TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 наурыз N 357

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Медiбайұлы Әйтекенов, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Нұрлан Құсайынұлы Рахметов белгіленсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1041
қаулысымен .
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.12. N 1132
қаулысымен .
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат);
      2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі