Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 513 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 488 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 12-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
 
"14-  Қазақстан          ТСМ     Қаңтар   Ақпан   Мамыр  Қ.А.
1.     Республикасының                                    Өскенбаев
       кейбір заңнамалық
       актілеріне ойын
       бизнесі мәселелері
       бойынша өзгерістер
       мен толықтырулар
       енгізу туралы                                             ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов