Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1242 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1242 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің
шарттары мен тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;

      4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;

      5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);

      6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган;

      7) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган;

      8) маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылық жұмыстары.

      3. Осы Ереженің күші азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге:

      1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін;

      2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен асатын мерзімге іссапарға келген.

      Уәкілетті орган растаған 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша шетелдіктерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне 60 күнтізбелік күннен асатын мерзімге іссапарға жіберуге осындай санда қазақстандық персоналды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру немесе осындай санда қазақстандық азаматтарды шетелдік заңды тұлға орналасқан мемлекеттің оқу орындарына оқытуға жіберу мақсатында жіберілуге жол беріледі.

      Іссапардың мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;

      5) дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын;

      6) қайырымдылық, ізгілік көмек көрсету және грант ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде келген;

      7) Қазақстан Республикасында акредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;

      8) шетелдік ұйымдарға тиесілі өзен кемелері, әуе, темір жол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;

      9) әртіс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретші, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс істейтін;

      10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

      11) Қазақстан Республикасының аумағында босқын мәртебесін немесе саяси баспана алған;

      12) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс істейтін;

      13) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында, педагогикалық қызметті жүзеге асырып жүрген бірақ ұйым штатының 25 пайызынан асырмай;

      14) оралмандарға;

      15) аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін жасау және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын;

      16) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1), 4), 8), 9), 12), 13) және 15) тармақшаларына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тарту кезінде жұмыс беруші уәкілетті органға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы ақпаратты ұсынады.

      Шетелдіктерді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары ретінде жұмысқа тарту кезінде көрсетілген ақпаратқа филиалды, өкілдікті басқаруға шетелдік заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.

2. Квота белгілеудің және бөлудің тәртібі

      4. Уәкілетті орган ішкі еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілердің бірінші қыркүйекке дейін жолданатын өтінімдері негізінде жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін 4-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.

      5. Мүдделі мемлекеттік органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.

      6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.

      7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны он бес күнтізбелік күн ішінде еңбек рыногындағы ахуалды, өндірісті дамыту және инвестициялық жобаларды, оның ішінде шетелдік капиталды қатыстыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне деген қажеттілігін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында таратып бөледі.

      8. Уәкілетті органдар жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуды қажет ететін жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда орталық атқарушы органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсынысты енгізе алады.

      9. Орталық атқарушы орган мүдделі мемлекеттік немесе уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.

3. Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және
оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту

      10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қызметкерлердің мынадай санаттарына:

      1) бірінші санат - жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды тартуға;

      2) екінші санат - басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басшылар мен мамандарды тартуға;

      3) үшінші санат - жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс стажы бар білікті жұмысшыларды тартуға;

      4) төртінші санат - еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледі.

      11. Уәкілетті орган рұқсатты, бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшіне сұранысты ішкі еңбек рыногы есебінен қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған кезде, орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде береді.

      Ішкі еңбек рыногында лайықты үміткерлерді іздестіру жұмыс берушінің республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдарда бос жұмыс орындары туралы хабарландыру жариялауы және уәкілетті органның республикалық және өңірлік деректер қорынан бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстарды қарауы жолымен жүзеге асырылады.

      12. Ішкі еңбек рыногында іздестіру:

      1) жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшыларын;

      2) акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары директорлары кеңесінің мүшелерін;

      3) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін;

      4) "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдардың шетелдік қызметкерлерін;

      5) теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін;

      6) еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартқан кезде жүзеге асырылмайды.

      13. Рұқсат беру мәселесінің шешімін уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалау өлшемдері негізінде қабылдайды.

      14. Уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалауды жұмыс беруші ұсынған құжаттарды талдау негізінде жүргізеді.

      15. Тартылатын шетелдік қызметкердің өлшемдеріне сәйкес мынадай баллдар есептеледі:

      1) білімі:

      шетелдік қызметкердің өзі үміткер лауазымға жұмысқа тұруы үшін қажетті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі немесе жоғары білімі - 25 балл;

      жоғары білім - 20 балл;

      техникалық және кәсіптік білім - 15 балл;

      2) ұйым қызметінің негізгі түріне сәйкес қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы:

      1-3 жыл - 15 балл;

      4-6 жыл - 20 балл;

      7 және одан да көп - 25 балл.

      3) жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде орталық атқарушы орган белгілейтін тізімге сәйкес еңбек рыногында нақты мамандыққа (кәсіпке) сұраныстың болуы (болмауы):

      сұранысқа ие мамандық (кәсіп) - 25 балл;

      сұраныс жоқ мамандық (кәсіп) - 15 балл.

      Осы Ереженің 15-тармағының 3) тармақшасы бірінші санат бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.

      16. Тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелерінің ең төменгі мәні:

      бірінші санат бойынша - 35 баллды;

      екінші санат бойынша - 55 баллды;

      үшінші санат бойынша - 55 баллды құрайды.

      17. Тартылатын шетелдік қызметкерге оның біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері бойынша 5-қосымшаға сәйкес жеке анықтама жасалады.

      18. Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмысшылар ретінде тартылатын шетелдік қызметкерлерге біліктілік сипаттамаларын бағалау жүзеге асырылмайды.

      19. Рұқсат шетелдік жұмыс күшін:

      жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;

      акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартқан кезде еңбек шартының қолданылу мерзіміне беріледі.

      20. Уәкілетті орган рұқсаттарды беру кезінде жұмыс берушіге онымен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша 6-қосымша сәйкес мынадай ерекше шарттардың кез келгенін орындауды:

      1) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша немесе еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды;

      2) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыруды;

      3) шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыруды;

      4) орындалатын жұмыстың көлемі ұлғайған кезде қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруды жүктейді.

      Ерекше шарттарды жүктеу жұмыс беруші тартқан шетелдік қызметкерлердің жалпы саны ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушілерге:

      50-ден артық шетелдік қызметкерді тартатын жұмыс берушілерге осы Ереженің 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ерекше шарттар;

      10-нан 50-ге дейін шетелдік қызметкерді тартатын жұмыс берушілерге осы Ереженің 20-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ерекше шарттар;

      10-нан кем шетелдік қызметкерді тартатын жұмыс берушілерге осы Ереженің 20-тармағының 2) тармақшасында көзделген ерекше шарттар жүктеледі.

      Осы Ереженің 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген ерекше шарттар жұмыс берушідегі орындалатын жұмыстың көлемі ұлғайған кезде жүктеледі.

      Осы тармақтың шарттары шетелдік жұмыс күшін:

      жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;

      акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері;

      еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмысшылар ретінде тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.

      21. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

      22. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

      23. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер: оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен күні, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, шығатын елі, білімі мен алған мамандығы, Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсібінің (мамандығының) атауы көрсетілген 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

      24. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарап, Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және оны ұзарту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      25. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органның аумақтық органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізіледі.

      26. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. Уәкілетті орган жұмыс беруші ұсынған құжаттар қаралатын Комиссия отырысының күні мен уақыты туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс.

      27. Уәкілетті орган жұмыс берушіні шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

      Жұмыс беруші хабарлама алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасының енгізілгенін растайтын құжат) ұсынады.

      Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 35-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді.

      28. Еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос жұмыс орнына үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің орны мен уақытын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс беруші мен тиісті үміткер хабардар етіледі.

      29. Жұмыс беруші арнайы білімдерінің, дағдыларының жеткіліксіз болуы себепті бос жұмыс орнына орналасуға үміткер тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық азаматтардың кандидатураларынан бас тартқан жағдайда, шетелдік қызметкерді тартуға арналған рұқсат кандидатураларынан бас тартылған қазақстандық азаматтарды не жұмыс берушінің қызметкерлерінің ішінен кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру кезеңіне беріледі.

      30. Уәкілетті орган рұқсат беру (мерзімін ұзарту) туралы шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, кәсібінің (мамандығының) атауы мен лауазымын көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы орталық атқарушы органға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мәліметтер ұсынады.

      31. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын ұйым берген рұқсатта тиісті жобаның атауы көрсетіледі.

      32. Уәкілетті орган берген рұқсат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады және осы Ереженің 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды.

      33. Жұмыс көлемі болған, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін шетелдік қызметкерлердің бірнеше облыстар және (немесе) Астана мен (немесе) Алматы қалалары аумағында тұрақты болуы қажет болған жағдайда, уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші мен орталық атқарушы органның келісімі бойынша екі және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана мен (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.

      34. Бірінші, екінші немесе үшінші санат бойынша тартылған шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда жұмыс беруші осы лауазымға (кәсіпке) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда басқа шетелдік қызметкерді рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Ережеде белгіленген тәртіппен тарта алады. Бұл ретте, осы Ережеге 8, 9-қосымшалардың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      35. Рұқсат мынадай:

      1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық ресімделмеген (ұсынылмаған);

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдарға берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттар (олар болған жағдайда) орындалмаған;

      3) бөлінген квотадан асып кеткен;

      4) тартылатын шетелдік қызметкер талап етілетін санат пен біліктілікке сай келмеген;

      5) егер тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері осы Ереженің 16-тармағында белгіленген төменгі мәннен төмен болған;

      6) ішкі еңбек рыногында тиісті ұсыныстар болған;

      7) жұмыс беруші өзге шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тартқан жағдайларда берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап бір жұмыс жылы ішінде рұқсат берілмейді.

      36. Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде, қабылданған шешімге заңнамаға сәйкес шағымдана алады.

      37. Рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.

      Бірінші және екінші санаттар үшін рұқсаттың мерзімін ұзарту екі рет жүзеге асырылады. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттың мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.

      "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар беретін рұқсаттың мерзімін ұзарту жобаны іске асыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      38. Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) өтініш;

      2) рұқсаттың түпнұсқасы;

      3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

      4) рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесі.

      39. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тартқан жағдайда себебін көрсете отырып жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

      40. Рұқсаттың мерзімін ұзарту:

      1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиісінше ресімделмеген;

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған;

      3) жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға орналасудан үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарау нәтижелері бойынша белгіленетін тиісті ұсыныстардың еңбек рыногында болған. Қазақстандық азаматтардың тиісті кандидатураларын қарау үшін уәкілетті орган кездесу уақытын айқындайды және жұмыс беруші мен қазақстандық азаматты хабардар етеді;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда жүзеге асырылмайды.

      41. Жұмыс берушінің рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсатты ұзарту үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган қарауға қабылдамайды.

      42. Уәкілетті орган жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.

      43. Рұқсатты тоқтата тұру шетелдік жұмыс күшінің рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттық көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасын енгізуді растайтын құжат) уәкілетті органға осы Ереженің 27-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.

      44. Тоқтатылған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.

      45. Уәкілетті орган осы Ереженің 46-тармағында көрсетілген себептерді көрсете отырып, жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып рұқсатты кері қайтарып алады.

      46. Уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуды:

      1) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;

      2) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;

      3) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартқан жағдайда жүргізеді.

      47. Жұмыс беруші рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсат бланкісін уәкілетті органға тапсырады.

4. Қорытынды ережелер

      48. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөніндегі есепті орталық атқарушы органға ай сайын ұсынады.

  Ережеге 1-қосымша

      __________________________________________________________________

      (рұқсат беретін органның толық атауы)

      Қазақстан Республикасына

      шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған

      РҰҚСАТ

      N____ 20__жылғы "__"______

      Жұмыс беруші______________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,

      __________________________________________________________________

      тіркеу нөмірі, тіркелген күні;

      __________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін: Т.А.Ә, төлқұжат мәліметтері, үйінің мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      Рұқсаттың қолданылатын

      аумағы____________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Шетелдік

      қызметкер_________________________________________________________

      (Т.А.Ә., санаты, лауазымы/кәсібі)

      __________________________________________________________________

      (төлқұжат /жеке куәлік N, берілген күні және берген мекеме)

      Жұмыс әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________

      Рұқсат берудің негіздемесі________________________________________

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі___________бастап__________________дейін

      (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)

      М.О. қолы____________________________

  (тегі, аты-жөні)
Ережеге 2-қосымша
Іссапарға жіберілгендердің тізімі

Р/с

N

Т.А.Ә.

Туған

күні

Шыққан

елі

және

аза-

матты-

ғы

(ка-

зақс-

тандық

аза-

маттар

үшін

бара-

тын

елі)

Жеке

басын

куә-

лан-

дыра-

тын

құжат-

тың

нөмі-

рі,

беріл-

ген

күні

және

қол-

дану

мер-

зімі

Білімі

Ұйым-

дағы

лауа-

зымы

(орын-

дап

жүрген

жұмы-

сы)

Келу

және

кету

күн-

дерін

көр-

сетіп,

елде

болу

мер-

зімі

(180

күн-

тіз-

белік

күнге

дейін)

Ісса-

пардың

мақ-

саты










 

      КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН:

      Жергілікті атқарушы орган_________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)

      Жұмыс беруші________________________________________________

      (қолы, тегі, лауазымы)

      М.О М.О

      20__жылғы "___"______________

  Ережеге 3-қосымша

      Жұмысқа тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер

Р/с

N

Т.А.Ә.

Жеке басын

куәландыра-

тын құжаттың

нөмірі, бе-

рілген күні

және қолдану

мерзімі

Бі-

лімі

Мамандығы

немесе кәсібі

бойынша жұмыс

стажы

Еңбек шарты-

ның немесе

өкілдікті,

филиалды

басқаруға

шетелдік

заңды тұлға-

ның берген

сенімхатының

мерзімі








      Басшы_____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

  Ережеге 4-қосымша

      Жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуының

      негіздемесі

Р/с

N

Ұйым

(толық

атауы,

заңды

мекен-

жайы)

Қызмет

түрі

Ағымдағы

жылы тарты-

латын шетел-

дік жұмыс

күшінің саны

(бірлік)

___ жылы шетел-

дік жұмыс күші-

нің қажеттілігі

Жобалар,

келісім-

шарттар,

жоспарлар

болған

кезде

оларды

көрсете

отырып,

қажетті-

лік не-

гіздемесі

Барлығы:

Санат-

тар,

лауа-

зымдар,

кәсіб-

тер

бөлі-

нісінде

1

2

3

4

5

6

7









      Басшы_____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

  Ережеге 5-қосымша

      Шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау

      нәтижесі бойынша

      АНЫҚТАМА

      1) білімі:__балл;

      2) кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс стажы:__балл;

      3) жергілікті атқарушы органдар ұсынысының негізінде жыл сайын орталық атқарушы орган белгілейтін тізімге сәйкес еңбек рыногында нақты мамандыққа (кәсіпке) сұраныстың болуы (болмауы):___балл.

      Басшы_____________________________________________________________

      (қолы, тегі, лауазымы)

      200__жылғы "___"_____________"

  Ережеге 6-қосымша
  Рұқсат берудің ерекше шарттары бойынша жұмыс берушімен келісу

Р/с

N

Ерекше шарттар

Кәсіптік даярлауға, қайта

даярлауға және біліктілі-

гін арттыруға тиісті

қазақстандық азаматтардың

саны

Жергілікті кадрлармен

алмастырылуы тиіс шетелдік

жұмыс күшінің саны

Ерекше

шарттарды

орындау

мерзімі

1

2

3

4










      Келісілген:

      ________________________________ ________________________

      (уәкілетті органның атауы) (жұмыс берушінің атауы)

      ________________________________ ________________________

      (қолы, тегі, лауазымы) (қолы, тегі, лауазымы)

      200__жылғы "___"_____________ 200__жылғы "___"___________

      М.О. М.О.

  Ережеге 7-қосымша
  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне____________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)

      кімнен____________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      ӨТІНІШ

      ________________________________________ облысында (Астана немесе Алматы қалаларында)

      __________________________________________________________________

      (лауазымы мен мамандығын көрсете отырып, тартылатын шетелдік

      жұмыс күшінің санаты, саны)

      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын

      (керегі сызып көрсетілсін)

      Негіздеме:________________________________________________________

      (шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыста және (немесе) Астана мен

      (немесе) Алматы қалаларында пайдалану қажеттігі)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      жұмыс беруші туралы мәліметтер

      Меншік нысаны:____________________________________________________

      Құрылған күні:____________________________________________________

      Тіркелу туралы куәлік_____________________________________________

      (N, кім және қашан берген)

      Қызмет түрі:______________________________________________________

      (инвестициялау, жаңа технологиялар)

      Мекенжай,тел.,факс:_______________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ______________________________

      "Қолданыстағы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және квота белгілеу ережесімен таныстым".

      Басшы:

      __________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

      20__жылғы "_____"________________

      Өтініш қарауға қабылданды: 20__жылғы "____"______________

      __________________________________________________________________

      (Жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)

  Ережеге 8-қосымша

      Бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:

      1) орталық атқарушы орган бекіткен Басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын және үш айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

      3) жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан бас тартуының негіздемесі;

      4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;

      5) орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы және 01-99""Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, келген елі, білімі мен алған мамандығы, кәсіптері мен лауазымдарының атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

      6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

      білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері);

      оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

      7) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының қорытындысы туралы құжаттар ұсынылады.

      Мыналар:

      1) жарғылық капиталындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысуы кемінде 50%-ды құрайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары ретінде;

      акцияларының кемінде 50%-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде шетелдік қызметкерді тартқан кезде осы қосымшаның 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген;

      2) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде;

      теңіз кемелері экипаждарының мүшелері ретінде;

      "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  Ережеге 9-қосымша

      Үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:

      1) орталық атқарушы орган бекіткен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын және үш айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;

      Қазақстандық азаматтардың мәліметтерді жіберуі үшін хабарландыруларда жұмыс беруші мен уәкілетті органның атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары қосымша көрсетіледі.

      Үшінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) бос жұмыс орындарына үміткер қазақстандық азаматтар уәкілетті орган атына мәлімет жібереді;

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

      3) жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарды бос орындарға алудан бас тартуының негіздемесі;

      4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;

      5) орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, келген елі, білімі мен алған мамандығы, кәсіптері мен лауазымдарының атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

      6) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау қоса берілген еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөніндегі біліктілік талаптары болған жағдайда).

      Мыналар:

      теңіз кемелері экипаждарының мүшелері ретінде немесе "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға тартқан кезде шетелдік қызметкерлерді осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларымен көзделген құжаттарын ұсыну талап етілмейді.