Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Ескерту. Атауы және 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
N 540 қаулысына
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 355 қаулысымен.
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер- |
Нысанбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған |
Жаксалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия |
Жәкенов |
- |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны |
Смайылов |
- |
Қазақстан Республикасының Төтенше |
Әбсаттаров |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және |
Әбішев |
- |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны |
Әшімбетов |
- |
Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Кошелев |
- |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің |
Алпыспаев |
- |
«KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс |
Курий |
- |
«AES Өскемен гидроэлектрстанциясы» |
Свамбаев |
- |
Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз |
Әженов |
- |
«Ұлы Ертіс-Великий Иртыш» су |
Белов |
- |
«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» |
Коблов |
- |
«Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі |
Сыздықов |
- |
«Ертіс» су пайдаланушылар және су |
Лавриненко |
- |
«KAZLOGISTIKS» көліктік-логистикалық |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
N 540 қаулысына
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже
Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23 N 561 қаулысымен.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.02 N 1029 Қаулысымен.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
6-1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.25 N 629 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 355 қаулысымен.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 355 қаулысымен.
9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.