Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
16) тармақшаның екінші абзацында "16-4)" деген сандардан кейін ", 16-5)" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-5) тармақшамен толықтырылсын:
"16-5) білім беру бағдарламаларын енгізу мен іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша "Назарбаев Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына іссапарға жіберілгендер;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |