"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 маусым N 836

Қолданыстағы
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Z010149_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің және жұмыс берушілерге рұқсат берудің ережесі;
      2) Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
      3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
      1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
      2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.
      4. "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі N 862 P990862_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999

ж., N 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
     5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2001 жылғы 19 маусымдағы
                                               N 836 қаулысымен
                                                  бекітілген

      Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квотаны
             белгiлеудiң және жұмыс берушілерге рұқсат берудiң
                                   ережесi

                             1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:


      1) еңбек ресурстарының теңгерімi - жұмыспен қамту түрлерi бойынша бар еңбек ресурстарын және олардың бөлінуін сипаттайтын еңбек статистикасының ресми деректерi;
      2) шетелдік жұмыс күші - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жалдайтын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
      3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi еңбек ресурстарының теңгерiмiне сәйкес жыл сайын белгілейтін экономикалық белсенді халыққа қарағанда шетелдік жұмыс күшінің пайызға шаққандағы үлесі;
      4) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат - белгiленген квота шегiнде Қазақстан Республикасына әкелу үшiн шетелдiк жұмыс күшінің санын анықтайтын орталық атқарушы орган жұмыс берушiге беретiн құжат.

           2. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгілеу тәртібі

      2. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде орталық атқарушы орган белгілеген нысанда жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға ұсынады.
      3. Орталық атқарушы орган жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне алдағы жылға арналған квотаны белгілеу туралы нормативтік құқықтық кесімнің жобасын енгізеді.

              3. Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға
                       рұқсат беру шарттары мен тәртібі

      4. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты (бұдан әрі - рұқсат) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде берілетін, орталық атқарушы органнан алады.
      5. Жұмыс беруші тиісті санаттағы және біліктіліктегі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты болған ретте осы Ереженің шарттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен жеке еңбек шарттарын жасасады.
      6. Орталық атқарушы орган рұқсаттарды беру кезінде осы Ереженің шарттарын басшылыққа алады.
      7. Рұқсаттың болуы мынадай шетелдік азаматтар үшін талап етілмейді:
      1) шетелдік заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшылары (басқарушылары) болып жұмыс істейтіндерден;
      2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүргендерден.
      8. Орталық атқарушы орган ішкі еңбек рыногында тиісті ұсыныстар болған ретте тартылатын шетелдік азаматтар санын жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша шектей алады.
      9. Жұмыс беруші ішкі еңбек рыногында қызметкерлерді іздестіру бойынша мынадай шараларды жүзеге асыруға (рұқсат алу үшін өтініш жасардан кемінде бір ай бұрын) міндетті:
      1) бос жұмыс (бос лауазым) орындары пайда болған күннен бастап үш күн ішінде олар туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберуге;
      2) бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды мемлекеттік тілде және орыс тілінде орталық атқарушы орган белгілейтін мерзімді басылымдарда жариялауға.
      10. Орталық атқарушы орган жұмыс берушіге ішкі еңбек рыногында қызметкерлерді іздестіру мерзімін, егер оның қызметінде жаңа технологияларды енгізу, инвестициялау, қазақстандық кадрларды кәсіби даярлау көзделмеген болса, бір айға дейін соза алады.
      11. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат үш санатқа бөлінеді:
      1) бірінші санат - ұйымдардың басшы құрамын тартуға;
      2) екінші санат - белгіленген тәртіпте құжаттармен расталған жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды және жеке кәсіпкерлерді тартуға;
      3) үшінші санат - білікті жұмысшыларды тартуға.
      12. Орталық атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттардың санаттарына сәйкес оларды берудiң қосымша шарттарын белгiлей алады:
      бiрiншi санат үшiн - шетелдiк азаматтардың рұқсат мерзiмi бiткенге дейiн оларды алмастыру үшiн жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар қазақстандық мамандарды қайта даярлау, даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      екiншi санат үшiн - шетелдiк азаматтарды алмастыру үшiн қазақстандық мамандарды даярлау, қазақстандық және шетелдiк жұмыс күшiнiң арасалмағын белгiлеу, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға қызметкерлерге мұқтаждық туралы үнемi тапсырыстар берiп отыру;
      үшiншi санат үшiн - шетелдiк азаматтарды осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде алмастыру үшiн қазақстандық мамандарды даярлау, қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға қызметкерлерге мұқтаждық туралы үнемi тапсырыстар берiп отыру.
      13. Жұмыс берушi өзi күнтiзбелiк жылға арнап бекiтетiн кадрларды даярлау бағдарламасына сәйкес қазақстандық қызметкерлердi кәсiби оқытуды және қайта даярлауды жүзеге асыруға және оқу аяқталған соң олардың бiлiктiлiгiн растайтын сертификаттар беруге тиiс.
      14. Жұмыс берушi көрсетiлген облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн тиiстi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға мыналарды жiбередi:
      1) тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын, санатын, кәсiбiн және бiлiктiлiгiн көрсете отырып, рұқсаттар алу үшiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде өтiнiш;
      2) iшкi еңбек рыногында қызметкерлердi iздестiру жөнiнде жүргiзiлген жұмысты растау қағазы және талап етiлетiн мамандардың өтiнiш берген қазақстандық азаматтар арасында жоқ екендiгiне айғақтама (тиiстi ақпарат);
      3) шет тiлдерiн бiлу, шетелде жұмыс iстеген тәжiрибесiнiң болуы, осы заманғы технологияларды лауазымдық мiндеттерiне пайдалана алатындығы жөнiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растау қағазы.
      15. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың негiзiнде 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қажеттiлiк туралы экономикалық негiзделген талдауды ескере отырып, талап етiлетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң санын тартудың орындылығы туралы қорытынды шығарады және оны ұсынылған құжаттармен бiрге орталық атқарушы органға жiбередi.
      16. Орталық атқарушы орган жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негiзiнде 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды және оң шешiлген жағдайда, жұмыс берушiге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты санатын, бiлiктiлiгiн, аумағын және қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, белгiленген саны шегiнде бередi.
      Рұқсат пен өтiнiш нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
      17. Рұқсат беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) құжаттарды осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес толық және тиiсiнше ұсынбағанда;
      2) осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес мамандарды iшкi еңбек рыногында iздестiру жөнiнде шаралар қабылдамағанда;
      3) алдыңғы рұқсаттардың осы Ереженiң 12 және 13-тармақтарына сәйкес талаптарын орындамағанда;
      4) квота шегiне жеткенде.
      18. Жұмыс берушi орталық атқарушы орган берген рұқсаттың негiзiнде әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiн жасайды және оларды жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
      Әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiн жұмыс берушi бес дана етiп жасайды және оны тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жылын, шығатын елiнiң азаматтығын, мамандығы мен бiлiмiн, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына немесе кәсiптер жiктеуiшiне сәйкес лауазымын көрсете отырып куәландырады.
      Жұмыс берушi әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң талап етілетiн санат пен бiлiктiлiкке сәйкестiгi және жасалған жеке еңбек шартының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы ақпаратты тiзiммен бiрге ұсынады.
      Жұмыс берушi ұсынылған ақпарат үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      19. Әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiне мыналар қоса берiледi:
      1) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берілген рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      3) АҚТҚ-ға зерттеудiң халықаралық үлгiдегi медициналық анықтамалары;
      4) кәсiбi бойынша жұмыс өтiлiн растайтын құжаттар.
      20. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттардың осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарағаннан кейiн бес күннен аспайтын мерзiмде жұмыс берушi ұсынған тiзiмдi куәландырады.
      21. Тiзiмдердi куәландырудан бас тарту мына жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) құжаттарды осы Ереженiң 18, 19-тармақтарына сәйкес толық және тиiсiнше тапсырмағанда;
      2) әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшi талап етiлетiн санаттар мен білiктiлiкке сай келмегенде.
      22. Әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшi үшiн рұқсатнамалық қолдау жұмыс берушiде уәкiлеттi орган куәландырған тiзiм болған ретте ғана жүзеге асырылады.
      23. Жұмыс берушi рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiткен соң шетелдiк жұмыс күшiн тұрақты тұратын жерiне жеткiзуге кепiлдiк бередi.
      Рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiткен соң шетелдiк жұмыс күшiн тұрақты тұратын жерiне жеткiзу тәртiбiн орталық атқарушы орган белгiлейдi.
      24. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган жұмыс берушiнiң тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiн шетелдiк жұмыс күшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тұрақты тұратын жерiне жеткiзуге кепiлдiк беретiн құжаттарды ұсынған ретте куәландырады.
      25. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган өзi куәландырған тiзiмдердi ай сайын орталық атқарушы органға, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады.

                 4. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу

      26. Орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға немесе себебiн көрсете отырып, шешiмдi қайтарып алуға құқылы.
      27. Рұқсатты қайтарып алу немесе тоқтата тұру жұмыс берушi рұқсат

беру шарттарын бұзуына немесе орындамауына байланысты жүргiзілуi мүмкiн.
     28. Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы анықталған жолсыздықтар 
жойылғаннан кейiн орталық атқарушы органның шешiмiмен қайта жалғасады, 
жұмыс берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарланады.
     29. Орталық атқарушы орган рұқсатты қайтарып алуды мынадай 
жағдайларда жүргiзедi:
     1) жұмыс берушiнiң рұқсат беру шарттарында көрсетiлген талаптарды 
орындамауы;
     2) орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған 
себептердiң жойылмауы.

          5. Жұмыс берушiнiң осы Рұқсат беру ережесi мен шарттарын
                    орындауына есептiлiгi және оны бақылау

     30. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыс 
берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшін тартуы, қазақстандық кадрларды даярлауы, 
жұмыс берушiлердiң рұқсат шарттарын орындауы жөнiнде орталық атқарушы 
органға есеп берiп отырады.
     Есеп беру нысаны мен мерзiмдерiн орталық атқарушы орган белгiлейдi.
     31. Осы Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган 
мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
     32. Жұмыс берушi орталық атқарушы орган мен жұмыспен қамту мәселелерi 
жөнiндегi уәкiлеттi органды рұқсат шарттарының орындалу барысы туралы 
тоқсан сайын хабардар етiп отырады.

                            6. Жауаптылық

     33. Рұқсат алмастан шетелдік жұмыс күшiн тартқаны үшiн жұмыс берушi 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа 
тартуға жатады.
     34. Жұмыс берушi жолсыздық байқалған күннен бастап он күнтiзбелiк күн 
iшiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жойғаны немесе 
жою жөнiнде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуға мiндеттi.
     35. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жауаптылыққа соқтырады.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                           2001 жылғы 19 маусымдағы
                                               N 836 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

                 Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн
                арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен
                            қаржыландырудың ережесi

     Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар 
кәсіпорындарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін 
арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн 
айқындайды.

                            1. Жалпы ережелер



      1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған.
      2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау:
      1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды (бастапқы кәсiби бiлiм беру);
      2) жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды (қосымша бiлiм беру);
      3) егер жұмыссыздарға кәсiптерi (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
      Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы" Z010149_ , "Білім беру туралы" Z990389_ Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.

            2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың біліктілігін
             арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүргiзу

      3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жұмыссыздарға кәсiби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетедi және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберудi жүзеге асырады.
      4. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.
      5. Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлаудан, олардың бiлiктілiгiн арттырудан және қайта даярлауды жүргiзу үшiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу кезiнде:
      1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
      2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға қоятын талаптарына сәйкестiгiн;
      3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
      4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.
      6. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органдар жiберетiн жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
      7. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберу, егер өздерiнде қажеттi кәсiби бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
      8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

сәйкес мақсатты топтарға енетін жұмыссыздардың кәсiби даярлаудан, 
бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен өтуге құқығы 
бар.
     9. Жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың, олардың бiлiктiлiгiн арттырудың 
және қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері 
шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
     1) жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу 
кезінде - алты айдан;
     2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.
     10. Ұйымдар жұмыссыздарды:
     - дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
     - үлгермеген;
     - оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
     - заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан 
шығаруға құқылы.


      11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады.
      12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.
      13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.
      14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.

            3. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың біліктілігін
                  арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру

      15. Жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
      Жұмыссызды кәсiби даярлау, олардың бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі.
      Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражат көздейді.
      16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
      Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.

                       4. Бақылау және есептілік

      17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
      18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды

ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
     1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға 
жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
     2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық 
статистикалық есептілікті жүргізеді;
     3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды 
және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті 
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                           2001 жылғы 19 маусымдағы
                                               N 836 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
     
                    Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
                      мен қаржыландырудың ережесi

     Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен 
қаржыландырудың тәртiбiн белгiлейдi.

                           1. Жалпы ережелер



      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.
      3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.
      4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
      5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келiсiмiмен жiбередi.

                    2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.
      7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.
      8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:
      қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
      қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiледi.
      9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
      10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
      1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
      3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;
      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;
      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.
      11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын орталық атқарушы органдар жұмыстар мен қызметтер көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады.
      Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
      Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi.
      Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап етпейтiн жұмыстардың көлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын мiндеттi түрде көрсетедi.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетедi.
      Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың санын көрсете отырып, жасалған шарттар туралы хабарлайды.
      Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға қажеттiлiк туралы мәлiметтердi жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi.
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды мердiгерге конкурсты ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында көрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi.
      12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi.

               3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу

      13. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырады.
      14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту

мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк 
тәртiбiмен жүзеге асырады.
     15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға 
басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.
     16. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында 
еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
     17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше 
тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi 
органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана 
қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

               4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға
                                 еңбекақы төлеу

     18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке 
еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне 
байланысты болады.
     19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген 
жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.
     20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа 
жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан 
келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып 
жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

             5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
                                  тәртiбiн бақылау

     21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн 
бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге 
асырады.

            6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептiлiк

     22. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды 
ұйымдастырған кезде:
     1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге 
асырады;
     2) статистика жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша 
қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық 
статистикалық есептердi жүргiзедi;
     3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық 
атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде статистикалық 
есептiлiктi ұсынады.
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                           2001 жылғы 19 маусымдағы
                                               N 836 қаулысына
                                                     қосымша
     
           Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
                   кейбір шешімдерінің тізбесі
     


      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 P981242_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат; N 17, 171-құжат; N 28, 269-құжат).
      2. "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 P990836_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат; N 19, 203-құжат).
      3. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін

ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855  

P990855_

  қаулысы 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 279-құжат; N 55, 
610-құжат).
     4. "Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 444  

P000444_

  
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 172-құжат).
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.