Астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1675 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнің         
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1675 қаулысымен   
бекітілген       

Астық сапасын сараптау тәртiбiне және
астық сапасы паспортын беруге қойылатын
талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы астық сапасының сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi – Талаптар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды анықтайды.
      2. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолданылатын, сәйкестiктi бағалаудың ресми танылған объектiлерi;
      2) астық партиясы – атауы (түрі) бір, сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге және (немесе) сақтауға арналған, астық сапасы туралы бір құжатпен рәсiмделген астық мөлшері;
      3) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      4) астық сапасын сараптау – көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынауды, астық сапасы паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;
      5) астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана – астық сапасын сараптауды жүргiзу және астық сапасы паспортын беру құқығына Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана (бұдан әрі – зертхана);
      6) өтiнiм берушi – астық сапасын сараптауды жүргiзуге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;
      7) сынау – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген рәсімге сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция.
      3. Зертхана жүзеге асыратын астық сапасын сараптау жөнiндегi жұмыс түрлерi аккредиттеу саласында анықталады және аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
      4. Астық сапасын сараптауды белгiленген тәртiппен аттестатталған зертхана мамандары жүргiзедi.
      5. Астық сапасы паспорттарының бланкiлерi үш парақты нысаннан (түпнұсқа, телнұсқа, көшірме) тұрады және қатаң есептілік бланкiлері болып табылады. Астық сапасы паспорттарының шығарылатын бланкілерін есепке алуды ұйымдастыру мақсатында астық сапасы паспортының түпнұсқасында, телнұсқасында және көшiрмесінде бiрдей нөмiрі болады.
      6. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы сұр түсті, астық сапасы паспортының телнұсқасы – көгілдір түсті, астық сапасы паспортының көшiрмесi – көк түсті болады.
      7. Астық сапасы паспорты бланкісінің үш қорғаныс дәрежесi бар:
      1) нөмірленуі;
      2) «Паспорт» деген су белгісі;
      3) рамкасы.
      Сатып алынатын бланкілердің қорғаныс дәрежесiн өзгертуге және толықтыруға жол берілмейді.

2. Астық сапасын сараптау тәртiбiне
қойылатын талаптар

      8. Астық сапасын сараптау төменде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі:
      1) өтiнiм берушi зертханаға осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада астық сапасын сараптауды жүргізуге өтінім береді (бұдан әрі – өтінім), ол өтінімдер тіркеу журналында тiркеледі. Өтінімнің бір данасы өтiнiм берушiге қайтарылады;
      2) зертхананың меңгерушiсi өтінімді қарайды, зертхананың маманы анықталады, оған тапсырма мен өтiнiмнiң көшiрмесi беріледі;
      3) астық сапасын сараптау зертхана мен өтiнiм берушi арасында жасалған астық сапасын сараптау бойынша жұмыс жүргiзу туралы шарттың негiзiнде жүргiзiледі.
      9. Астық сапасын сараптау:
      1) көлiк құралын (қойманы) зерттеуді;
      2) сынаманы іріктеу мен сынауды;
      3) астық сапасы паспортын рәсiмдеуді қамтиды.
      10. Көлiк құралын астықты тиеу сәтiне дейiн бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иiстiң болуына және зиянкестермен залалдану мәнiне тексеруді зертхана маманы жүргізеді.
      11. Осы Талаптардың 10-тармағында көрсетілген жағдайлардың біреуі анықталған жағдайда осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес көлік құралын жарамсыз деп тану актісі жасалады, оған зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiм берушiнiң өкiлдерi қол қояды.
      12. Қоймада сақталып тұрған астықтың сапасын сараптау кезiнде зертхана маманы қойманың зиянкестермен залалданғанына, ластанғанына тексеру жүргiзеді. Зертхана маманы зиянкестермен залалданғанын және ластанғанын анықтау үшiн қойманың толтырылмаған бөлiгiнен, технологиялық жабдықтан астықтың шашындысын, сыпырындысын іріктеп алады.
      Қойманың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарынан және (немесе) келісімшарт талаптарынан аса залалданғаны анықталған жағдайда астық сапасына сараптама жасау тоқтатылады және акт жасалады, оған зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiм берушiнiң өкiлдерi қол қояды.
      13. Сынамаларды іріктеу астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң қатысуымен өтiнiште көрсетiлген сынамаларды іріктеу әдiсiне сәйкес жүргiзiледі.
      Сынамаларды іріктеу осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеу актiсімен ресiмделеді. Сынамалар осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес № 1 нысандағы журналда тiркеледі.
      14. Сынақтар өтiнiмде көрсетiлген сапа көрсеткiштерi мен сынау әдiстерi бойынша зертханада жүргізiледі.
      Сынақтарды жүргізудің ұзақтығы астық сапасын сараптау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу туралы шартты жасасу кезінде келісіледі.
      Астық сапасы өтiнiм шарттарына сәйкес келмеген кезде зертхана меңгерушісі осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сапасы паспортын беруден бас тарту туралы шешімді ресiмдейді. Бұл ретте, өтінім беруші нақты орындалған жұмыстардың құнын төлейді.
      15. Күтпеген оқиға болған жағдайларда (асыра тиелгендік, қосымша сараптау қажеттілігі немесе уақытша жарамсыздық) қосалқы мердiгер шартымен басқа зертхананың нәтижелерi қабылдануы мүмкін.
      Бұл жағдайда іріктеп алынған, мөрленген және зертхананың маманы мен өтінім беруші қол қойған сынама осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініммен бірге басқа зертханаға жіберіледі. Осы көрсеткіш бойынша сынақ жүргізген зертхана осы Талаптарға 7-қосымшаға сәйкес сынақ хаттамасын береді.
      16. Өтiнiм талаптарын қанағаттандыратын астық сапасын сараптау нәтижелерiн алған кезде зертхананың маманы астық сапасы паспортын ресімдейді.
      Астық сапасы паспортының түпнұсқасы, телнұсқасы және көшiрмесi осы Талаптарға 89 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша анық толтырылады. Оларға түзетулер қате жазуды сызу, «Түзетулерге сену қажет» деген жазу енгізу, мөр мен қол қою арқылы жүргізіледі. Астық сапасының көрсеткіштерін түзетуге жол берілмейді.
      17. Астық сапасының паспортында:
      1) СЭҚ ТН коды;
      2) берiлген күнi, айы, жылы – айы жазбаша көрсетiледi;
      3) қолданылу мерзiмi;
      4) жөнелтушi – жөнелтушiнiң атауы көрсетiледi;
      5) жөнелту пунктi – жөнелту станциясының атауы көрсетiледi;
      6) астық қабылдау кәсiпорнының атауы;
      7) көлiк құралы (қойма) № – автокөлiктiң, вагонның, кеменiң немесе қойманың нөмiрi көрсетiледi;
      8) массасы – партияның массасы килограммен көрсетіледі;
      9) орын саны – ыдысқа салынған жүктер үшiн көрсетіледі немесе «үюлi түрде» деген жазумен – ыдыссыз жүктер үшiн көрсетiледi;
      10) алушы – алушының атауы және елi көрсетіледі;
      11) межелі пункт – межелі станцияның атауы көрсетіледі.
      Қалған бағандар мынадай түрде толтырылады:
      1) «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт» – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың нөмiрi және (немесе) келісімшарттың нөмiрi мен күнi көрсетіледі;
      2) «Дақылдың атауы» – астықтың осы түрiне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бойынша дақылдың атауы көрсетіледі, жүгерiге «астықта» немесе «собықта» деген сөздер қосылады, астық қоспасында қоспаның құрамы пайызбен көрсетіледі;
      3) «Түрі» – стандарт бойынша түрдің нөмірі рим санымен қойылады. Түрлердің қоспасына нөмірлерді және олардың құрамын көптігіне қарай қою керек;
      4) «Кіші түрі» – кіші түрдің нөмірі араб санымен қойылады. Кіші түрдің қоспасында кіші түрдің нөмірлері олардың көптігіне және құрамына қарай көрсетіледі;
      5) «Сынып» – сынып нөмiрi стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес араб санымен қойылады. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бойынша төменгi сыныптың нормаларын қанағаттандырмайтын астықты сыныпсыздық белгiсiн көрсету арқылы «сыныпсыз» деп айқындайды. Жарма дақылдарының астығына - егер ол стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сай болмаса «стандартты» немесе «стандартсыз» деп көрсету керек;
      6) «Түсi» – стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес түстің сипаттамасы берiледі. Түссiз бидай түссiздену дәрежесiмен сипатталады, мысалы: «II дәрежеде түссiзденген», қарайған астық «қарайған» деп анықталады; ұнды дәндер қоспасы есебiнен түсi бойынша ауытқуы бар қатты бидай - «түсi бойынша сай емес» деп айқындайды;
      7) «Иiсi» – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес көрсетiледі. Егер өтiнiштiң талаптарында басқа өзіндік емес иiстiң болуына жол берiлсе иiстiң атауы көрсетiлуi тиiс;
      8) «Залалдануы» – астық қорының зиянкестерiмен астықтың бүлiнуi және бүлiнудiң дәрежесi көрсетіледі. Бүлiну болмаған жағдайда «айқындалған жоқ» деп көрсетілуі тиіс;
      9) «Заттай күйі» – 1 граммға дейiнгі дәлдiкте граммен қойылады.
      10) «Ылғалдылығы» – стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта көзделген дәлдікпен ылғалдың нақты құрамы көрсетiледі.
      Жүгерi собықта болған жағдайда астықтың ылғалдылығы бөлшекпен белгіленеді, бөлiндiде – астықтың ылғалдылығы, бөлгiште – сабақтың ылғалдылығы көрсетілуі тиіс;
      11) «Жылтырлығы» – 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен бидайға және күрiшке көрсетіледі;
      12) «Дән маңызының массалық үлесi» – бидай дәніне 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен шикi дән маңызының мөлшері қойылады; жуылмайтын дән маңызы бар бидайға – «жуылмайтын» деп жазу керек;
      13) «Дән маңызының индексі» – толық санмен қойылады;
      14) «Дән маңызының сапасы» – шартты бiрлiктердiң саны (толық) көрсетiледі;
      15) «Тобы» – жазбаша жазылады (бiрiншi, екiншi, үшiншi), «жуылмайтын» кезде – бағанда сызықша қойылады;
      16) «Арамшөп қоспалары» – арамшөп қоспалары фракциясының қосындысы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен қойылады;
      17) «Дәндiк (майлы) қоспалар» – дәндiк (майлы) қоспалар фракциясының қосындысы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен қойылады.
      Егер арамшөп қоспалары немесе дәндiк (майлы) қоспа анықталмаған жағдайда, «0,0 %» көрсетiлуi тиiс, қоспа 0,05 %-дан кем болған жағдайда – нақты мөлшері қойылады, мысалы: «0,04 %» немесе «0,01 %»;
      18) «Құлау саны» – секундтағы құлау санының көрсеткiшi мен сынау әдiсi көрсетiледі;
      19) «Ақуыз» – сынау әдiсiн көрсете отырып абсолюттi құрғақ затқа арналған ақуыздың (протеиннiң) құрамы көрсетiледі;
      20) «Ерекше белгiлер» – қажет болған кезде көрсетiледі:
      егер астық кептiрiлген болса – «кептiрiлген»;
      газдау және газсыздандыру күндерi, фумиганттың атауы (eгep астық фумигацияланған болса);
      астықтан металмагниттi қоспа табылған жағдайда оның массасы 1 килограмм астықта 1 миллиграммға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      бидай қандала-бақашықпен зақымданған жағдайда осы зиянкеспен зақымданған дәннiң көлемі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетіледі;
      бидайда, тарыда қаракүйелі дән қоспалары болған кезде – олардың көлемі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетіледі;
      ақаулық дәрежесi (ашыған, зеңді-көгерген, шiрiген-көгерген иiсi бар астыққа);
      21) «Қосымша көрсеткiштер» – мұнда:
      стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта көзделмеген, бiрақ келісімшартта ескертілген сапа көрсеткiштерi, оларды сынау әдiстемесi және осы сынау әдiстемесiнде көзделген дәлдiктегi нәтижелер;
      астық сапасы паспортының бланкiсінде көрсетілмеген бағандар бойынша стандарттау жөніндегі нормативтік құжатпен көзделген сапа көрсеткiштерi көрсетiледі:
      ашытқы және спирт өндiрiсiне жеткiзiлетiн сыра қайнататын арпа және басқа дәндi дақылдар – өну қабiлетi (5-шi күнi) немесе 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен өмiрге қабiлеттiлігi (сыра қайнататын арпа) көрсетіледі;
      қарақұмық, тары, күрiш және жармалық сұлы – қауыздылығы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      жарма өндiруге тиеп жөнелтiлетiн сұлы, тары және қарақұмық – ядросының құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      кенепшөп және салалы зығыр майтұқымы – тазалығы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      жасымақ, асбұршақ, үрме бұршақ дән қоңызымен және жапырақ ширатқыш көбелекпен зақымданған кезде – зақымданған дәннің мөлшері 0,01 %-ға дейiнгі дәлдiкпен белгіленедi;
      дайындалатын және жемдiк сұлы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына қарай мәдени өсiмдiктердiң тұқымы мен дәнiнiң құрамы жиынтық бойынша немесе жеке-жеке көрсетіледі, бұдан басқа, жемдiк сұлыға – металдымагниттi қоспаның болуы 1 килограмға 1 миллиграмға дейiнгі дәлдiкпен және бөлшектердiң мөлшерi көрсетiледi;
      собықтағы жүгерi – дәннің шығымы 0,1 %-ға дейiн дәлдiкпен қойылады;
      күрiш – қызыл, сарғайған және глютинозды дәндердің болуы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен жеке-жеке көрсетiледi;
      қарақұмық және жармалық сұлы – астық қорларының өлi зиянкестерi санының данасы көрсетiледi;
      тары – сұр, қара қоңыр және қара түстес гүл қабыршақтары бар дәндердiң құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      балалар тағамына арналған тары, сұлы және қарақұмық – сәйкестiк сертификаттың нөмiрi көрсетiледi;
      күнбағыс тұқымы – майдың қышқылдық саны калий су қышқылымен 0,1 мг дейінгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      азықтық бөрiбұршақ – бөрiбұршақтың алколоидты тұқымының болуы 0,1 пайызға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      жармалық сұлы – бидайдың, полбаның, қара бидайдың және арпаның қосынды құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      балалар тағамына арналған дайындалатын және жармалық сұлы, қарақұмық, күрiш – қышқылдығы 1 градусқа дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      мақта тұқымы – тұқымның толық түктiлігі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi;
      22) «Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы» – зертхананың толық атауы көрсетiледi;
      23) «Аттестаттың №» – зертхананы аккредиттеу аттестатының нөмiрi көрсетiледi;
      24) «Қолы» – зертхана маманының қолы қойылады;
      25) «М.О.» – зертхананың мөрi қойылады.
      18. Егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта және (немесе) келісімшартта түрлерi, түртармағы, сыныбы немесе жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер көзделмесе, онда тиiстi бағанда сызықша қойылады.

3. Астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптар

      19. Астық сапасының паспортын беру сынау жүргізiлгеннен кейiн үш сағаттан кешiктірмей жүргізiледі.
      20. Астық сапасының паспорты бiр мекенжайға көлiк құралының бiр түрiмен (автомобиль, вагон, кеме) тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған астықтың әрбiр біртекті партиясына берiледi.
      Астық сапасының паспорты жүргізілген сынаулар туралы жазбалардың (сынаулар хаттамасы немесе тiгiлген, нөмiрленген және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлген сынау нәтижелерін тіркеу журналы) негiзiнде берiледi.
      21. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы мен телнұсқасы өтiнiм берушiге берiледі. Астық сапасы паспортының көшiрмесi зертханада қалады және үш жыл ішінде сақталады.
      22. Астық сапасы паспортының қолданылу мерзiмі зертханада белгiленедi, бiрақ ол күнтiзбелiк 30 күннен аспауы тиіс.
      23. Зертхананың маманы мен өтiнiм берушiнің өкілі буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын зертханада мына мерзiм iшiнде:
      1) тиеп жөнелтiлген және сақталудағы партияларға – астық сапасы паспортының қолдану мерзiмнің iшiнде;
      2) сапа бойынша келіспеушiлiктер кезінде – түсiнiспеушiлiктердi қарауды толық аяқтағанға дейiн сақталады.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 1-қосымша   

20 __ жылғы «___»______________
20 __ жылғы «___»______________

№_____ астық сапасына сараптау жүргізуге
арналған өтінім

Өтінім беруші _____________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны/факсы ____________________________________________________
Алушы _________________________, межелі станция _____________________
___________________________________________ тиеп жөнелтуге арналған,
      (жеткізілетін ел)
________________________________________ астық қабылдау кәсіпорнында
(астық қабылдау кәсіпорнының атауы)
сақтаулы, салмағы _____ тонна болатын _______________________ астығы
                                          (дақылдың атауы)
партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймыз.
Сараптама жүргізуге жататын астық ___________________________________
____________________________________________________________________
(стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың және (немесе) келісімшарттың нөмірі) талаптарына сай болуы тиіс.
Тиеп жөнелту ___________________________________________ жүргізіледі.
                        (тиеп жөнелту күні)
Сынамаларды іріктеу _____________________________ сәйкес жүргізіледі.
                        (стандарт нөмірі)
Сынақтар мынадай көрсеткіштер және сынақ әдістемелері бойынша жүргізіледі:
_________________________ ______________________ ___________________
    (көрсеткіш атауы)       (стандарт нөмірі)       (келісімшарт
                                                      талаптары)
_________________________ ______________________ ___________________
_________________________ ______________________ ___________________
_________________________ ______________________ ___________________
Астықтың сапасын сараптау рәсімімен байланысты шығындарды оның нәтижелеріне қарамастан ____________ шартқа сәйкес төлеуге міндеттенеміз.
Өтінім беруші _______________ ________________________________
                  (қолы)                   (Т.А.Ә.)

М.О.

Қабылданды: ________________________________________________________
            (қолы, Т.А.Ә., басшының лауазымы, зертхананың атауы)

Күні: "__" _____________ 20__ жыл.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 2-қосымша   

Көлік құралын жарамсыз деп тану
актісі

20__ жылғы "___" __________ ________________________________________
                                          (АҚК атауы)

Мынадай құрамдағы комиссия:
астықтың сапасын сараптау жөніндегі зертхананың маманы ______________
____________________________________________________________________,
                        (зертхананың атауы, Т.А.Ә.)
өтінім берушінің өкілі _____________________________________________,
                                    (лауазымы, Т.А.Ә.)
астық қабылдау кәсіпорнының өкілі ___________________________________
____________________________________________________________________
(астық қабылдау кәсіпорнының атауы, лауазымы, Т.А.Ә.)
анықтады, көлік құралдары: ______________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(көлік құралдарының атауы және №№)
бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иістің, зиянкестермен залалдануы (керегінің астын сызу қажет) болғандығынан астықты тасымалдау үшін жарамсыз деп танылды.

Қолдары:
Зертхана маманы: _________________________
Өтінім берушінің өкілі: _________________________
Астық қабылдау кәсіпорнының өкілі: _________________________

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 3-қосымша   

Сынамаларды іріктеу aктiсі 20 __ жылғы «___» _______________

Мен, _______________________________________________________ маманы,
      (зертхананың атауы, Т.А.Ә.)
_________________________________________________________ қатысуымен
      (астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________________________________________________ қатысуымен
      (өтiнiм берушi өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
      (сынамалар іріктелген орын: астық қабылдау кәсiпорнының атауы)
келесі көрсеткiштер бойынша _________________________________________
___________________________________________________________________
астық сапасының __________________ талаптарына сәйкестігіне сынақ
жүргізу үшін ______________________________ № _______________ силоста
сақтаулы партиядан салмағы ____________ тонна _______________________
___________________________________________ сәйкес сынамалар алынды.
      (нормативтік құжат)
Салмағы 2000 грамм сынама, астықты тиеп жөнелту кезiнде әрбiр вагондық партиядан алынды, ____________________________ буып-түйілді,
мөрленді және ___________________________________ сақтауға арналған.
            (астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
Ескерту: бiр сынамаларды іріктеу aктiсі бiр өтiнiш берушiмен бiр келісімшарт бойынша бiр күн iшiнде тиеп жөнелтілетін астықтың вагондық партиясына әрбiр ыдыс-орынды (вагонды) көрсете отырып жасалуы мүмкін.
Вагондардың №№: ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Салмағы 2000 грамм сынама ___________________________ буып-түйілді,
_______________________________________________________ мөрлендi және
      (кiммен, қалай)
__________________________________________________ жiберуге арналған.
      (астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
Сынамалар алу уақыты: __ сағат__ минуттан бастап, __ сағат __ минутқа дейiн.
Маман: _________________ _____________________________________
            (қолы)                   (Т.А.Ә.)
АҚК өкiлi: _________________ _____________________________________
                  (қолы)                   (Т.А.Ә.)
Өтiнiм берушiнiң өкiлi: ________________ ____________________________
                              (қолы)             (Т.А Ә.)

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 4-қосымша   

№ 1 нысан

Астық сынамаларын тiркеу журналы*

Рет

Күні

Өтінім беруші (Т.А.Ә.)

Дақылдың атауы

Көлiк құралының (қойманың) №

Партияның массасы, кг

Сынамалар іріктеуді жүргiзiлген АҚК атауы

Сынаманы қабылдаған маманның Т.А.Ә., қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.








3.








4.








5.








      * - тiгiлген, нөмiрленген және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлген болуы тиіс.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 5-қосымша   

Астық сапасының паспортын беруден бас тарту туралы
шешім

____________________________________________________________________
                        (зертхана атауы)
_____________________________________ аккредиттелген сынау зертханасы
Заңды мекенжайы ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефон/факс ______________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (астық қабылдау кәсіпорнының атауы)
______________________ астық қабылдау кәсіпорнында сақталып тұрған массасы ______ тонна ____________________________ астығы партиясының
                        (дақылдың атауы)
сапасына сараптау жүргізуге берілген _______________________________
                              (өтінім берушінің Т.А.Ә., мекенжайы)
_____________________________________________________________________
20__ жылғы "__"___________________ № _______ өтінімін қарап, оны
                                    (өтінім №)
қанағаттандырудан келесі себептер бойынша бас тартамыз:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Маман: ______________________ _________________________________
            (қолы)                         (Т.А.Ә.)
М.О. Күні: «__» _____________ 20__ жыл.
Өтінім беруші: ___________________ ________________________________
                    (қолы)                        (Т.А.Ә.)
АҚК өкiлi: _________________ _____________________________________

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 6-қосымша   

____________________________________________________________________
(сынаманы сынаққа жiберiп отырған астық сапасын сараптау жөніндегі зертхананың атауы)
____________________________________________________________________
(сынама жiберiлiп отырған астық сапасын сараптау жөніндегі зертхананың атауы)

Өтiнiм

__________________________________________________________ астығының
                        (дақылдың атауы)
_______________________________________________________ сынамаларына
            (сынамалардың тiркеу нөмiрлерi)
____________________________________________________________________
                  (көрсеткiштiң атауы және сынақ әдiсi)
______________________ көрсеткiштер бойынша сынақ жүргізуді сұраймыз.

Зерхана меңгерушісі: ______________ ____________________________
                        (қолы)                   (T.А.Ә.)
M.O.
Күні: "__" _____________ 20__ жыл.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 7-қосымша   

____________________________________________________________________
(астық сапасын сараптау жөніндегі зертхананың атауы)
____________________________________________________________________
(аккредиттеу аттестатының №)
____________________________________________________________________
(мекенжайы)

№ ___ сынақ хаттамасы

Өтiнiм берушiнiң атауы ______________________________________________
Дақылдың атауы _____________________________________________________
Сынама ___________________________________________________ іріктелді.
                        (кім, қай жерден)
Сынаманың массасы ____ килограмм. Түскен күнi "___" _______ 20__ жыл.
_____________________________________________________ өтiнiмi бойынша
  (астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
Сынақ жүргiзiлген күн "___" _____________ 20__ жыл.

Сапа көрсеткiштерi

Сынақ әдiсi

Нақты нәтиже

1

2

3













Қоршаған ортаның жағдайы:
Қоршаған ортаның температурасы, ________ оС.
Салыстырмалы ылғалдылық, ________ %.

Орындаушылар:
Маман: _____________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., қолы)
Зертхана меңгерушiсi: _______________________________________________
                              (Т А.Ә., қолы)

M.O.
Берiлген күнi: "___" ___________ 20__ жыл.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 8-қосымша   

АСТЫҚ САПАСЫ ПАСПОРТЫ № 0000001
________________________________
|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
СЭҚ ТН коды

"__"______________ 20__ жыл.
"__"______________ 20__ жылға дейiн жарамды.

Жiберушi ___________________________________________________________
Жiберу пунктi _______________________________________________________
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы ___________________________________
Көлiк құралы (қойма) № _____________________________________________
Массасы _____________ килограмм. Орын саны __________________________
Алушы ______________________________________________________________
Межелі пунктi _______________________________________________________
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт
__________________________________________________________________
Дақылдың атауы _____________________________________________________
Түрі _______________. Кіші түрі ________________. Сыныбы ___________
Сапа көрсеткіштерi:
Түсi _______. Иiсi __________. Залалдануы __________________________.
Табиғаты _____ грамм/литр. Ылғалдылығы _____ %. Жылтырлығы ________%.
Дән маңызының массалық үлесi________%. Дән маңызының индексі _______.
Дән маңызының сапасы _________ шартты бірлік. Тобы _________________.
Қоспалар:
Арамшөп қоспалары _____________ %.
Дәндiк (майлы) қоспалар __________ %, оның ішінде:
_______________________________ %
_______________________________ %
_______________________________ %
Құлау саны __________________ секунд. Ақуыз ______________________ %.
Ерекше белгiлер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша көрсеткіштер _______________________________________________
____________________________________________________________________
Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы ____________________
____________________________________________________________________
Аттестаттың №___________. Қолы _____________________________________
                                          (Т.А.Ә.)

М.О.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 9-қосымша   

АСТЫҚ САПАСЫ ПАСПОРТЫНЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫ № 0000001
________________________________
|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
СЭҚ ТН коды

"__"______________ 20__ жыл.
"__"______________ 20__ жылға дейiн жарамды.

Жiберушi ___________________________________________________________
Жiберу пунктi _______________________________________________________
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы ___________________________________
Көлiк құралы (қойма) № _____________________________________________
Массасы _____________ килограмм. Орын саны __________________________
Алушы ______________________________________________________________
Межелі пунктi _______________________________________________________
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт
__________________________________________________________________
Дақылдың атауы _____________________________________________________
Түрі _______________. Кіші түрі ________________. Сыныбы ___________.
Сапа көрсеткіштерi:
Түсi _______. Иiсi __________. Залалдануы __________________________.
Табиғаты _____ грамм/литр. Ылғалдылығы _____ %. Жылтырлығы ________%.
Дән маңызының массалық үлесi________%. Дән маңызының индексі _______.
Дән маңызының сапасы _________ шартты бірлік. Тобы _________________.
Қоспалар:
Арамшөп қоспалары _____________ %.
Дәндiк (майлы) қоспалар __________ %, оның ішінде:
_______________________________ %
_______________________________ %
_______________________________ %
Құлау саны __________________ секунд. Ақуыз ______________________ %.
Ерекше белгiлер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша көрсеткіштер _______________________________________________
____________________________________________________________________
Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы ____________________
____________________________________________________________________
Аттестаттың №___________. Қолы _____________________________________
                                          (Т.А.Ә.)

М.О.

Астық сапасын сараптау   
тәртібіне және астық сапасы
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 10-қосымша   

АСТЫҚ САПАСЫ ПАСПОРТЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ № 0000001
____________________________
|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
СЭҚ ТН коды

"____" ______________ 20__ жыл.
"____" ______________ 20__ жылға дейiн жарамды.

Жiберушi ___________________________________________________________
Жiберу пунктi ______________________________________________________
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы __________________________________
Көлiк құралы (қойма) № _____________________________________________
Массасы _____________ килограмм. Орын саны _________________________
Қабылдаушы ________________________________________________________
Межелі пункт _______________________________________________________
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт
____________________________________________________________________
Дақылдың атауы _____________________________________________________
Түрі _______________. Кіші түрі ____________. Сыныбы ______________.
Сапа көрсеткіштерi:
Түсi _________. Иiсi _____________. Залалдануы ____________________.
Табиғаты _____ грамм/литр. Ылғалдылығы _____ %. Жылтырлығы ________%.
Дән маңызының массалық үлесi________%. Дән маңызының индексі _______.
Дән маңызының сапасы _________ шартты бірлік. Тобы _________________.
Арамшөп қоспалары _____________ %.
Дәндiк (майлы) қоспалар __________%, оның ішінде:
_______________________________ %
_______________________________ %
_______________________________ %
Құлау саны __________________ секунд. Ақуыз ______________________ %.
Ерекше белгiлер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша көрсеткіштер _______________________________________________
____________________________________________________________________
Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы ____________________
____________________________________________________________________
Аттестаттың №___________. Қолы _____________________________________
                                          (Т.А.Ә.)

М.О.