"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 N 45 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.17 N 322; 2009.02.19 N 189; 2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.08.27 N 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 45 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Ереже алып тасталды - 2012.01.13 N 45 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
ережесi
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды", "олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау", "олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға", "олардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлауды", "оларды біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан", "біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сөздер тиісінше "қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды", "қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру", "қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға", "қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан", 16-тармақтың екінші абзацынан басқа, "жұмыссыздарды", "жұмыссыздардың", "жұмыссыздар", "жұмыссыз" деген сөздер тиісінше "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ жұмыссыз" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.19. N 189 Қаулысымен.
Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыру тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды;
2) егер табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсiптерi (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды қамтиды;
3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды.
Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19 N 189; 2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
2. Кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсiби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетедi және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жiберудi жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19. N 189 Қаулысымен.
4. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.
5. Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттыруды жүргiзу үшiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу кезiнде:
1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қоятын талаптарына сәйкестiгiн;
3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.
6. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органдар жiберетiн табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
7. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жiберу, егер өздерiнде қажеттi кәсiби бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандармен және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адаммен, сондай-ақ жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19. N 189 Қаулысымен.
8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен өтуге құқығы бар.
9. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.
10. Ұйымдар табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды:
- дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
- үлгермеген;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
- заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.
11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады.
12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген (өтініш берген) күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19. N 189 Қаулысымен.
13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.
14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.
3. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды
қаржыландыру
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
15. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссызды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі.
Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған қаражат көздейді.
16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19 N 189; 2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
4. Бақылау және есептілік
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептілікті жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесi
Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.
3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.
4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келiсiмiмен жiбередi.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.
7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.
8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiледi.
9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.
11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын орталық атқарушы органдар жұмыстар мен қызметтер көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады.
Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап етпейтiн жұмыстардың көлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын мiндеттi түрде көрсетедi.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетедi.
Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың санын көрсете отырып, жасалған шарттар туралы хабарлайды.
Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға қажеттiлiк туралы мәлiметтердi жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды мердiгерге конкурсты ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында көрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi.
12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу
13. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырады.
14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.
16. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы
төлеу
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.
5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
тәртiбiн бақылау
21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептiлiк
22. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2) статистика жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердi жүргiзедi;
3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде есептiлiктi ұсынады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Ескерту. Қаулы Қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.27 N 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы нысаналы топтарға арналған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 N 378 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді және қажеттігіне қарай оны жаңартып отырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкілетті органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді.
9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) жіберілетін азаматтар уәкілетті органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуға тиіс, сондай-ақ еңбекпен оңалтуға мұқтаж ретінде мүгедектер қатарындағы азаматтар;
2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына он екі айлық кезеңде бір рет қана орналаса алады және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
14. Уәкілетті орган ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударуды жүргізеді.
15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________
Өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын
адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс
орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с |
Қандай кәсiпке қабылдау жоспарланып отыр |
Жұмыс орындарының жоспарланған |
Жұмыстардың |
Айлық жалақы мөлшерi, теңге |
Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге |
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________с (қ.) 201__жылғы "__"_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры)
______________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және ____________________________________________________атынан
(жұмыс берушінің атауы)
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және _______________ауданы (қаласы) әкімдігінің 201___ жылғы «___» № __________ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы________________________________________
(жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге
_____________________________________ адамды жіберуге;
(саны жазбаша)
2) жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен нақты орындаған жұмыс уақытына, алайда бір адамға жұмыс істеген толық айына ________________________________________________________
(сома жазбаша)
теңгеден асырмай жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с № |
Қандай |
Саны |
Жұмыстардың |
Айлық жалақы |
Өтемақының жоспарлы |
2) азаматтармен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан міндетті зейнетақы аударымдарын жүргізуге, салықтардың барлық түрлерін және әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарды ұстап қалуды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға;
5) әрбір азаматқа жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
7) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
9) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
11) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тапсырыс беруші Жұмыс беруші
______________________ ауданының ______________________
(қаласының) уәкілетті органы ______________________
(халықты жұмыспен қамту орталығы) ______________________
________________________________ ______________________
мекенжайы: _____________________ ______________________
________________________________ ______________________
ЖСК ЖСК
БСК БСК
БСН (ЖСН) БСН (ЖСН)
Коды коды
________________________________ ______________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
3-қосымша
____________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с № |
Т.А.Ә. (толық) |
Жекекуәлігінің №, |
Туған |
Еңбек |
Шарт |
Айдағы |
Нақты |
Есептелгенжалақының |
Зейнетақы |
Бюджеттенөтемақытөленуге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
||||||||||
4 |
||||||||||
Жиыны: |
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Ескерту. Қаулы Қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.27 N 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағида).
2. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс;
5) жолдама беру сәтінде жолданатын азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 N 378 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді және қажеттігіне қарай оны жаңартып отырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жіберу
8. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жастар практикасынан өту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жібереді.
9. Түлектер жастар практикасына он екі ай кезеңінде бір рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
12. Жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пікір (ұсыным хат) береді.
4. Жастар практикасын қаржыландыру
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен қаражат беруді қамтиды.
14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті органдар жүзеге асырады.
15. Уәкілетті орган жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеуді ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________
Өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын
адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с |
Кәсібі (мамандығы) |
Талап етілетін білім деңгейі |
Жұмыс орындарының жоспарланған саны |
Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (айлар) |
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидасына
2-қосымша
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
____________ с. (қ.) 201__ жылғы «___»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _________________________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) _________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және _______________________________________________________атынан
(жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ ауданы (қаласы) әкімдігінің 201__ жылғы «__» _______ №_____ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Бастауыш, орта, ортадан кейінгі және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін оларды алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________
(жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге_________________________________адамды жіберуге;
(саны жазбаша)
2) жастар практикасына қатысушыларға жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын шегере отырып, толық жұмыс істеген айы үшін нақты орындаған жұмыс уақытына _____________________________ теңге есебімен жалақы
(сома жазбаша)
төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшін мынадай жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с № |
Кәсібі (мамандығы) |
білімі |
Жастар |
Айлық |
2) жұмыссыз азаматтармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасауға;
3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
5) жұмыссыздың әрқайсысына жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен ақысы төленетін жыл сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеуді жасалған еңбек шарттары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тапсырыс беруші Жұмыс беруші
______________________ ауданының ______________________
(қаласының) уәкілетті органы ______________________
(халықты жұмыспен қамту орталығы) ______________________
________________________________ ______________________
мекенжайы: _____________________ ______________________
________________________________ ______________________
ЖСК ЖСК
БСК БСК
БСН (ЖСН) БСН (ЖСН)
Коды коды
________________________________ ______________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша
_______________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Т.А.Ә. |
Жеке куәлігінің №, берілген күні |
Туған күні |
ЖСН |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
||||
2 |
||||
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс күндерінің саны |
Нақты жұмыс істеген күндер |
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге |
Қызмет көрсетуші банк |
20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының № |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Басшы ______________________
Бас бухгалтер ______________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат; N 17, 171-құжат; N 28, 269-құжат).
2. "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат; N 19, 203-құжат).
3. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 279-құжат; N 55, 610-құжат).
4. "Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 172-құжат).