Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 792 (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақтың 16) тармақшасындағы "шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздерден кейін (;) қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім негізінде жүзеге асыратын адамдарға".