TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 наурыз N 357

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетов белгіленсін. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N  1041 , 2003.11.12. N  1132 , 2006.03.20. N  190
қаулыларымен .
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат); 
      2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі