Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2010 жылға арналған квотаны белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2274 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «4634416150 (төрт миллиард алты жүз отыз төрт миллион төрт жүз он алты мың бір жүз елу)» деген сандар мен сөздер «4630096150 (төрт миллиард алты жүз отыз миллион тоқсан алты мың бір жүз елу)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «17940000 (он жеті миллион тоғыз жүз қырық мың)» және «11760000 (он бір миллион жеті жүз алпыс мың)» деген сандар мен сөздер тиісінше «13620000 (он үш миллион алты жүз жиырма мың)» және «7440000 (жеті миллион төрт жүз қырық мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов