"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 182 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2005.03.17 N 242, 2006.08.08 N 746, 2007.01.15 N 22, 2007.05.11 N 376, 2007.07.26 N 633, 2007.09.18 N 818, 2008.04.28 N 395, 2008.08.27 N 776, 2009.01.15 N 10, 2010.01.30 № 50, 2010.03.10 № 185, 2010.03.31 № 266, 2010.06.07 № 532 Қаулыларымен.
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ
3. "Қазпочта" ААҚ
4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.05 N 215 қаулысымен.
9. "Қазақтелеком" ААҚ
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26 N 633 қаулысымен.
11. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
12. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" ААҚ
13. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
14. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
15 - 21. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.10 № 185 Қаулысымен.
22. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ
23. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
24 - 39. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 266 Қаулыcымен.
40. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
41. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
42. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
43. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
44. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
45. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
46. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
47. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ