Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 540

Жаңартылған

      Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N 561   қаулысымен
     2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2001 жылғы 23 сәуірдегі        
N 540 қаулысымен            
қосымша                  

       ЕСКЕРТУ. Атауы және құрам өзгерді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002.05.23. N 561  қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004.06.15. N 654  қаулысымен .    

  Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық
комиссияның құрамы <*>

Школьник               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Владимир Сергеевич       минералдық ресурстар министрi, төраға

Рябцев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич      министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары

Адамов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ришат Жомартұлы          министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң Ертiс бассейнi су шаруашылығы
                         басқармасы бастығының орынбасары, хатшы

Әбiтаев                - "KЕGOC" ашық акционерлiк қоғамының вице-
Есберген Әбiтайұлы       президенті (келiсiм бойынша)

Богатырев              - "Өскемен" гидро электр станциясы"
Александр Егорович       жауапкершiлігi шектеулi серiктестiгiнiң
                         техникалық директоры (келiсiм бойынша)

Бертiсбаев             - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Несiпқұл Бертiсбайұлы    минералдық ресурстар министрлiгiнiң
                         Электрэнергетика және қатты жанармай
                         департаментiнiң директоры

Дурницын               - "Шульба гидро электр станциясы"
Юрий Михайлович          жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
                         бас техникалық басшысы (келiсiм бойынша)

Қаменов                - Павлодар облысы әкiмдiгiнiң су шаруашылығы
Нұртай Шәмренұлы         департаментiнiң директоры

Көбегенов              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Қиыспек Жекебайұлы       министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң Ертiс бассейнi су шаруашылығы
                         басқармасының бастығы

Көдеков                - "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк
Тұрсынбек Кәрiмұлы       кәсiпорнының бас директоры

Навид                  - "АЕС Екiбастұз" жауапкершiлiгi шектеулi
Исмаил                   серiктестiгiнiң бас директоры (келiсiм
                         бойынша)

Недовесов              - "KEGOC" ашық акционерлiк қоғамының шығыс
Виктор Семенович         өңiраралық электр желiсi филиалының
                         директоры (келiсiм бойынша)

Нұрғалиев              - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары
Жақай Жұбайұлы

Рамазанов              - "Ұлы Ертiс - Великий Иртыш" су
Жанайдар Рамазанұлы      пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы
                         (келiсiм бойынша)

Рудман                 - "Казцинк" ашық акционерлiк қоғамының
Борис Михайлович         энергетика жөнiндегi директоры (келiсiм
                         бойынша)

Рүстембаев             - "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"
Әбдiәзiм Әбдiғаниұлы     ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамының бас
                         директоры (келiсiм бойынша)

Селиханов              - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары
Дүйсенбай Мағзұмұлы

Сiлембаев              - "Бұқтарма гидро электр станциясы" ашық
Жеңiсбек Зейноллаұлы     акционерлiк қоғамының президентi (келiсiм
                         бойынша)

Сысков                 - "Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ
Сергей Александрович     басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)

Ульрих                 - "КОРЭМ" жабық акционерлiк қоғамының вице-
Эрих Гукович             президентi (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің               
2001 жылғы 23 сәуірдегі        
N 540 қаулысымен            
қосымша                  

  Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже <*>       

  1. Жалпы ережелер 

       1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. <*> 
       ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002.05.23. N 561  қаулысымен .
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады. 
      Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның міндеттері 

      3. Комиссияның негізгі міндеттері: 
      1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау; 
      2) жаңа деректердің жинақталуын ескере отырып, Жоғарғы-Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесіне түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 
      3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру; 
      4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.  

                3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері  

      4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
      5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның  құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.         

         4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі      

     6. Комиссияны Төраға басқарады.
     7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
     8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
     9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.