Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N
1041
, 2003.11.12. N
1132
, 2006.03.20. N
190
, 2007.02.16. N
118
, 2007.09.26.
N 838
қаулыларымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат);
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі