Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 540

Жаңартылған

      Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      Ескерту. Атауы және 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2001 жылғы 23 сәуірдегі
N 540 қаулысымен   
қосымша       

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 N 1031 Қаулыcымен.

Ахметов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы              Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Толыбаев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы               шаруашылығы вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары

Жақсалиев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы     жаңа технологиялар вице-министрі,
                             төрағаның орынбасары

Жәкенов                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Мұхтар Сейфоллаұлы           министрлігінің Су ресурстары комитеті су
                             ресурстарын пайдалану және қорғау
                             басқармасының бастығы, хатшы

Мұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мирлан Бегежанұлы            ортаны қорғау вице-министрі

Смайылов                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы        жағдайлар вице-министрі

Әбсаттаров                 - Қазақстан Республикасының Көлік
Қайрат Бектайұлы             және коммуникация вице-министрі

Әбішев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ислам Әлмаханұлы             шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                             комитетінің төрағасы

Әшімбетов                  - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Нұржан Кемерұлы

Кошелев                    - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Владимир Леонидович          орынбасары

Тілеубаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дәурен Әділханұлы            шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                             комитеті Ертіс бассейндік инспекциясының
                             бастығы

Нәбиев                     - Павлодар облысы табиғи ресурстар және
Нұрлан Абзалұлы              табиғатты пайдалануды реттеу
                             басқармасының бастығы

Чернецкий                  - Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар
Виталий Евгеньевич           және табиғатты пайдалануды реттеу
                             басқармасының бастығы

Қанатпаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мәулен Серікұлы              шаруашылығы министрлігінің Балық
                             шаруашылығы комитеті Зайсан-Ертіс
                             облысаралық балық шаруашылығының
                             бассейндік инспекциясының бастығы

Қожамжаров                 - "Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Темірханұлы           ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
                             реттеу және бақылау комитетінің Ертіс
                             экология департаменті" мемлекеттік
                             мекемесінің бастығы

Каширин                    - Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру
Александр Васильевич         дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар
                             мен дүлей апаттардың алдын алуды және
                             жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы

Меңдіғарин                 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Айбек Тәжіғалиұлы            қорғау министрлігінің "Қазгидромет"
                             шаруашылық жүргізу құқығындағы
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             бас директорының міндетін атқарушы

Головков                   - Қазақстан Республикасы Көлік және
Анатолий Васильевич          коммуникация министрлігі Шығыс Қазақстан
                             су жолдары республикалық мемлекеттік
                             қазыналық кәсіпорнының директоры

Уражанов                   - «КЕGОС» акционерлік қоғамының «Шығыс
Қайрат Манапұлы              өңіраралық электр желілері» филиалының
                             директоры (келісім бойынша)

Курий                      - «АЕS Өскемен гидроэлектрстанциясы»
Юлия Анатольевна             жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                             және «АЕS Шүлбі гидроэлектрстанциясы»
                             жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                             атқарушы директоры (келісім бойынша)

Свамбаев                   - Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз
Рысқан Тишпекұлы             ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі
                             серіктестігінің бас директоры (келісім
                             бойынша)

Рустамбаев                 - «Еуроазиялық энергетикалық корпорация»
Әбдуәзім Әбдіғаниұлы         акционерлік қогамының бас директоры
                             (келісім бойынша)

Әженов                     - «Ұлы Ертіс-Великий Иртыш» су
Әлимәулет Абзалұлы           пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы
                             (келісім бойынша)

Белов                      - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» акционерлік
Владимир Александрович       қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                             бойынша)

Коблов                     - «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі
Сергей Михайлович            серіктестігінің Бұқтырма
                             гидроэнергетикалык кешенінің директоры
                             (келісім бойынша)

Шотанов                    - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ермек Игембайұлы             қорғау министрлігінің «Еуразия су
                             орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі»
                             акционерлік қоғамы өндірістік бөлімінің
                             бастығы (келісім бойынша)

Ерболатов                  - "Ертіс" су пайдаланушылар және су
Мәлік Оралбекұлы             тұтынушылар қауымдастығының президенті
                             (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2001 жылғы 23 сәуірдегі
N 540 қаулысымен    
қосымша        

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
      Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады. 

2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
      2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
      4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.02 N 1029 Қаулысымен.

3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері

      4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
      5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның  құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.

4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі

      6. Комиссияны Төраға басқарады.
      6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.25 N 629 Қаулысымен.
      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
      9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.