"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 10 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

       Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің       
      2009 жылғы 15 қаңтардағы
      N 7 қаулысымен     
      бекітілген       

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған
       Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі
        2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с N Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындаушылар Орындау мерзімі Қаржылық шығындар,
мың теңге
Қаржыландыру
көздері
1 2 3 4 5 6 7

1.

Министрліктер мен ведомстволардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық даму жоспарларында гендерлік аспектілерді ескеру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

2.

Қазақстандағы ұлттық статистикалық жүйенің гендерлік сезімталдығын арттыру мәселелері бойынша статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға хабардар ету

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

СА

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

3.

Әйелдердің еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамаларды қолдану практикасын қорыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БП (келісім бойынша)

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

4.

Гендерлік саясатты іске асыру мәселелерін орталық және жергілікті атқарушы органдар туралы ережелерге енгізу мүмкіндігін зерделеу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

5.

Әйелдер мен ерлерді басшылық қызметтерге және сайланбалы органдарға жылжыту кезінде гендерлік теңгерімді сақтау мақсатында әйел көшбасшылығы мектептерінің желісін дамыту ағартушылық жұмыстарды жүргізу, әйелдер бастамашылығын жандандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде

Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары

6.

Партияларға басшылық қызметтерге және сайланбалы органдарға әйелдер мен ерлерді жылжыту кезінде гендерлік теңгерімді сақтау туралы ұсынымдар жіберу

Партияларға ұсыныстар

ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ӘІОДСК

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

7.

Әйелдерді саяси жылжыту жөніндегі гендерлік бағдарланған оқыту семинарлары мен тренингтерді өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ММ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ӘІОДСК, ҮЕҰ (келісім бойынша)

Жыл сайын
30 қаңтар

2009 жыл
- 2 000
2010 жыл
- 2 000
2011 жыл
- 2 000

Республикалық бюджет

8.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінде кадрлық тағайындаулар процесінде гендерлік теңдікті сақтауды зерделеу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

2012 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

9.

Балалар тәрбиелейтін ата-аналарға көтермелеу жағдайларын жасауда қызмет бойынша жылжыту, жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелерінде гендерлік теңдікке жету жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке, ӘІОДСҰК-ге ұсыныс

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

10.

Гендерлік теңдік мәселелерін шешуде әлеуметтік серіктестікті дамыту

Бас, салалық, өңірлік келісімдер

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, жұмыс берушілер бірлестігі мен қызметкерлер бірлестігі (келісім бойынша)

2009 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

11.

Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Еңбекмині

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

12.

Жаңа бастаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті қолдаудың қолда бар объектілері инфрақұрылымы базасында жұмыс істеп тұрған бизнесі бар кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік мәселелері бойынша курстар ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

13.

Әйелдерді бизнеске тарту жөніндегі жұмысты жандандыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

14.

Ауылдық жерлерде тұратын әйелдерді жұмыспен қамтуды дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

15.

Ауылдық жерлерде тұратын әйелдер арасында гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және әйелдерге құқықтық қолдау көрсету жөнінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, БАМ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша)

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

16.

Мыналар:
агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкер әйелдерінің қызметіне мониторинг жүргізу үшін статистикалық есеп беру нысанын әзірлеу;
халықты бейресми жұмыспен қамту жөніндегі статистикалық көрсеткішке гендерлік аспектіні енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

СА (жинақтау),АШМ, Еңбекмині

2009 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

17.

ҮЕҰ-мен бизнес құрылымдардың отбасылық бизнесті тарату және дамыту, "үйде істейтін" жұмыс орындары желілерін құру жөнінде іс-қимылын қамтамасыз ету

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК, ҮЕҰ (келісім бойынша)

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

18.

Жалпы білім беретін мектептердің, республикалық білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогтарын, жоғары оку орындарының оқытушыларын гендерлік саясат мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқытуды жалғастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012 жылдардағы қаңтар

Талап етілмейді

-

19.

Жоғары оқу орындарының әкімшілік-басқару персоналында әйелдер өкілдіктерін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру

ӘІОДСҰК-ге ұсыныстар

БҒМ

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

20.

Білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу мәселелері бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

21.

Негізгі, жалпы орта білім беру пәндері стандарттарының мазмұнына гендерлік қамтуды енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау

ӘІОДСҰК-ге ұсыныстар

БҒМ

2012 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

22.

"Гендерлік білім беру" ақпараттық бюллетеньдерін басып шығару мүмкіндігін зерделеу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

2009 жылғы наурыз

Талап етілмейді

-

23.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында сенім телефоны қызметін ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012 жылдардағы қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

24.

Ерлердің өмірлерінің ұзақтығына зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

Еңбекмині

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

25.

Мыналар:
халықтың өз денсаулығын және болашақ ұрпақ денсаулығын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру;
репродукциялық құқық және олардың жүзеге асырылуына кепілдік;
қазіргі заманғы контрацепсия құралдары туралы;
қауіпсіз ана болу және көкірекпен емізу, тамақтандыру;
психоактивті заттарды қолданудың зияндылығы;
халықтың денсаулығын қолайсыз экологиялық факторлардың әсерінен қорғау мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

26.

Халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту мәселесі бойынша мульти-индикаторлық кластерлік тексерудің қорытындыларын шығару

Үкіметке есеп

СА (жинақтау), ДСМ, Тағам институты (келісім бойынша)

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

27.

Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық бойынша модульдік тексеру жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

СА (жинақтау),  ӘІОДСҰК
(келісім
бойынша), ІІМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

28.

Зорлық-зомбылық пен трафикті болдырмау проблемалары бойынша ақпараттық-насихат және оқыту жұмыстарын жүргізу (ЖОО-да, колледждерде, орта мектептерде, еңбек ұжымдарында)

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

29.

ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдарында, әділет және денсаулық сақтау органдарында жұмыс істейтін мамандардың гендерлік білімін өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде

Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары

30.

Жәбірлеу проблемалары, зорлық-зомбылық пен нәпсілік дәмешілдік салдарын бағалау проблемалары бойынша арнайы социологиялық зерттеулер жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, ДСМ

2010-2011
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде

Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары

31.

Тұрмысы қолайсыз отбасыларға құқық бұзушылықтар мен зорлық факторларын болдырмау жөнінде алдын алу жұмысын жүргізу

ӘІОДСӨК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

32.

Әйелдер мен балаларға, балалар порнографиясы мен трафикке қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша "дөңгелек үстелдер" (конференциялар  өткізу)

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ, ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде

Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары

33.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

34.

Дағдарыс орталықтарын құру және қолдау мүмкіндігін қарау

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ

2011 жылғы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

35.

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ, ДСМ, ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

36.

Неке мен отбасының рухани және өнегелі негіздерін нығайтуға ықпал ететін үздік отбасы, этникалық-мәдени дәстүрлерді жаңғырту жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ӘІОДСҰК (келісім бойынша),
МАМ, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша)

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

37.

Отбасы-некелік қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӘІОДСҰК - ге ұсыныстар

Әділетмині (жинақтау), ӘІОДСҰК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

38.

Халықаралық еңбек ұйымының "Аналарды қорғау туралы" N 103 конвенциясын ратификациялау бойынша іс-шаралар өткізу

Үкіметке ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), Әділетмині, СІМ, ЭДСМ, ДСМ

2011 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

39.

"Қазақстандағы заманауи неке және отбасы" республикалық конференциясын өткізу

Мемлекеттік органдарға ұсыныстар

ӘІОДСҰК (келісім бойынша)

2009 жылғы қазан

-

ХЕҰ гранттар

40.

Неке және отбасы дамуындағы мемлекеттік саясат және жаңа үрдістер мәселелері бойынша, оның ішінде отбасылық сәтсіздікті, әлеуметтік жетімдікті игеру бойынша сараптамалық материалдар дайындау

ПӘ-не ақпарат

ӘІОДСҰК (келісім
бойынша),
ММ, Еңбекмині, ІІМ, БҒМ, Әділетмині, ДСМ

Жыл сайын
30 қаңтар

Талап етілмейді

-

41.

"Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы" мектеп пәнін қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

42.

Мұражайларда және кітапханаларда Халықаралық отбасы күніне арналған тақырыптық көрмелер және іс-шаралар өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009-2011
жылдардағы
мамыр

Талап етілмейді

-

43.

Жетім балаларды және ата анасының қарауынсыз қалған балаларды асырап алу үрдісін ынталандыру бойынша ақпараттық-насихаттық шаралар қолдану

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БАМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

2009 жыл
- 2 000
2010 жыл
- 2 000
2011 жыл
- 2 000

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Республикалық бюджет
 
 
 
Жергілікті бюджет

44.

Қазақстандық отбасы моделін және этикасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ӘІОДСҰК (келісім бойынша)
(жинақтау), Әділетмині

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

45.

Отбасы құндылықтарын үгіттеу бойынша билбордтар (пилон, баннер) конкурстарын өткізу және оларды халық көп болатын жерлерге шығару

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджет

46.

Отбасы мен балаларды әлеуметтік қамсыздандырудың жұмыс істеп тұрған мамандандырылған институттарын, отбасыларға дағдарысты жағдайлардан шығу жөнінде мамандандырылған психологиялық-педагогтік көмек қызметін дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ, Еңбекмині, ДСМ, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2010-2012 жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

47.

Халықтың ұлттық дәстүрлері мен ділін ескере отырып, отбасының жағдайы туралы социологиялық зерттеу жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

2009 жыл - 2 000
2010 жыл
- 2 000
2011 жыл
- 2 000

Республикалық бюджет

48.

"Отбасылық күнделік" "дөңгелек үстелдерін", жас отбасылар үшін "Бақытты жұп" консультациясын жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

49.

Неке мен отбасының рухани негіздерін нығайтуға ықпал ететін үздік отбасылық, этникалық-мәдени дәстүрлерді жаңғырту мақсатында отбасы клубтарын ұйымдастыру және дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
30 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

50.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету институтын мыналар арқылы дамыту:
әлеуметтік қызметкерлерде медицина, білім беру ұйымдарының, арнайы мекемелердің (ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдары) қажеттілігін анықтау;
республиканың жоғары оқу орындарында "әлеуметтік қызметкер" мамандығын құру және дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
 
 
 
БҒМ

2010 жылғы қаңтар

Талап етілмейді
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Талап етілмейді

-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
-

51.

Жұмыссыздар арасынан шыққан мектепке дейінгі балаларды күту жөніндегі тәрбиешілердің көмекшілерін (сәбиді күтушіні) даярлау мүмкіндігін зерделеу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

52.

Мыналарды:
қоғамдағы әйелдердің рөлін және гендерлік теңдігін арттыру;
әйелдерге қатысты барлық нысандағы кемсітулерді жою туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін, Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын, адам құқығы бойынша халықаралық құжаттарды іске асыру;
қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру, мемлекеттік билік пен басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең өкілдігіне оң қатынасты қалыптастыру мәселелерін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012
жылдардағы
қаңтар

2009 жыл
- 2 000
2010 жыл
- 2 000
2011 жыл
- 2 000
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жергілікті бюджеттер

53.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен және МЕҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012 жылдардағы қаңтар

Талап етілмейді

-

54.

Қоғамда әйелдердің оң имиджін жасау, гендерлік теңдікті насихаттау жөнінде БАҚ арасында конкурстар өткізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012 жылдардағы қаңтар

2009 жыл
- 2 000
2010 жыл
- 2 000
2011 жыл
- 2 000

Республикалық бюджет

55.

Балалар ауласы клубтары арасында отбасыларды нығайту жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастырғаны үшін конкурстар ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010-2012 жылдардағы қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚХА        - Қазақстан халқы Ассамблеясы
СА         - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЖС         - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП         - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ӘІОДСК     - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
             жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
             саясат жөніндегі комиссия
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ        - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ММ         - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МАМ        - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
             министрлігі
БҒМ        - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
             қорғау министрлігі
БАМ        - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ        - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭДСМ       - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
             министрлігі
ӘІОДСҰК    - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер
             істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
             ұлттық комиссия
ҮЕҰ        - үкіметтік емес ұйымдар
ХЕҰ        - халықаралық үкіметтік емес ұйымдар
ӘКК        - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар