Ескерту. Тақырыбы ҚР Үкіметінің 2005.05.24. N 503 қаулысының редакциясында.
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.24. N 503 қаулысымен.
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 2008.08.27 N 776 Қаулыcымен.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 наурыздағы
N 394 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.09.14 N 940 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану тәртібін реттейді.
2. Мемлекеттік ресурстардың астығы мемлекеттік (республикалық) меншік болып табылады.
3. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) өзіне жүктелген функцияларды «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі — уәкілетті орган) шарт негізінде жүзеге асырады.
4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасында астықты өндіру, сақтау және сату үдерісіндегі қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептілік береді.
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және жаңарту
5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды Агент Заңда және осы Ережеде белгіленген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлемді құру және оған жеткізу мақсатында жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік астық ресурстарын жаңартуды Агент осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік астық ресурстарын бекітілген көлемге дейін толтыру және қажетті сапада ұстап отыру мақсатында жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты сатып алуды Агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Заңға, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Агент отандық астық өндірушілерге ақша қаражатын астықты жеткізгеннен кейін немесе олар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бергеннен кейін аударады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агент көктемгі-жазғы қаржыландыру кезінде жеткізілетін астықты алдын-ала қаржыландыруды жүзеге асырады.
8. Агент уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша отандық астық өндірушілермен (экспорттаушылармен) мемлекеттік ресурстарға астықты жеткізу шарттарын жасайды.
9. Мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және жыл сайын жаңарту астықты республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алу және астықты мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан аудару жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және жаңарту үдерісінде босаған астық көлемі мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына жіберіледі.
10. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды агент:
мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сатудан, берілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талап ету құқықтарын іске асырудан, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көздердің есебінен отандық астық өндірушілердің ұсынысы негізінде (оферті) олардан астық сатып алу;
мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан ауыстыру;
қайтару коэффициенте ескере отырып, бұрын берілген жемдік несиені қайтару жолымен жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін жемдік астықтан құралуы тиіс.
12. Мемлекеттік тұқым ресурстарын калыптастыруды және жаңартуды агент:
мемлекеттік тұқым ресурстарын сатудан, мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көздердің есебінен аттестатталған өндірушілерден олардың ұсынысы (оферті) негізінде тұқым сатып алу;
тұқымды мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан ауыстыру;
бұрын берілген тұқымдық несиені қайтару жолымен жүзеге асырады.
13. Мемлекеттік тұқым ресурстарына жеткізілетін сұрыптық тұқым Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттарға жатқызылуға, ал сұрыптық және себу сапалары бойынша мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
дәнді дақылдар (жүгеріден басқа) - бірінші-төртінші репродукциялы, сұрыптық тазалығы екінші санаттан және себу стандартының екінші сыныбынан төмен емес;
жүгері сұрыптары мен будандарының тұқымы - бірінші-үшінші репродукциялы, сұрыптық тазалығы екінші санаттан, себу стандартының екінші сыныбынан, бірінші буындағы будандардан төмен емес;
күнбағыс тұқымы - бірінші репродукциядан, сұрыптық тазалығы екінші санаттан, себу стандартының екінші сыныбынан, бірінші буындағы будандардан төмен емес;
басқа ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымы - бірінші-үшінші репродукциялы, сұрыптық тазалығы екінші санаттан және себу стандартының екінші сыныбынан, бірінші буындағы будандардан төмен емес.
14. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және жаңарту:
егер уәкілетті орган тиісті облыс бойынша мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квоталарын бекіткен болса және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары қалыптастырылмаған жағдайда, отандық астық өндірушілерден астық сатып алу. Бұл ретте тиісті облыс бойынша мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квотасы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының уәкілетті органға ұсынған өтінімдері негізінде белгіленеді;
отандық астық өндірушілерден олардың ұсынысы негізінде (оферті) астық сатып алу;
мемлекеттік астық ресурстарының басқа түрлерінен ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін азық-түліктік астықтан құралады.
16. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен, агенттің басқаруына берілетін қаражат есебінен астық сатып алу (өтеп алу) жолымен жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру, егер облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға тиісті өтінімдерді жіберген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға тиісті жылғы шілденің бірінші он күндігінен кешіктірмей қажетті мөлшерді көрсете отырып, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады. Уәкілетті орган көрсетілген өтінімдерге сәйкес бір ай мерзімде мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарына облыстар бөлінісінде астық сатып алу квоталарын бекітеді. Облыстың жергілікті атқарушы органы уәкілетті орган астық сатып алу квоталарын бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде жалпы түсімнің пайыздық қатынасында тиісті облыстың астық дақылдарының екі жүз елу және одан көп гектар eгic алқаптары бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарына азық-түліктік астықты жеткізу мөлшерін бекітеді.
18. Агент мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуды күнтізбелік жыл бойына қамтамасыз етеді.
19. Агенттің астық өндірісіне қатысуы:
өнім бөлу туралы жасалған келісім негізінде отандық астық өндірушілерге қаржы ресурстарын беру жолымен;
тұқым несиесін беруге және (немесе) тұқым сатуға жасалған шарт негізінде отандық астық өндірушілерге тұқым беру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте дәнді дақылдардың екі жүз елу және одан көп гектар eгic алаңы бар және онымен агент өнім бөлу туралы келісім жасасқан отандық астық өндірушісіне ағымдағы жылы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізудің келісімде көзделген көлемі, егер уәкілетті орган тиісті облыс бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын белгілеген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен жыл сайынғы бекітілетін астықтың жалпы түсіміне пайыздық қатынаспен мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Қаржыландыру көлемі, берілетін қаржы ресурстары бойынша сыйақы ставкалары, сондай-ақ қаржыландыруды алатындардың санаттары агент пен уәкілетті орган арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
20. Егер астық өндірушілер ұсынған астықтың сату бағасы сатып алу бағасынан артық болмаған, ал жеткізу шарты мен ұсынылатын астықтың сапалық көрсеткіштері осы Ережеде белгіленген талаптарға және мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы агент пен уәкілетті орган арасындағы шартқа сәйкес болған жағдайда, агент отандық астық өндірушілердің офертасын қабылдайды.
21. Астық өндірушілерден астық сатып алу мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуға белгіленген квота шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
22. Астық экспорттаушылардан астық сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
23. Қажет болған жағдайда мемлекеттік астық ресурстарын тиімді басқару мақсатында агент айырбастау шарты негізінде мемлекеттік азық-түліктік астық резервінен басқа, мемлекеттік астық ресурстарын айырбастауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану
24. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын пайдалануды агент жемдік несие беру және сату арқылы жүзеге асырады.
25. Жемдік несие беру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде бөлінетін несие құнының 10 пайызынан аспайтын мөлшердегі қайтару коэффициентін ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негізде жүзеге асырылады.
Несие алушы жемдік несиені алу үшін агентке мынадай құжаттарды тапсырады:
жазбаша өтінім;
несие алушыда малының және (немесе) құсының болуын растайтын құжат;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді беру дайындығын растайтын құжат.
Несиені қайтару несие беру шартында анықталған мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сату алдын ала төлеу не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде төлеу мерзімін ұзарту шартымен жүзеге асырылады.
27. Агент мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдалануды тұқымдық несиені беру және сату жолымен жүзеге асырады.
28. Тұқымдық несие беру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі берілген кезде бөлінетін несие құнының 10 пайызынан аспайтын мөлшердегі қайтару коэффициентін ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негізде жүзеге асырылады.
Тұқымдық несиені алу үшін несие алушы агентке мынадай құжаттарды тапсырады:
жазбаша өтінім;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді беру дайындығын растайтын құжат.
Тұқымдық несиені қайтару ағымдағы жылғы егіннің азық-түліктік астығын не сұрыптық тұқымдарын несие беру шартында анықталған мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте агент тұқым сатып алу мақсатында келіп түскен азық-түліктік астықты сатуды жүзеге асырады.
29. Тұқымды сату алдын ала төлемі болған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету берілген жағдайда жүзеге асырылады. Тұқымды сатып алу кезінде сатып алушылар агентке өтінішті және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін береді.
30. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында пайдалану үшін тиісті орталық мемлекеттік орган Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған шешімінің жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын астықты экспорттық жеткізуді, ішкі нарықта сатуды және мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын жаңартуды қамтамасыз ету мақсатында пайдалануды агент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жүзеге асырады.
31. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану уәкілетті органның шешімі негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған астық өңдеу ұйымдарына (бұдан әрі - астық өңдеу ұйымдары) тендер негізінде сату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары тиісті жылдың 1 қаңтар - 1 шілде кезеңінде сатылуы тиіс.
32. Ай сайын, астық сатудың алдыңғы айының жиырмасы күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын сатуға жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының колы қойылып, мыналар көрсетіле отырып өтінім жіберіледі:
1) мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астық көлемі - тиісті айға ай сайынғы қажеттілік шегінде;
2) астық өңдеу ұйымдарының деректемелері.
33. Агент уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша алдын ала жүз пайыз ақы төлеу шартымен астық өңдеу ұйымдарымен мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын жеткізу шарттарын жасасады.
34. Мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарын астығының сату құнына сатып алу бағасы, агенттің комиссиялық сыйақысы кіреді.
Мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу үшін сатып алу бағасынан төмен бағамен (өткізуге жұмсалған шығыстарды ескере отырып) пайдаланған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бағаланған шығын ақша резервінің қаражаты есебінен өтеледі. Ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің шығыны бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
35. Мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын агент астық өңдеу ұйымдарына жеткізуді олар мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын алдын ала жүз пайыздық төлем бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырады.
36. Мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын ішкі нарықты реттеу үшін сатудың қажеттілігі болмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Ереженің 31-тармағында көрсетілген кезең ішінде ай сайын уәкілетті органға тиісті жазбаша ақпаратты жолдайды.
37. Агент қажет болған жағдайда мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының ай сайынғы қажеттілігін нарық бағасы бойынша ішкі нарықта не экспортқа:
осы Ереженің 36-тармағында көзделген;
жергілікті атқарушы органдар осы Ереженің 32 - және 36-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамаған;
астық өңдеу ұйымдары осы Ереженің 35-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда дербес сатады.
4. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру
38. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі қызметтерді сатып алуды агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Заңға, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
39. Мемлекеттік астық ресурстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен астықты сақтауға рұқсат берілген астық қабылдау кәсіпорындарында сақталады.
40. Астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді.
Дәнді, майлы дақылдардың сұрыптық және буданды тұқымы астық қабылдау кәсіпорындарында бұл үшін арнайы бөлінген тұқымның бүлінуін толық сақталуын және басқа дақылдармен және сұрыптармен араласып кетпеуін толық қамтамасыз ететін астық қоймаларында орналастырылады және сақталады.
41. Астық қабылдау кәсіпорындары уәкілетті органға және агентке қажетті ақпаратты және мемлекеттік астық ресурстарын сақтау жөніндегі есепті ұсынады.
42. Агент белгіленген көлем шегінде мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.
43. Мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын сақтау мен орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын сақтау мен орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар оларды пайдаланудан түскен қаражат, сондай-ақ агенттің иелігіндегі өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда агент астықты сақтау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу есебіне астық қабылдау кәсіпорнына тараптардың келісімінде белгіленген баға бойынша астық колхатында индоссамент жасау арқылы мемлекеттік ресурстардың сақталудағы астығының (мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қоспағанда) тиісті мөлшерін береді.
44. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарындағы және мемлекеттік сатылатын ресурстардағы астықтың сапасын сертификаттау және сараптау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды пайдаланудан түскен қаражат есебінен жүргізіледі.
45. Мемлекеттік ресурстардағы тұқым сапасын сараптау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын
операцияларды қаржыландыру
46. Агентке мемлекеттік астық ресурстарын басқарғаны үшін сатылған астық құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланудан алынған қаражат есебінен комиссиялық сыйақы көзделеді.
47. Мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланудан түсетін ақша агенттің банк шоттарында жинақталады және осы Ережеде көзделген мақсаттарға пайдаланылады.
48. Агент мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдаланудан түскен ақша қаражатын мемлекеттік астық ресурстарын сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген сомаға тең мөлшерінде республикалық бюджетке аударуды қамтамасыз етеді.
49. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен ақша қаражаты агенттің басқаруында қалады.
50. Мыналарды:
1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін пайдалануға байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдалануға байланысты шығыстар тиісті мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан алынған қаражат есебінен төленеді;
3) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын:
осы Ереженің 30-тармағының бірінші және екінші абзацтарында көзделген мақсаттарға пайдалануға байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
осы Ереженің 30-тармағының үшінші абзацында көзделген мақсаттарға пайдалануға байланысты шығыстар мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдаланудан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
4) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын:
ішкі нарықты реттеу үшін пайдалануға байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
осы Ереженің 37-тармағымен көзделген жағдайда пайдалануға байланысты шығыстар мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын сатудан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
51. Мемлекеттік астық ресурстарын сатудан алынған таза кіріс (бұдан әрі - таза кіріс) мемлекеттік (республикалық) меншік болып табылады, агенттің басқаруында болады және ақша резервін қалыптастыру мен толықтыруға бағытталады.
52. Таза кіріс, сондай-ақ мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиттерінде және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздарға орналаса алады.
Уақытша бос ақшаны депозиттерге және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған сыйақыны агент осы Ережеде көзделген мақсаттарға бағыттайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 наурыздағы
N 394 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылды деп танылуға
жататын шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттiк ресурстар мен резервтiң астығын пайдалану тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 460-құжат) 1 және 3-тармақтары.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1964 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 563-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi абзацтары.
3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне тұқымдық мақсатқа күрiштiң астықтық несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 425 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 165-құжат) 3-тармағы.
4. "Мемлекеттiк ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегi N 1455 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 471-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтары.