"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің және жұмыс берушілерге рұқсат берудің ережесі;
2) Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.
4. "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі N 862
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртібi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.20. N 55 қаулысымен.
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Pecпубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Халықты жұмыспен қамту туралы ", 1997 жылғы 13 желтоқсандағы " Халықтың көшi-қоны туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесiн және жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
1) шетелдiк жұмыс күшi - республика аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс беруші жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейтiн республиканың экономикалық белсендi халқының санын пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінің үлесi;
3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын жеке немесе заңды тұлға;
4) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - орталық атқарушы орган жұмыс берушiге беретін, Қазақстан Республикасына квота шегінде тарту үшiн шетелдiк жұмыс күшінің санын анықтайтын белгiленген нысандағы құжат;
5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестіретiн мемлекеттiк орган;
6) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi орган - аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергіліктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрі - уәкілеттi орган).
3. Осы Ереженің әрекетi:
1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдiктерiнің бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
2) бір күнтізбелік жыл iшiнде мерзiмiнің жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын iссапардағы;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ақшалай баламалы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестициялар сомасына келiсiм-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi және қызметтiң басымдықты түрлерінде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтін;
4) банк сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының бiрiншi басшылары мен бас менеджерлерi болып жұмыс iстейтiн;
5) Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкілдiктер мен халықаралық ұйымдардың құрамына енеді;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары, радио мен теледидар өкілдерi болып табылатын;
7) Қазақстан Республикасында тiркелген қайырымдылық және iзгілік ұйымдарда жұмыс iстейтiн;
8) шетелдік ұйымдарға тиесілі теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiгi экипаждарының мүшелерi болып табылатын;
9) тиiстi орталық атқарушы органдармен келiсiм-шарттар бойынша әртiстер мен спортшылар болып жұмыс iстейтін;
10) жеке кәсіпкерлер болып табылатын;
11) Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар;
12) босқын мәртебесi бар немесе Қазақстан Республикасының аумағында ресми саяси баспана алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2-тарау. Квота белгілеу тәртiбi
4. Жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгi мерзімде жұмыс берушiлер өтінiштерiнің негiзінде орталық атқарушы орган белгiлеген нысан бойынша жұмыс берушiнiң алдағы жылға арналған шетелдiк жұмыс күшiн тартуының негiздемесін орталық атқарушы органға ұсынады.
5. Мүдделi орталық атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу жөніндегi ұсыныстарын орталық атқарушы органға ұсынуға құқылы.
6. Орталық атқарушы орган жергiлiктi атқарушы органдардың және мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсыныстары негiзiнде жыл сайын бiрiншi желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, алдағы жылға арналған квотаны белгілеу туралы нормативтiк құқықтық кесiмнің жобасын енгiзедi.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлейдi.
8. Бос жұмыс орындарының болуы мен уәкілеттi органдарда жұмыс күшiне деген сұранысты iшкi еңбек рыногы есебiнен қанағаттандыру мүмкіндiгінiң болмауы рұқсат беру шарттары болып табылады.
9. Орталық атқарушы орган рұқсат берген кезде iшкi еңбек рыногында тиiстi ұсыныстар болған кезде тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнің санын жекелеген кәсiптер мен бiліктіліктер бойынша шектей алады.
10. Жұмыс берушi iшкi еңбек рыногында қызметкерлер iздестiрудi:
1) бос жұмыс орындары (бoc лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшінде бұл туралы мәлiметті уәкiлеттi органға жiберу;
2) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, орталық атқарушы орган белгiлейтiн мерзiмді басылымдарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде уәкілетті органға өтiнiш беруден кемiнде бiр ай және үш айдан аспайтын мерзiмдерде бос орындар туралы хабарландыру жариялау жолымен жүзеге асырады.
11. Орталық атқарушы орган жұмыс берушіге, iшкi еңбек рыногында, оның iшінде орталық атқарушы органның web. сайты арқылы еңбек рыногының республикалық дерекқорында қызметкерлер iздестiрудi ұлғайту мүмкіндігiн ұсына алады.
12. Шетелдiк азаматтардың мынадай санаттары:
1) шетелдік банк ұйымдары құрылымдық бөлiмшелерінiң басшылары болып табылатындар;
2) бiр мезгілде ұйымдардың құрылтайшылары және бiрiншi басшылары болып табылатындар;
3) Еңбек көшi-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекшi- көшiп келушiлердi әлеуметтік қорғау туралы келiсімдерінің ережелерiне сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарында iстейтiндер iшкi еңбек рыногындағы iздестiрудi жүзеге асырмайды.
13. Орталық атқарушы орган рұқсат берген кезде жұмыс берушiге мынадай рұқсат санаттарына сәйкес ерекше шарттарды орындауды жүктейдi:
1) бiріншi санат үшiн - жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар қазақстандық мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру;
2) екiншi санат үшiн - шетелдiк азаматтарды алмастыру үшiн жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар қазақстандық мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
3) үшiншi санат үшiн - шетелдiк азаматтарды алмастыру үшiн қазақстандық мамандарды даярлау, қазақстандық азаматтар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру.
14. Жұмыс берушi рұқсат алу үшін тиiстi уәкілеттi органға немесе орталық атқарушы органға жүгiнедi.
15. Жұмыс берушi:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша қаржы секторындағы;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметімен Өнiм бөлу туралы келiсiм мен басқа да шарттар жасасқан, құзыретiне инвестицияларды реттеу мен жер қойнауын пайдалану мәселелерi кiретін ұйымдардағы жұмыс үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартқан жағдайда тiкелей орталық атқарушы органға жүгінеді.
16. Жұмыс берушi рұқсат алу үшiн мынадай құжаттарды:
1) тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнің санын, санатын және кәсiптер мен лауазымдардың атауын көрсете отырып, рұқсат беруге мемлекеттік немесе орыс тілдерінде орталық атқарушы орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiштi;
2) iшкi еңбек рыногында қызметкерлер iздестiру жөнiнде жүргiзiлген жұмыстың растамасы мен өтiнiш берген қазақстандық азаматтардың арасында талап етiлетін мамандардың болмауының дәлелiн:
өтiнiш берген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде уәкiлеттi орган азаматтарының аймақтық дерекқорынан бос лауазымдар бойынша ұсыныстар бар екендігі туралы анықтаманы;
лауазымға қойылатын негiзгi бiлiктiлiк талаптарын көрсете отырып, бос орындар туралы хабарландыруы бар мерзiмді басылымның түпнұсқасын;
3) лауазымға (мамандыққа) қойылатын кәсiби даярлық деңгейi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне растама мен бейiнi бойынша жұмыс стажына қойылатын талаптар, сондай-ақ шетел тілдерiн білу, қазiргi заманғы технологияларды қолдану ерекше машықтары мен дағдыларының болуы;
4) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi санының негiздемесiн;
5) жұмыс берушінің бос лауазымға қазақстандық азаматтарға уәждемелi бас тартуын ұсынады.
17. Уәкілеттi орган ұсынылған құжаттар негiзінде олар берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшінде еңбек рыногындағы қажеттiлiкті ескере отырып, шетелдік жұмыс күшiнiң талап етiлетiн санын тартудың орындылығы туралы оң немесе терiс қорытынды шығарады және осы қорытындыны ұсынылған құжаттармен бiрге орталық атқарушы органға жiбередi.
18. Уәкiлеттi орган терiс қорытындыны iшкi еңбек рыногында мамандарды iздестiру жөнiнде шаралар қабылданбаған және осы Ереженiң 16-тармағында көзделген құжаттар толық және тиiсiнше көлемде ұсынылмаған жағдайларда бередi.
19. Орталық атқарушы орган:
1) уәкілетті органның қорытындысы негізiнде уәкілеттi органнан құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшінде рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
2) уәкілеттi органды және жұмыс берушi бес жұмыс күнi ішінде қабылдаған шешiм туралы, рұқсат берілмеген жағдайда, себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етедi.
20. Жұмыс берушіге рұқсат беруді орталық атқарушы оpган жүргiзедi.
Рұқсат пен өтiнiштiң нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
21. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат үш санатқа бөлiнедi:
1) бiрiншi санат - ұйымның басшы құрамын тартуға;
2) екiнші санат - белгіленген тәртіппен расталған құжаттармен жоғары және арнаулы opтa бiлiмi бар мамандарды тартуға;
3) үшiншi санат - біліктi жұмыскерлердi тартуға.
22. Рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды. Берiлген рұқсат негiзiнде тартылатын шетелдiк жұмыс күшi басқа жұмыс берушiге жұмысқа қабылдана алмайды.
23. Жұмыс берушi рұқсатты орталық атқарушы органда оны беру туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзімде алуға міндетті.
5-тарау. Рұқсат беруден бас тарту
24. Рұқсат беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) мамандарды iшкi еңбек рыногында iздестiру жөнiнде шаралар қабылданбаса және осы Ереженің 16-тармағына сәйкес көзделген құжаттар толық және тиiсiнше ресімделмесе;
2) белгіленген квотадан асып кеткенде.
6-тарау. Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдер куәландыру тәртiбi
25. Жұмыс беруші рұқсаты болған кезде шетелдiк қызметкерлермен осы Ереженің шарттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке еңбек шарттарын жасасады.
26. Жұмыс беруші рұқсат негiзiнде бір айдан аспайтын мерзiмде тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн жасайды және оларды уәкiлеттi органға ұсынады. Жұмыс беруші тiзiммен бiрге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған жеке еңбек шартының көшiрмесiн бередi.
27. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнің тiзімдерiн жұмыс беруші тегiн, атын және әкесiнің атын, туған күнi мен жылын, азаматтығын, шығатын елiн, мамандығы мен білiмiн, Қазақстан Республикасында қолданылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің 1996 жылғы 7 қаңтардағы N 171-б/5, 1997 жылғы 4 қыркүйектегi N 146-б, 1997 жылғы 22 қазандағы N 181-б және 1998 жылғы 16 шілдедегi N 148-б бұйрықтарымен бекiтiлген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнің бiрыңғай тарифтiк-бiліктілiк анықтамалығына, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес кәсiптер мен лауазымдардың атауын көрсете отырып бес данада жасайды.
28. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнің тiзiмiне:
1) рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
2) білiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары;
3) АҚТҚ-ға тексерiлген халықаралық үлгiдегi медициналық анықтамалар;
4) қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын жұмыс беруші куәландырылған құжаттар қоса берiледi.
29. Уәкілеттік орган рұқсаттың мерзiмi өткеннен кейiн шетелдiк жұмыс күшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкетуге кепілдiк беретiн құжаттар болған кезде, құжаттардың осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарағаннан кейiн, олар берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшінде жұмыс берушi ұсынған тiзімдердi куәландырады.
30. Шетелдiк қызметкермен жеке еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда, уәкiлеттi орган жұмыс берушi қолданыстағы рұқсатқа берген сол санаттар мен бiлiктiлiктер бойынша тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнің өзгертілген тiзiмiн куәландырады.
31. Уәкiлеттi орган куәландырған күннен бастап үш жұмыс күнi iшінде олар куәландырған тiзімдердi орталық атқарушы органға, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің аумақтық органдарына ұсынады.
32. Тiзімдердi куәландырудан бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) құжаттарды осы Ереженің 26, 27 және 28-тармақтарына сәйкес толық және тиiсiнше ұсынбағанда;
2) тартылатын шетелдік жұмыс күшi талап етілетiн санат пен бiлiктiлiкке сәйкес болмағанда.
33. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiне жұмыс берушіде рұқсат (рұқсатқа уәкілеттi орган куәландырған тiзiмдер қоса беріледi) болған кезде визалық қолдау жүзеге асырылады.
34. Жұмыс берушi рұқсаттың мерзімі өткеннен кейін шетелдік жұмыс күшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкетудi қамтамасыз етедi.
7-тарау. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту
35. Жұмыс берушiге рұқсаттың мерзiмiн ұзартуды орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылу мерзiмi өткен жағдайларда Қазақстан Республикасы белгiлеген квота шегінде жүзеге асырады.
Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту бiрiншi санат үшiн екi рет, екiншi санат үшін бip рет жүзеге acырылады.
36. Рұқсатты ұзарту үшiн жұмыс берушi уәкiлетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтiніштi;
2) рұқсаттың түпнұсқасын;
3) уәкiлеттi орган куәландырған шетелдiк жұмыс күшінiң тiзiмдерiн;
4) рұқсат мерзiмiн ұзарту үшін шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн;
5) бұрын берiлген рұқсаттың ерекше шарттарының орындалуын;
6) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесiн жiбередi.
37. Уәкiлетті орган ұсынылған құжаттар негiзінде құжаттар берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшінде еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ecкepe отырып, рұқсаттың мерзiмiн ұзартудың орындылығы туралы қорытынды шығарады және бұл қорытындыны ұсынылған құжаттармен бiрге орталық атқарушы органға жiбередi.
38. Орталық атқарушы орган уәкiлеттi органның қорытындысы негiзінде құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшінде рұқсаттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды және уәкілеттi орган мен жұмыс берушiге қабылданған шешiм туралы бес жұмыс күнi iшінде бас тартқан жағдайда себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.
39. Жұмыс берушi орталық атқарушы органнан Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квотаға сәйкес берiлетін рұқсат алады.
40. Ұзартылған рұқсат бойынша тiзiмді куәландыру осы Ереженің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу
41. Орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға немесе міндеттi түрде себебiн көрсете отырып қайтарып алуға құқылы.
42. Рұқсатты тоқтата тұру жұмыс берушiнің осы Ережеде көзделген рұқсат берудiң ерекше шарттарын бұзуына немесе орындалуына байланысты жүргiзілуі мүмкiн.
43. Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы орталық атқарушы органның шешiмi бойынша анықталған тәртiп бұзушылықтар жойылғаннан кейiн қайта жаңартылады, жаңартылу туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшінде жұмыс берушіге бұл туралы жазбаша түрде хабарланады.
44. Орталық атқарушы органның рұқсатты қайтарып алуы орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда жүргiзіледi.
9-тарау. Есеп беру және осы Ереже мен рұқсат шарттарының орындалуын бақылау
45. Жұмыс берушi тоқсан сайын рұқсат алғаннан кейiн уәкілетті органға шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы және осы Ереженің 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады.
46. Уәкілеттi орган орталық атқарушы органға шетелдiк жұмыс күшiн тapту, жұмыс берушiнің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнiнде есеп бередi. Есептiң нысаны мен мерзімдерiн орталық атқарушы орган белгiлейдi.
47. Осы Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары жүзеге асырады.
48. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн
арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен
қаржыландырудың ережесi
Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн айқындайды.
1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау:
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды (бастапқы кәсiби бiлiм беру);
2) жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды (қосымша бiлiм беру);
3) егер жұмыссыздарға кәсiптерi (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Z010149_
, "Білім беру туралы"
Z990389_
Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың
біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
ұйымдастыру мен жүргiзу
3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жұмыссыздарға кәсiби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетедi және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберудi жүзеге асырады.
4. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.
5. Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлаудан, олардың бiлiктілiгiн арттырудан және қайта даярлауды жүргiзу үшiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу кезiнде:
1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға қоятын талаптарына сәйкестiгiн;
3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.
6. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органдар жiберетiн жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
7. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберу, егер өздерiнде қажеттi кәсiби бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін жұмыссыздардың кәсiби даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен өтуге құқығы бар.
9. Жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың, олардың бiлiктiлiгiн арттырудың және қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.
10. Ұйымдар жұмыссыздарды:
- дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
- үлгермеген;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
- заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.
11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады.
12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.
13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.
14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.
3. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың
біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
қаржыландыру
15. Жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыссызды кәсiби даярлау, олардың бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі.
Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражат көздейді.
16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
мен қаржыландырудың ережесi
Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн белгiлейдi.
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.
3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.
4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келiсiмiмен жiбередi.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.
7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.
8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiледi.
9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.
11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын орталық атқарушы органдар жұмыстар мен қызметтер көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады.
Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап етпейтiн жұмыстардың көлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын мiндеттi түрде көрсетедi.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетедi.
Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың санын көрсете отырып, жасалған шарттар туралы хабарлайды.
Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға қажеттiлiк туралы мәлiметтердi жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды мердiгерге конкурсты ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында көрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi.
12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу
13. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырады.
14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.
16. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға
еңбекақы төлеу
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.
5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
тәртiбiн бақылау
21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және
есептiлiк
22. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2) статистика жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептердi жүргiзедi;
3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде статистикалық есептiлiктi ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат; N 17, 171-құжат; N 28, 269-құжат).
2. "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат; N 19, 203-құжат).
3. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 279-құжат; N 55, 610-құжат).
4. "Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 172-құжат).