Ескерту. Тақырыбында және мәтінде "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы
30 қазандағы N 1631
қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 55 қаулысымен.
Туризм жөніндегі кеңес құрамы
Исекешев – |
Қазақстан Республикасы |
Төлеушин – |
Қазақстан Республикасының Индустрия және |
Танысбаев – |
Қазақстан Республикасы Индустрия және |
Жошыбаев – |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер |
Коржова – |
Қазақстан Республикасы Қаржы |
Құрманғалиева – |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және |
Әбдішев – |
Қазақстан Республикасының Қоршаған |
Байжүнісов – |
Қазақстан Республикасының Денсаулық |
Бектұров – |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Ескендіров – |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Орынханов – |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Толыбаев – |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Тыныбеков – |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Жарқынбаев – |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Омаров – |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары |
Тарасенко – |
Қазақстан Республикасының Парламенті |
Қанешев – |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Квятковский – |
Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Көшербаев – |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің |
Құдышев – |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Тұяқбаев – |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің |
Тұрдалиев – |
Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Ахмеров – |
«Қазақстандық индустрия дамыту |
Асанбаева – |
Қазақстан Туристік қауымдастығының |
Шәйкенова – |
Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар |
Елеусізов – |
«Табиғат» Қазақстанның қауымдастықтар |
Қалиев – |
Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар |
Сальников – |
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық |
Жансерікова – |
Қазақстанда қолөнер және этнотуризмді |
Мәуленқұлова – |
«Менің – Елім» ішкі туризмді дамыту |
Әбжанова – |
«Арман-Тур» жауапкершілігі шектеулі |
Дүйсенғалиев – |
Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Іскерлік |
Рей – |
«Фирма Саят» жауапкершілігі шектеулі |
Мырзахметов – |
«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық |
Арынов – |
«KAZNEX INVEST» экспорт және |
Әбиесов – |
«Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік |
Никитинский – |
Қазақстан Республикасы Жеңіл авиация |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 30 қазандағы
N 1631 қаулысымен
бекiтiлген
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
5-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 55 қаулысымен.
2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк
органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 6-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.30. N 1155 Қаулысымен.
9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжiлiстiң күн тәртiбiн жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
11. Кеңес мүшелерiне мәжiлiстiң күн тәртiбi, оның кезектi мәжiлiсiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжiлiске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады.
12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжiлiске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжiлiс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттiк органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
19. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28. N 173, 2007.11.30. N 1155 қаулыларымен.
4. Кеңес қызметiн тоқтату
20. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысында бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөнiндегi нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.