1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарынан Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2000 жылдың егiс науқанының мұқтаждарына екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiгiмен 6000 (алты мың) тонна күрiш түрiнде Қызылорда облысының элеваторларында сақтаулы тұқымдық несие берсiн.
2. Қызылорда облысының әкiмi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына астықтық несиенi 2000 жылдың I желтоқсанына дейiн мерзiмде, 1,08 қайтару коэффициентiмен уақытылы қайтаруын қамтамасыз етсiн. 3. <*> Ескерту. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен. P010394_ 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.