Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 540

Жаңартылған

      Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 
       Ескерту. Атауы және 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N 561   қаулысымен
     2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2001 жылғы 23 сәуірдегі        
N 540 қаулысымен            
қосымша                  

  Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық
комиссияның құрамы 

       Ескерту. Атауы және құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N  561 , құрам жаңа редакцияда -  2004.06.15. N  654 , 2005.06.25. N  629 , 2006.09.05. N  839  қаулыларымен. 

Iзмұхамбетов           - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа Салахатдинұлы  минералдық ресурстар министрi, төраға

Рябцев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич      министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары

Адамов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ришат Жомартұлы          министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң Ертiс бассейнi су шаруашылығы
                         басқармасы бастығының орынбасары, хатшы

Бертiсбаев             - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Несiпқұл Бертiсбайұлы    минералдық ресурстар министрлiгiнiң
                         Электрэнергетика және көмiр өнеркәсiбi
                         департаментiнiң директоры

Дурницын               - "Шульба гидро электр станциясы"
Юрий Михайлович          жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
                         бас техникалық басшысы (келiсiм бойынша)

Көбегенов              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Қиыспек Жекебайұлы       министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi
                         комитетiнiң Ертiс бассейнi су шаруашылығы
                         басқармасының бастығы

Көдеков                - "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк
Тұрсынбек Кәрiмұлы       кәсiпорнының бас директоры

Рамазанов              - "Ұлы Ертiс - Великий Иртыш" су
Жанайдар Рамазанұлы      пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы
                         (келiсiм бойынша)

Рүстембаев             - "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"
Әбдiәзiм Әбдiғаниұлы     ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамының бас
                         директоры (келiсiм бойынша)

Ульрих                 - "КОРЭМ" жабық акционерлiк қоғамының вице-
Эрих Гукович             президентi (келiсiм бойынша)

Анпилогов              - "Өскемен су электр станциясы AЭС"
Борис Иванович           жауапкершілігi шектеулi
                         серiктестiгiнiң станцияны пайдалану
                         жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша)

Ахметов                - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Дәулет Дәлелұлы          компаниясы филиалының мемлекеттік
                         органдармен байланыстар жөнiндегi
                         директоры (келiсiм бойынша)

Морозов                - "Қазмырыш" акционерлiк қоғамы
Игорь Васильевич         энергетикалық кешенiнiң директоры,
                         бас энергетигi (келiсiм бойынша)

Әутәлiпов              - Павлодар облысы әкiмдiгi Табиғи ресурстар
Нұрлан Қабыкенұлы        және табиғатты пайдалануды реттеу
                         департаментiнiң директоры

Ұранхаев               - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Нұрлан Тельманұлы        орынбасары

Дмитриев               - "Екiбастұз ГPЭC-2 станциясы" ашық
Леонид Николаевич        акционерлiк қоғамының коммерция және
                         өткiзу басқармасы төрағасының орынбасары

Ли                     - "KEGOC" акционерлiк қоғамының жүйелiк
Валерий Константинович   оператор қызметтерi жөнiндегi басқарушы
                         директоры

Ұражанов               - "КЕGОС" акционерлiк қоғамы "Шығыс
Қайрат Манапұлы          өңiраралық электр желiлерi" филиалының
                         директоры      

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің               
2001 жылғы 23 сәуірдегі        
N 540 қаулысымен            
қосымша                  

  Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже 

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002.05.23. N 561  қаулысымен .            

  1. Жалпы ережелер 

       1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. <*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002.05.23. N 561  қаулысымен .
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады. 
      Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның міндеттері 

      3. Комиссияның негізгі міндеттері: 
      1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау; 
      2) жаңа деректердің жинақталуын ескере отырып, Жоғарғы-Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесіне түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 
      3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру; 
      4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.  

                3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері  

      4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
      5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның  құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.         

         4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі      

     6. Комиссияны Төраға басқарады.
     6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005.06.25. N  629  қаулысымен. 
     7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
     8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
     9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.