Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 540

Қолданыстағы
      Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс

өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және 
жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                                2001 жылғы 23 сәуірдегі
                                                    N 540 қаулысымен
                                                        қосымша
     
     Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына
     табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және
        жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
                         Құрамы
     
     Школьник                   - Қазақстан Республикасы
     Владимир Сергеевич           Премьер-Министрінің орынбасары
                                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
                                  және минералдық ресурстар министрі,
                                  төраға
     
     Мұсатаев                   - Қазақстан Республикасының
     Мұрат Қабділжаппарұлы        Табиғи ресурстар және қоршаған
                                  ортаны қорғау вице-министрі, орынбасар
     
     Рамазанов                  - Қазақстан Республикасының
     Аманбек Мырзахметұлы         Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
                                  қорғау министрлігі Су ресурстары
                                  жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы
     
          Ведомствоаралық комиссияның мүшелері:
     
     Әбітаев                    - "КОРЭМ" жабық акционерлік
     Есберген Әбітайұлы           қоғамының президенті (келісім бойынша)
     
     Богатырев                  - "Өскемен су электр станциясы"
     Александр Егорович           жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                                  техникалық директоры (келісім бойынша)
     
     Дурницын                   - "Шульба су электр станциясы"
     Юрий Михайлович              жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                                  бас техникалық жетекшісі
                                  (келісім бойынша)
     
     Джеймс Эллисон             - "Екібастұз АЕS" жауапкершілігі
                                  шектеулі серіктестігінің бас
                                  директоры (келісім бойынша)
     
     Кошевой                    - Павлодар облысы әкімінің
     Александр Иванович           орынбасары
     
     Кодеков                    - "Қазгидромет" республикалық
     Тұрсынбек Кәрімұлы           мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
     
     Мальковский                - "Ертіс бассейні су шаруашылығы
     Виктор Алексеевич            басқармасының бастығы
     
     Мұсағалиев                 - "KEGOC" ашық акционерлік
     Төлетай Хамитұлы             қоғамының бірінші вице-президенті
                                  (келісім бойынша)
     
     Недовесов                  - "KEGOC" ашық акционерлік
     Виктор Семенович             қоғамы Шығыс аймақаралық
                                  электр желілері филиалының
                                  директоры (келісім бойынша)
     
     Проценко                   - "Екібастұз энергетикалық орталығы"
     Валерий Степанович           жабық акционерлік қоғамының президенті
                                  (келісім бойынша)
     
     Рамазанов                  - "Ұлы Ертіс-Великий Иртыш" Ертіс өзені
     Жанайдар Рамазанұлы          бассейнінің суын пайдаланушылар
                                  қауымдастығының төрағасы
                                  (келісім бойынша)
     
     Рудман                     - "Қазмырыш" ашық акционерлік
     Борис Михайлович             қоғамының энергетика жөніндегі
                                  директоры (келісім бойынша)
     
     Рүстембаев                 - "Еуразия энергетикалық
     Әбдіәзім Әбдіғаниұлы         корпорациясы" ашық үлгідегі 
                                  акционерлік қоғамының бас 
                                  директоры (келісім бойынша)
     
     Сілембаев                  - "Бұқтырма су электр станциясы"
     Жеңісбек Зайнулинұлы         ашық акционерлік қоғамының
                                  президенті (келісім бойынша)
     
     Бертісбаев                 - Қазақстан Республикасының
     Несіпқұл Бертісбайұлы        Энергетика және минералдық
                                  ресурстар министрлігі Электр
                                  энергетикасы және қатты отын 
                                  департаментінің директоры
     
     Швайченко                  - Шығыс Қазақстан облысы
     Юрий Петрович                әкімінің орынбасары
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                       2001 жылғы 23 сәуірдегі
                                         N 540 қаулысымен
                                              бекітілген
     
      Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына
       табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және
          жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
                                ереже
     
                         1. Жалпы ережелер
     


      1. Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызудың жүргізілуін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
      Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

                        2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
      2) жаңа деректердің жинақталуын ескере отырып, Жоғарғы-Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесіне түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
      4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.

               3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері

      4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен

ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан 
сұратуға және алуға.
     5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның 
құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті 
атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
     
                4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
     
     6. Комиссияны Төраға басқарады.
     7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, 
ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы 
жүзеге асырады.
     8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде 
тоқсанына бір рет өткізіледі.
     9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен 
қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
     
     
    Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.