Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 Қаулысы

Жаңартылған

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы  
N 182 қаулысымен      
бекiтiлген        

Ұлттық компаниялардың тiзбесi

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
      2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық
         компания" ААҚ.
      3. "Қазпочта" ААҚ.
      4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
      5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ.
      6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ.
      7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
      8. (алып тасталды - 2005.03.05. N 215 қаулысымен )
      9. "Қазақтелеком" ААҚ.
      10. (Күші жойылды - 2007.07.26. N 633 қаулысымен)
      11. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы (Қазақпарат)"
          ААҚ.
      12. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan
          Engineering)" ААҚ.
      13. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
      14. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
      15. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ
      16. "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ
      17. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ
      18. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ
      19. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ"
      20. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ"
      21. "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
          компаниясы" АҚ
      22. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ
      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2005.03.17 N 242 , 2006.08.08 N 746 , 2007.01.15 N 22 , 2007.05.11 N 376 , 2007.07.26 N 633 , 2007.09.18 N 818 , 2008.04.28 N 395 , 2008.08.27 N 776 , 2009.01.15. N 10 Қаулыларымен.