TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов белгіленсін. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20 N  1041 , 2003.11.12 N  1132 , 2006.03.20 N  190 ,  2007.02.16 N  118 , 2007.09.26  N 838 , 2008.05.29  N 513  Қаулыларымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат); 
      2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі