TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 наурыз N 357

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Нұрлан Құсайынұлы Рахметов белгіленсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1041
               қаулысымен. P021041_
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 P950049_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат);
      2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық

үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 
жылғы 15 қарашадағы N 1712  

P991712_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының 
ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.