Туризм жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .

      Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.<*>
      2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін. <*>
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң 2000 жылғы        
30 қазандағы N 1631         
қаулысына              
қосымша                

       Ескерту.   Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N  361 ,   2001.09.25. N  1233 , 2002.04.03. N  397 , 2003.04.23. N  387 , 2003.10.16 N  1059 , 2004.02.19.  N 194 ,   2004.07.30. N  807 , 2005.02.28.  N 173 , 2007.11.30.  N 1155  қаулыларымен.

  Туризм жөніндегі Кеңестің құрамы

Орынбаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы        орынбасары, төраға

Досмұхамбетов          - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы     спорт министрі, төрағаның орынбасары

Қамзебаева             - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дариға Үсейінқызы        спорт министрлігі Туризм және спортты
                         дамыту стратегиясы департаментінің
                         директоры, хатшы

Мусин                  - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қобыланды Нұрғалиұлы     спорт министрлігінің жауапты хатшысы

Айтжанов               - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы            шаруашылығы вице-министрі

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы           коммуникация вице-министрі

Қазыханов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы            министрінің орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Ердәулетов             - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Станислав Рамазанұлы     университеті туризм кафедрасының
                         меңгерушісі, география ғылымдарының
                         докторы, экономика ғылымдарының кандидаты,
                         Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі
                         (келісім бойынша)

Қалиев                 - Қазақстан ұлттық туристік ұйымдар
Жекен Қалиұлы            конфедерациясының президенті, Қазақстан
                         Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының
                         ықпал ету қауымдастығының төрағасы
                         (келісім бойынша)

Шаяхметов              - Қазақстан Республикасы Балалар және жастар
Асхат Ғалиұлы            туристік ұйымдары қауымдастығының
                         президенті (келісім бойынша)

Кеңестiң мүшелерi

Раева Роза Әбдіхамитқызы  - Қазақстан Туристiк Ассоциациясының
                            президентi 

Алшанов                   - Халықаралық қоғамдық академияның
Рахман Алшанұлы             ректоры (келiсiм бойынша)

Дүйсенғалиев              - Дүниежүзiлiк туристiк ұйымы
Тимур Талашұлы              Iскерлiк кеңесiнiң мүшесi 
                            (келiсiм бойынша)

Лавриненко                - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович               және коммуникациялар бiрiншi
                            вице-министрi

Елеусiзов                 - Қазақстанның "Табиғат" қауымдастықтар
Мэлс Хамзаұлы               мен кәсiпорындар экологиялық одағының
                            төрағасы (келiсім бойынша) 

Никитинский Евгений       - Қазақстан "АЛАРК" жеңіл авиация
Сергеевич                   қауымдастығының президенті (келісім
                            бойынша)      

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
2000 жылғы 30 қазандағы       
N 1631 қаулысымен          
бекiтiлген             

  Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже   <*>

       Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды. <*>
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .      
      2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
      3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 
      4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен
      5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
      5-1. Туризм жөнiндегi кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi. <*>
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен

  2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары <*>

       Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .

      6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi: 
      1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу; 
      2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 
      3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 
      4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу; 
      5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
      3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
      4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
      5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау; <*>
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .
      7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      өз құзыретi шегiнде: 
      1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
     2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
     3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
     4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк 
органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
     5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
     6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
     6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi; <*>
     7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
       Ескерту. 6-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен .

  3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

      8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.30.   N 1155  Қаулысымен.
      9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжiлiстiң күн тәртiбiн жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.<*>
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен
      10. <*>
       Ескерту. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен
      11. Кеңес мүшелерiне мәжiлiстiң күн тәртiбi, оның кезектi мәжiлiсiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжiлiске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады. 
      12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 
      13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi. 
      14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 
      15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады. 
      16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 
      17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжiлiске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжiлiс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттiк органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
     18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
     19. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28.  N 173 , 2007.11.30.  N 1155  қаулыларымен.

  4. Кеңес қызметiн тоқтату

     20. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247  қаулысында  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөнiндегi нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.