Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 182 қаулысымен .

      Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен: <*>

      1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):

      ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;

      ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;

      2) <*>

      3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:

      ұйымның қызметi мен оны дамытудың (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт; <*>

      аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;

      4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келiсiм бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;

      5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін;

      6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын;

      7) <*>

      8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келiсiлуiн;

      9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес , тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар) бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:

      1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;

      жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;

      10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттiк басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер бepу жүзеге асыруын; <*>

      11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның орта мерзiмдi жоспардың iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерiстер мен/немесе толықтырулардың енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 , 2002.06.27. N 699 , 2002.12.28. N 1405 , 2003.06.30. N 630 , 2004.02.16. N 182 , 2008.07.17. N 691 Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне берудi:

      1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;

      жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.06.27. N 699 қаулысымен .

      2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.

      Ескерту. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - 2001.10.08. N 1298 , өзгерту енгізілді - 2008.07.17. N 691 Қаулыларымен.

      3. <*>

      Ескерту. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.25. N 1051 қаулысымен .

      3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.

      Ескерту. Жаңа 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.27. N 699 , өзгерту енгізілді - 2003.06.30. N 630 қаулысымен .

      4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.07.17 N 691 , өзгерту енгізілді - 2008.07.17 N 693 ,2008.08.27 N 776 , 2008.10.03 N 915 , 2008.11.12. N 1048 , 2008.11.21. N 1080 Қаулыларымен.

Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).
      2. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).
      3. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).
      4. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).
      5. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.27 N 776 Қаулыcымен).
      6. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).
      7. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).

      8. "Қазақстан Ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ

      9. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21. N 1080 Қаулыcымен).
      10. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулыcымен).

      11. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК

      12. "Қазаэронавигация" РМК

      13. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ

      Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы :

      АҚ - акционерлік қоғамы

      РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 , 2001.08.03. N 1025 , 2001.08.08. N 1041 , 2001.10.08. N 1298 , 2001.12.04. N 1565 , 2001.12.05. N 1575 , 2002.04.20. N 452 қаулыларымен.

Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар
директорлар кеңестерiнiң құрамдары

      1. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ:

      Еламанов Болат Далдайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға;

      Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;

      Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;

      Иденов Мақсат Бағытұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм бойынша);

      Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;

      Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;

      Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның президентi;

      Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі;

      Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Маңғыстау облысының әкімі.

      2. "ҚазТрансОйл" ЖАҚ:

      Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;

      Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi;

      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;

      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;

      Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның президентi.

      3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ:

      Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;

      Ыбырайымов Серiкхан Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;

      Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры;

      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының орынбасары;

      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi.

      4. "Қазпочта" ААҚ:

      Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға;

      Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);

      Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;

      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;

      Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.

      5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ:

      Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;

      Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;

      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;

      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;

      Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi.

      6. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:

      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төраға;

      Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;

      Босс Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;

      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;

      Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның президентi.

      7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:

      Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрайым;

      Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);

      Бахмутова Еленеа Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;

      Аймағамбетов Көпжасар Төленұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Экономикалық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;

      Сүлейменов Серiк Жүсiпұлы - "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның директоры.

      8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ:

      Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;

      Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);

      Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;

      Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi;

      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;

      Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты;

      Гусак Дмитрий Иосифович - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның президентi;

      Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша).

      9. <*>

      10. "Қазақтелеком" ААҚ:

      Нәлібаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;

      Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;

      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi;

      Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы.

      10-1. <*>

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
тiзбесi

      1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 216 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат).

      3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегi N 1404 қаулысы .

      4. "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысы .

      5. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 500-құжат).

      6. "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 577-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 153-құжат).

      8. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1083 қаулысы .

      9. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулысы .

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1766 қаулысы .