Мемлекеттiк ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қыркүйек N 1455

      Астықтың мемлекеттiк ресурстары мен резервiн басқаруды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 P991506_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 460-құжат):
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы есепшотына..." деген сөздер "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шотына..." деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 P991963_ қаулысындағы:
      2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
               қаулысымен. P010394_
      2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу бағдарламасын iске асыру үшiн Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шот ашсын.
      3. "2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 P991963_ (2-тармақ) және "Отандық тауар өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 8 ақпандағы N 187 P000187_ қаулыларымен айқындалған мақсаттарға төлем ақыларды жүргізу Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотының тағайындалуы арқылы айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiндегi "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотындағы осы қаулының 3-тармағына сәйкес мақсаттарға арналған ақшадан басқа ақшаны "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында жаңадан ашылған валюталық және теңгелiк арнаулы шотына аударуды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы

министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 1999 жылғы астықты мемлекеттiк 
ресурстарға сатып алу үшiн бөлiнген кредиттiк қаражаттар бойынша 
келiсiмдердi қайта жасасуды қамтамасыз етсiн.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.