Ескерту. Тақырыбында және мәтінде "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына қосымша |
Туризм жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.02.2017 № 85; 22.06.2017 № 385 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан Республикасы Туристік одағының президенті, "Жайық-Орал" экологиялық экпедициясының басшысы (келісім бойынша)
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстандық қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
"Табиғат" Қазақстанның қауымдастықтары мен кәсіпорындары экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстанның туристік ұйымдарының ұлттық конфедерациясының президенті, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы жәрдемдесу қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғи ресурстар факультетінің деканы (келісім бойынша)
Қазақстанда қолөнер мен этнотуризмді дамыту орталығының директоры (келісім бойынша)
"Менің елім" ішкі туризмді дамыту қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
"Көкше" академиясының өкілі (келісім бойынша)
"Арман Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Дүниежүзілік туристік ұйымның іскерлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
"Фирма Саят" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша)
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы жеңіл авиациясы қауымдастығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Туризм" мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік комиссиясының мүшесі (келісім бойынша)
"Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
"Хан Тәңірі" туристік компаниясының бас директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысымен бекiтiлген |
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
5-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 55 қаулысымен.
2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк
органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 6-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.30. N 1155 Қаулысымен.9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; 22.02.2017 № 85 қаулысымен.10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
16. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.17. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
19. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.4. Кеңес қызметiн тоқтату
20. Кеңес өз қызметін Нұсқаулықта көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.