушыларға екі жұмыс күні ішінде хабарланады, бұл ретте конкурстық өтінімдер беру мерзімі жеті жұмыс күніне ұзартылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
13. Конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыдан конкурстық құжаттама алғаннан кейiн конкурсты ұйымдастырушыға осы Ереженiң талаптарына сәйкес екi данада мөр басылған конвертке салынған конкурстық өтiнiм бередi.
14. Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдi беттерi нөмiрленiп, тiгілген күйiнде бередi, соңғы бетi мынадай құжаттар қоса тiркелiп, олардың қолдарымен куәландырылады:
1) аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
2) конкурсқа қатысушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар немесе нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер);
3) заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері»;
4) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәліктің немесе паспорттың, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
15. Конкурсқа қатысушы конкурсқа шығарылатын шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен аң аулайтын алқапты биологиялық- экономикалық зерттеу материалдарымен конкурсты өткiзу басталғанға дейiн таныса алады.
3. Конкурсты өткiзу
16. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурсты ұйымдастырушы белгiлеген орында және уақытта ашады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін берілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және қалған конкурстық өтінімдермен бірге сақталады, өтініш жасалған жағдайда, конкурсқа қатысушыларға қайтарылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
17. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде комиссия хатшысы берiлген құжаттардың бар-жоғы және олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiнi туралы хабарлайды.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысушы барлық Комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі. Ашу хаттамасын екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы облыстық атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
4. Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурстың
жеңiмпазын анықтау
18. Конкурстық комиссия конкурс қорытындыларын конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
Конкурстық өтiнiмдердi қарау барысында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстары бойынша түсiндiрмелер сұрата алады, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшiн мемлекеттiк органға жазбаша сұрау салу жiбере алады.
19. Конкурстық өтiнiм осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес келмеген жағдайда мұндай конкурстық өтiнiмдi комиссия қарамайды және керi қайтарады.
20. Конкурс жеңiмпазын конкурстық комиссия конкурстық өтінiмдердi бағалау және салыстыру қорытындыларының, олардың конкурстық құжаттамаларының және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгi негiзiнде айқындайды.
Конкурстық өтiнiмдердi бағалау қорытындыларының тепе-теңдiгі кезiнде қаржыландыру көлемiмен қорғау, биотехникалық және молықтыру іс-шаралары кешенiнiң көлемi бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту, сондай-ақ қорықшылардың (саны), кардондардың және техникалық құралдардың болуы тұрғысынан алғанда артықшылығы бар конкурсқа қатысушыға басымдық беріледi.
Конкурс қорытындыларын шығару кезiнде жеткiлiктi бәсекелестiк орта болған жағдайда конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазынан басқа конкурстық өтiнiмi неғұрлым артықшылық сипатта болған екiншi конкурсқа қатысушыны анықтайды.
Комиссияның шешiмi конкурстық комиссияның отырысына оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің болмауына растаушы құжат болған кезде дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
21. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бip үмiткердiң болуы), егер конкурстың бiр ғана қатысушысы конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талапты сақтаса, ол конкурс жеңiмпазы болып танылады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
22. Егер барлық қатысушылардың конкурстық өтiнiмiн конкурстық комиссия конкурс шарттарына сәйкес келмейдi деп таныса, конкурсты оны ұйымдастырушы өткен жоқ деп танылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
23. Өткізілген Конкурс қорытындылары конкурстық өтінім салынған конверттер ашылған күнінен бастап, он жұмыс күн ішінде отырысқа қатысушы конкурс комиссиясының мүшелері қол қоятын хаттама (2-қосымша) жасалады. Хаттаманың көшірмесі конкурсқа қатысушыларға жіберіледі. Конкурстық комиссияның хаттамасы облыстық атқарушы органның шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады. Өткізілген конкурстың қорытындылары облыстық атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
24. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күнiнен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы хаттаманы аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi және конкурстың барлық қатысушыларына конкурс қорытындылары туралы хабарлайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
25. Облыстық атқарушы орган конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алғаннан кейiн бес жұмыс күні ішінде аң аулайтын алқаптарды конкурс жеңімпазына бекiтiп беру туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
26. Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен уәкілетті органның аумақтық органының және жануарлар дүниесiн пайдаланушы - конкурс жеңiмпазының арасында аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасалады.
Егер конкурс жеңiмпазы аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi қабылданғаннан кейiн он жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес конкурс жеңiмпазынан кейiн кiмнiң конкурстық өтiнiмi басымдау деп танылған конкурсқа қатысушыға аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс енгізедi.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
5. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
27. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы;
2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, ішкі шаруашылық аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу мерзімін, аңшылық шаруашылығын көркейтуді қоса алғанда);
3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына жауап беретін қорықшылық қызметтің (немесе оны құру туралы жазбаша міндеттеме) болуы;
4) конкурсқа қатысушының қаржылық әлеуетін растайтын құжаттар:
анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушы қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мер басылған анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы отыз күнтізбелік күннің ішінде берілу тиіс;
соңғы қаржы жылы үшін бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
5) міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің болмауы:
тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмағаны жоқ немесе конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы;
6) жоғары немесе арнайы орта білімі бар (аңшылық тану, аң шаруашылығы, биолог-аңшылық танушы, биология, ветеринариялық дәрігер, зоотехник, зооинженер мамандықтары бойынша) немесе білімін және жұмыс өтілін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жұмыс тәжірибесі және кемінде 1 жыл және өтілі бар мамандардың болуы (не конкурста жеңіске жеткен жағдайда, осындай мамандарды жұмысқа қабылдау туралы жазбаша міндеттеме).
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
Аң аулайтын алқаптарды
бекiтiп беру жөнiнде
конкурс өткiзу ережесiне
және конкурсқа қатысушыларға
қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына
1 қосымша
________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе өтiнiш берушi - жеке тұлғаның аты-жөнi)
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi
конкурсқа қатысуға
өтініш
_________________ 20 ж. "___"____________
(елдi-мекен)
_________ облысы ________ ауданында аң аулайтын алқаптарды
бекiтiп беру жөнiнде конкурсқа қатысуға конкурстық өтінiмдi
қабылдауыңызды өтiнемiн.
Өтінiш берушi туралы мәлiмет:
1. Меншiк нысаны _________________________________________
2. Құрылған жылы _________________________________________
3. Тiркеу туралы куәлiк __________________________________
________________________________________________________________
(N, қашан және кiм бердi)
4. Заңды мекен-жайы (мекен-жайы) _________________________
________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)
5. Есеп шоты _____________________________________________
________________________________________________________________
(шот N, банктiң атауы және орналасқан жерi)
6. Филиалдар және өкiлдiктер _____________________________
(орналасқан жерi және деректемелерi)
7. Қоса берілетiн құжаттар: ______________________________
________________________________________________________________
8. Мен конкурстық өтінiмде берiлген ақпарат үшiн жауапты
боламын, менiң конкурстық өтiнiмiм ұтқан болып танылған жағдайда
аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасуға мiндеттенемiн.
Жеке/заңды тұлға _______________________________________________
(қолы) (аты-жөнi)
M.O.
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп
беру жөнiнде конкурс өткiзу
ережесiне және конкурсқа
қатысушыларға қойылатын
білiктілiк талаптарына
2-қосымша
Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурстың
N _____ хаттамасы
__________________ "___"__________ 20_ж.
(елдi-мекен)
Конкурстың басталу уақыты ________________________
Конкурстың аяқталу уақыты ________________________
1. Конкурстық комиссия мынадай құрамда (аты-жөнi және
лауазымы көрсетiлсiн):
___________________________________ - комиссия төрағасы;
___________________________________ - комиссия хатшысы;
комиссия мүшелерi: _____________________________________________
құрылған _______________________________________________________
(конкурстық комиссияны құру жөнiндегi конкурсты
ұйымдастырушының актiсi, құжаттың күнi және нөмiрi көрсетiлсiн)
аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiздi.
2. Конкурсқа мынадай аң аулайтын алқаптар қойылды:
N |
Аң аулайтын алқаптар туралы ақпарат |
1 |
2 |
1 |
|
2 |
3. Конкурстық құжаттаманы алғандар:
N |
Жеке немесе заңды тұлғаның атауы |
Мекен-жайы |
1 |
2 |
3 |
1 |
||
2 |
4. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi конкурстың
мынадай қатысушылары ұсынды:
N |
Ықтимал қатысушының атауы |
Мекен-жайы |
Өтiнiмдi ұсынған |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
|||
2 |
5. (Конкурстық өтiнiмдер керi қайтарылды ма және олардың
керi қайтарылу себептерi көрсетiлсiн).
6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттардың тiзбесiн
ұсынды:
N |
Конкурсқа қатысушылардың атауы |
Құжаттардың атауы |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
|||||
2 |
7. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi бағалау және
салыстыру қорытындылары бойынша былай деп ШЕШТI:
1) _____________________________________________________
(жеке және заңды тұлға, мекен-жайы)
конкурс жеңiмпазы деп танылсын.
2) __________________________________ конкурстық өтiнiмi
(жеке және заңды тұлға мекен-жайы)
конкурс жеңiмпазынан кейiн басымдау деп танылсын.
3) Конкурсты ұйымдастырушы аң аулайтын алқаптарды бекiтiп
беру жөнiндегi конкурстың хаттамасын конкурс жеңімпазына аң
аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн
облыстық атқарушы органға үш күн мерзiмде жiберсiн.
Комиссия төрағасы: _____________________________
Комиссия хатшысы: ______________________________
Комиссия мүшелерi: _____________________________