"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 182 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық
компания" ААҚ.
3. "Қазпочта" ААҚ.
4. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ.
5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ.
6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ.
7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
8. (алып тасталды - 2005.03.05.
N 215
қаулысымен
)
9. "Қазақтелеком" ААҚ.
10. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ.
11. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы (Қазақпарат)"
ААҚ.
12. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan
Engineering)" ААҚ.