TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Айтжанова Жанар Сейдахметқызы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.08.31 № 851 Қаулысымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат); 
      2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі