"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 19 маусым N 836

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсаттар беру шарттары мен тәртiбi; 
      2) Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі; 
      3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.17. N  322   қаулысымен.  

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде: 
      1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін; 
      2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.

      4. "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі N 862  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.

     5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2001 жылғы 19 маусымдағы    
N 836 қаулысымен       
бекітілген           

   Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібi

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.17. N  322   қаулысымен.       

        1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеудiң және бөлудiң тәртiбiн, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiн белгілейдi.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
      1) шетелдiк жұмыс күшi (шетелдiк қызметкерлер) - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейтiн, республиканың экономикалық белсендi халқының санына пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінiң үлесi;
      3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      4) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - уәкілеттi орган жұмыс берушiге беретiн, орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына тарту үшін шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат;
      5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестірушi мемлекеттік орган;
      6) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары;
      7) маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгiлi бiр кезеңнiң (маусымның) iшiнде орындалатын ауыл шаруашылығы жұмыстары.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      3. Осы Ереженiң күшi:
      1) шетелдiк заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының немесе өкілдiктерiнiң бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
      2) мерзiмi бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде жиынтығы 60 күнтiзбелiк күннен аспайтын iссапарда жүрген.
      Уәкiлеттi орган растаған тiзiмге сәйкес шетелдiк азаматтарды Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына 60 күнтiзбелiк күннен астам мерзiмге iссапарға жiберуге, осындай мерзiмге және осындай санда шетелдiк мамандар жiберiлетiн шетелдiк заңды тұлғаға қазақстандық персонал iссапарға жiберiлген жағдайда жол берiледi. Іссапарға жiберу мерзiмi 180 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келiсiм-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiнші басшылары және Қазақстан Республикасының қызметтің басым түрлерiнде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрi инвестициялар жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтін;
      4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
      5) акцияларының кемiнде 50% мемлекетке тиесілi Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдары атқарушы органдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтiн;
      6) дипломатиялық өкiлдiктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консульдық мекемелердiң қызметкерлерi болып табылатын;
      7) қайырымдылық және iзгілiк көмек көрсету мақсатымен келетiн;
      8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi болып табылатын;
      9) шетелдiк ұйымдарға тиесілi теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiгi экипаждарының мүшелері болып табылатын;
      10) әртiстер мен спортшылар болып жұмыс iстейтiн;
      11) жеке кәсіпкерлер болып табылатын;
      12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
      13) босқын мәртебесiн немесе Қазақстан Республикасының аумағында саяси баспана алған;
      14) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, бiрақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға;
      15) оралмандарға қолданылмайды.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.

  2-тарау. Квота белгiлеу тәртiбi

      4. Уәкілетті органдар жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгі мерзiмде iшкi еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілер өтiнiмдерiнiң негiзінде орталық атқарушы органға жұмыс берушiнiң алдағы жылға арналған шетелдiк жұмыс күшiн тарту негiздемесiн орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      5. Мүдделi орталық атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгілеу жөнiндегi ұсыныстарын орталық атқарушы органға енгiзе aлады.
      6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделi орталық атқарушы органдар ұсыныстарының негiзiнде жыл сайын бiрiншi желтоқсанға дейiн алдағы жылға арналған квота белгiлеу туралы нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

  3-тарау. Квота бөлу

      7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкiметi квота белгілеу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн он бес күн iшiнде оны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында еңбек рыногындағы ахуалды және өндiрiстi дамыту және инвестициялық жобаларды, оның iшiнде шетелдiк капиталды қатыстыра отырып iске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдiк технологияларды енгізу үшiн тиiстi облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшiне қажеттілiгiн ескере отырып бөледi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      8. Орталық атқарушы орган бекiтілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шегінде қайта бөлудi жүзеге асыра алады.

  4-тарау. Рұқсат беру шарттары

      9. Уәкілетті орган рұқсатты бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшiне сұранысты iшкi еңбек рыногы есебiнен қанағаттандыруға мүмкiндiк болмаған кезде орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде бередi.
      10. Уәкілетті орган рұқсат беру кезiнде iшкi еңбек рыногында тиiсті ұсыныстар болған кезде тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын шектей aлады.
      11. Iшкi еңбек рыногындағы iздестіру:
      1) шетелдiк банк, сақтандыру ұйымдары құрылымдық бөлiмшелерінiң басшылары;
      2) еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатындар қатарынан шетелдiк жұмыс күшін тарту кезiнде жүзеге асырылмайды.
      12. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат қызметкерлердiң мынадай санаттарына:
      1) бiрiншi санат - ұйымның басшы құрамын тартуға;
      2) екiншi санат - құжаттары белгіленген тәртiппен расталған жоғары және кәсiптік орта білiмi бар мамандарды тартуға;
      3) үшiншi санат - білiктi жұмысшыларды тартуға;
      4) төртiншi санат - еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледi.
      13. Уәкiлеттi орган рұқсаттарды беру кезiнде жұмыс берушiмен алдын ала жасалған жазбаша келiсiм бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенiнiң орындалуын жүктейдi:
      1) шетелдiк жұмыс күшi тартылатын мамандықтар бойынша қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      2) шетелдiк жұмыс күшiн қазақстандық кадрлармен алмастыру;
      3) қазақстандық азаматтар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру.
      Даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жататын қазақстандық азаматтардың, жергiлiктi кадрлармен алмастыруға жататын шетелдiк жұмыс күшiнiң саны, сондай-ақ ерекше шарттардың орындалу мерзiмi рұқсатта көрсетiледi.
      Осы тармақтың шарттары маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына шетелдiк жұмыс күшiн тартатын жұмыс берушiлерге қолданылмайды.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.

  5-тарау. Рұқсат берудiң тәртiбi

      14. Жұмыс берушi рұқсат алу үшiн шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) жекелеген кәсiптер мен біліктілiктер бойынша тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын, санатын көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тiлiнде рұқсат беруге өтiнiштi;
      2) орталық атқарушы орган бекiтетiн Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының білiктiлiк анықтамалығына (БА), Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына (БТБА) сәйкес әр лауазым үшiн белгіленген бiлiктiлiк талаптарын;
      3) шетел тiлiн және халықаралық стандарттарды бiлуi, шетелдегi жұмыс тәжiрибесi қажеттiлiгi негiздемесiн, егер жұмыс берушi оларды осы лауазым мен кәсiп бойынша қосымша белгiлеген болса;
      4) өтiнiш берген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде уәкілетті органның өңiрлiк дерекқорынан бос лауазымдар жөнiнде ұсыныстардың болуы туралы анықтаманы;
      5) лауазымға қойылатын бiлiктілiк талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтінiш бергенге дейiн кемінде бiр ай бұрын және үш айдан аспай жарияланған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілiктi мерзiмдi басылымдардың түпнұсқаларын;
      6) орталық атқарушы органның wеb-сайты арқылы еңбек рыногының республикалық дерекқоры бойынша iздестірудiң нәтижелерiн;
      7) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты;
      8) жұмыс берушiнiң бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген жазбаша нысандағы бас тартуын;
      9) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi санының негiздемесiн ұсынады.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
       14-1. Маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына рұқсат алу үшiн, жұмыс берушi тартылатын шетелдiк жұмыс күшi санының негiздемесi бар, рұқсат беруге арналған мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi өтiнiштi ғана ұсынады.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      15. Уәкілетті орган:
      1) жұмыс берушi ұсынған құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарап, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешiм қабылдайды.
      Комиссия туралы ереженi уәкiлеттi орган орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органның аумақтық органдарының және Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлдерi енгiзiледi. Комиссияның отырысына жұмыс берушiнiң өкiлдерi қатыса алады.
      2) жұмыс берушiнi шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      16. Рұқсаттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
      Жұмыс берушi уәкілетті органда рұқсат беру туралы жазбаша хабарландырылған күннен бастап бiр ай iшiнде рұқсат алуы керек.
      Рұқсат уәкілеттi орган әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тізiмдерiн растаған сәттен бастап қолданылады.
      17. Уәкілетті орган берген рұқсат тиiстi облыстың, Астана және Алматы қаласының аумағында ғана қолданылады және оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды.
      18. Жұмыс берушілердiң шетелдiк жұмыс күшін бiрнеше облыстарда және (немесе) Астана және (немесе) Алматы қалаларында пайдалануы қажет болған жағдайда, уәкілетті орган орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша екi және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана және (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бере алады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      19. Рұқсат мынадай жағдайларда:
      1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесілi ресiмделмесе;
      2) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса;
      3) бөлiнген квотадан асып кетсе берілмейдi.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      20. Жұмыс берушi уәкілеттi органның шешiмiмен келiспеген кезде қабылданған шешiмнiң негізділiгi мәнiне орталық атқарушы органға өтiнiшпен бара алады.
      Орталық атқарушы орган жұмыс берушінiң өтiнiшiн қарайды, уәкілетті органнан сұратып алған қажетті материалдарды зерделейдi және нәтижелерi бойынша қорытындыны тиiстi уәкілеттi органға қарауға жiбередi, бұл туралы жұмыс берушiге хабардар етедi.

  6-тарау. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн растаудың тәртiбi

      21. Жұмыс бepуші рұқсаты болған кезде шетелдiк қызметкерлермен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасады.
      22. Жұмыс берушi рұқсат алған күннен бастап үш айдан кешiктірмей тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн қалыптастырады және оларды уәкілетті органға ұсынады.
      Тiзiмдер толығымен не бөлек-бөлек ұсынылуы мүмкiн.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      23. Жұмыс берушi тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн: тегін, атын, әкесінiң атын, туған күнi мен жылын, азаматтығын, тұрақты тұратын елiн, баратын елiн, мамандығы мен білiмiн Қазақстан Республикасында қолданылатын, орталық атқарушы орган бекiтетiн Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес кәсiптер мен лауазымдарының атауларын көрсете отырып, бес данада жасайды.
      24. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiне:
      бiрiншi - үшiншi санаттар бойынша:
      1) бiлiмi туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары;
      2) жұмыс берушi растаған, қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар (жұмыс стажы бойынша бiлiктiлiк талаптары белгiленген болса);
      3) бiр уақытта құрылтайшылар болып табылатын бiрiншi басшыларды қоспағанда, қызметкермен жасалған еңбек шартының көшiрмесi;
      4) рұқсаттың қолданылу мерзiмi өткен соң шетелдiк жұмыс күшiнiң тұрақты тұратын жерiне кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттар (банк пен жұмыс берушiнiң арасындағы шарттың көшiрмесi, жұмыс берушiнiң банктiк шотына кепiлдiктi және кепiл жарналар енгiзiлгенi туралы түбiртек);
      төртiншi санат бойынша:
      1) еңбек шартының көшiрмесi қоса берiледi.
       Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      25. Уәкiлеттi орган құжаттардың осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарағаннан кейiн олар берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушi берген тiзiмдердi растайды.
      Тiзiмдер расталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган оларды орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады.
       Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      26. Шетелдiк қызметкермен еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылған жағдайда жұмыс берушi шетелдiк жұмыс күшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң өзгертiлген, уәкiлеттi орган растаған тiзiмi негiзiнде сол санат пен бiлiктiлiк бойынша тарта алады.
      Уәкiлеттi орган тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң өзгертiлген тiзiмдерi расталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде олармен еңбек шарты бұзылған шетелдiк қызметкерлердiң тiзiмiн орталық атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдарына ұсынады.
       Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      27. Шетелдiк жұмыс күшiн одан әрi тартудың қажеттiлiгi болмаған жағдайда жұмыс берушi уәкiлеттi органды он күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
       Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      28. Тiзiмдердi растау мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
      1) құжаттарды осы Ереженiң 22-24-тармақтарына сәйкес толық және тиесілi ұсынбағанда;
      2) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi талап етілетiн санат пен бiлiктiлiкке сәйкес болмағанда;
      3)  алынып тасталды
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      29. Тартылатын шетелдiк жұмыс күші үшiн визалық қолдау жұмыс берушіде уәкілеттi орган растаған тiзiмдер қоса берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
      30. Жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары шығуын қамтамасыз етеді.

  7-тарау. Рұқсаттың мерзiмін ұзарту

      31. Рұқсаттың мерзiмiн ұзартуды уәкілеттi орган жұмыс берушiнiң өтінішi бойынша тиiсті облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн бөлiнген квота шегінде жүзеге асырады.
      Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту бiрiншi санат үшiн екi рет, екiншi санат үшiн бiр рет жүзеге асырылады. Yшiншi және төртiншi санаттар үшiн рұқсаттың мерзiмiн ұзарту жүзеге асырылмайды.
      32. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс берушi рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiштi;
      2) рұқсаттың түпнұсқасын;
      3) уәкілетті орган растаған шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн;
      4) рұқсат мерзiмдерiн ұзарту үшiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн;
      5) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдарда берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты;
      6) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесiн жiбередi.
       Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      33. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негiзiнде құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды және жұмыс берушi мен орталық атқарушы органды қабылданған шешiм туралы бес жұмыс күнi iшiнде бас тартқан жағдайда себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етедi.
      34. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
      1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесiлi ресiмделмесе;
      2) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса.
      3)  алынып тасталды
       Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.

  8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу

      35. Уәкілетті орган жұмыс берушiнi себебiн көрсете отырып, жазбаша хабардар етiп, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.
       Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.
      36. Рұқсатты тоқтата тұру:
      1) жұмыс берушi осы Ережеде көзделген рұқсат берудiң ерекше шарттарын орындамаған;
      2) шетелдiк жұмыс күшін рұқсатта көзделген саннан артық тартылған;
      3) тартылатын жұмыс күші тiзімдерiнде көрсетілмеген шетелдiк жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргiзіледi.
      37. Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы уәкілеттi органның шешiмi бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн қалпына келтiріледi, бұл туралы жұмыс берушiге қалпына келтiру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарланады.
      38. Уәкілеттi орган рұқсатты қайтарып алуды:
      1) жұмыс берушi уәкiлеттi орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептердi жоймаған;
      2) жұмыс берушi тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн үш айдың iшiнде ұсынбаған жағдайда жүргiзедi.
       Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.14. N  161  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)  қаулысымен.

  9-тарау. Есеп беру

      39. Жұмыс беруші рұқсатты алғаннан кейiн уәкілеттi органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы және осы Ереженiң 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады.
      40. Уәкілетті орган орталық атқарушы органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту, жұмыс берушінің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнiнде орталық атқарушы орган белгiлейтiн нысан бойынша есеп ұсынады.

  10-тарау. Осы Ереженiң және рұқсат шарттарының
орындалуын бақылау

      41. Осы Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық органдары, уәкiлетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      42. Орталық атқарушы орган бөлiнген квотаның өңiрлер бойынша сақталуын бақылайды.
      43. Уәкілетті орган мен орталық атқарушы органның аумақтық органы жұмыс берушінің рұқсат бepудің ерекше шарттарын орындауын және жұмыспен қамту туралы заңнаманың орындалуын бақылайды.

  11-тарау. Жауапкершілiк

      44. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейдi.

      

                                       

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң           
2001 жылғы 19 маусымдағы     
N 836 қаулысымен         
бекiтiлген             

            Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн
          арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен
                    қаржыландырудың ережесi

      Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн айқындайды. 

                      1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған. 

      2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау: 
      1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды (бастапқы кәсiби бiлiм беру); 
      2) жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды (қосымша бiлiм беру); 
      3) егер жұмыссыздарға кәсiптерi (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды. 
      Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Z010149_  , "Білім беру туралы"  Z990389_  Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады. 

          2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың
        біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
                  ұйымдастыру мен жүргiзу  

      3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жұмыссыздарға кәсiби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетедi және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберудi жүзеге асырады. 

      4. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.

      5. Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлаудан, олардың бiлiктілiгiн арттырудан және қайта даярлауды жүргiзу үшiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi. 
      Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу кезiнде: 
      1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын; 
      2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға қоятын талаптарына сәйкестiгiн; 
      3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын; 
      4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.

      6. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органдар жiберетiн жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.

      7. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберу, егер өздерiнде қажеттi кәсiби бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.

      8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін жұмыссыздардың кәсiби даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен өтуге құқығы бар.

      9. Жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың, олардың бiлiктiлiгiн арттырудың және қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
      1) жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;
      2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.

      10. Ұйымдар жұмыссыздарды:
      - дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
      - үлгермеген;
      - оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
      - заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.

      11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады. 

      12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.

      13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.

      14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады. 

             3. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, олардың
          біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
                       қаржыландыру 

      15. Жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі. 
      Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. 
      Жұмыссызды кәсiби даярлау, олардың бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі. 
      Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражат көздейді.

      16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады. 
      Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі. 

                  4. Бақылау және есептілік 

      17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді. 

      18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
      1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
      2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
      3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң           
2001 жылғы 19 маусымдағы      
N 836 қаулысымен         
бекiтiлген             

                     Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
                      мен қаржыландырудың ережесi

      Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн белгiлейдi. 

                        1. Жалпы ережелер

      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.

      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.

      3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.

      4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келiсiмiмен жiбередi. 

                 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 

      6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.

      7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.

      8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде: 
      қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады; 
      қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiледi.

      9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады. 
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.

      10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады: 
      1) жұмыссыздарға әдейi арналған; 
      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды; 
      3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi; 
      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы; 
      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.

      11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын орталық атқарушы органдар жұмыстар мен қызметтер көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады. 
      Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды. 
      Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi. 
      Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап етпейтiн жұмыстардың көлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын мiндеттi түрде көрсетедi. 
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетедi. 
      Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың санын көрсете отырып, жасалған шарттар туралы хабарлайды. 
      Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға қажеттiлiк туралы мәлiметтердi жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi. 
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды мердiгерге конкурсты ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында көрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi.

      12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi. 

            3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу 

      13. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырады.

      14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.

      15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.

      16. Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

      17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн. 

           4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға
                         еңбекақы төлеу

      18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.

      19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.

      20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

          5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
                          тәртiбiн бақылау

      21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

            6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және
                            есептiлiк

      22. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
      1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
      2) статистика жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептердi жүргiзедi;
      3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде статистикалық есептiлiктi ұсынады.

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң         
2001 жылғы 19 маусымдағы     
N 836 қаулысына        
қосымша            

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
                   кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат; N 17, 171-құжат; N 28, 269-құжат). 

      2. "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат; N 19, 203-құжат).

      3. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 279-құжат; N 55, 610-құжат).

      4. "Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 444  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 172-құжат).