1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су
ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. <*> ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N 561 қаулысымен. P020561_ 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысымен қосымша ЕСКЕРТУ. Атауы және Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N 561 қаулысымен. P020561_ Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның Құрамы <*> Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрі, төраға Қынатов - Қазақстан Республикасының Табиғи Марат Полатұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Рябцев - Қазақстан Республикасы Табиғи Анатолий ресурстар және қоршаған ортаны Дмитриевич қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы; Ведомствоаралық комиссияның мүшелері: Әбітаев - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының Есберген Әбітайұлы вице-президенті (келісім бойынша) <*> Богатырев - "Өскемен су электр станциясы" Александр Егорович жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры (келісім бойынша) Дурницын - "Шульба су электр станциясы" Юрий Михайлович жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас техникалық жетекшісі (келісім бойынша) Джеймс Эллисон - "Екібастұз АЕS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) Кошевой - Павлодар облысы әкімінің Александр Иванович орынбасары Кодеков - "Қазгидромет" республикалық Тұрсынбек Кәрімұлы мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Мальковский - "Ертіс бассейні су шаруашылығы Виктор Алексеевич басқармасының бастығы Недовесов - "KEGOC" ашық акционерлік Виктор Семенович қоғамы Шығыс аймақаралық электр желілері филиалының директоры (келісім бойынша) Рамазанов - "Ұлы Ертіс-Великий Иртыш" Ертіс өзені Жанайдар Рамазанұлы бассейнінің суын пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) Рудман - "Қазмырыш" ашық акционерлік Борис Михайлович қоғамының энергетика жөніндегі директоры (келісім бойынша) Рүстембаев - "Еуразия энергетикалық Әбдіәзім Әбдіғаниұлы корпорациясы" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) Сілембаев - "Бұқтырма су электр станциясы" Жеңісбек Зайнулинұлы ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Бертісбаев - Қазақстан Республикасының Несіпқұл Бертісбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы және қатты отын департаментінің директоры Швайченко - Шығыс Қазақстан облысы Юрий Петрович әкімінің орынбасары Ульрих - "КОРЭМ" жабық акционерлік Эрих Гукович қоғамының вице-президенті (келісім бойынша); Голов - "Екібастұз энергетика орталығы" жабық Геннадий акционерлік қоғамы басқармасының Антонович төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже <*> 1. Жалпы ережелер
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. <*>
ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002.05.23. N 561 қаулысымен. P020561_
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
2) жаңа деректердің жинақталуын ескере отырып, Жоғарғы-Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесіне түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен
ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға. 5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға. 4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі 6. Комиссияны Төраға басқарады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.