Туризм жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .

      Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.<*>
      2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін. <*>
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң 2000 жылғы       
30 қазандағы N 1631        
қаулысына             
қосымша               

      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 361 , 2001.09.25. N 1233 , 2002.04.03. N 397 , 2003.04.23. N 387 , 2003.10.16 N 1059  қаулыларымен.

Туризм жөніндегі Кеңестің құрамы

Марченко                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александр              Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                                төраға

Тұрлыханов                    - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дәулет Болатұлы                 спорт жөніндегі агенттігінің
                                төрағасы, төрағаның бірінші
                                орынбасары

Никитинский                   - Қазақстан Республикасының Туризм
Евгений Сергеевич               және спорт жөнiндегi агенттiгi
                                төрағасының орынбасары

Кеңестiң мүшелерi

Уәлиев                        - Қазақстан Республикасы Альпинизм
Қазбек Шәкiмұлы                 ұлттық қорының президентi
                                (келiсiм бойынша)

Қоңырбаев Уәліхан Сиянбекұлы  - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                                iстер министрлiгi Консулдық қызмет
                                департаментiнiң директоры

Раева Роза Әбдіхамитқызы      - Қазақстан Туристiк Ассоциациясының
                                президентi

Алшанов                       - Халықаралық қоғамдық академияның
Рахман Алшанұлы                 ректоры (келiсiм бойынша)

Дүйсенғалиев                  - Дүниежүзiлiк туристiк ұйымы
Тимур Талашұлы                  Iскерлiк кеңесiнiң мүшесi
                                (келiсiм бойынша)

Казанцев                      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Павел Олегович                  жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту
                                жөнiндегi комиссияның мүшесi,
                                Астана қаласы Кәсiпкерлердiң
                                құқықтарын қорғау жөнiндегi
                                ассоциациясының президентi

3әкiриянов                    - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайрат Хайроллаұлы              және спорт академиясының ректоры,
                                Спорттық туризм және туристiк
                                көпсайыс республикалық
                                федерациясының президентi
                                (келiсiм бойынша)

Савченко                      - "Қазақстан тұтынушыларының
Светлана Юрьевна                ұлттық лигасы" республикалық
                                қорының президентi
                                (келiсiм бойынша)

Коржова                       - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна               Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                                бiрiншi вице-министрi

Кәрменова                     - "Астана қаласының туризм орталығы"
Альмира Нұрқасқызы              еншiлес мемлекеттiк коммуналдық
                                кәсiпорнының директоры

Лавриненко                    - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович                   және коммуникациялар бiрiншi
                                вице-министрi

Уажанов                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тұрсын Үшбайұлы                 қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық
                                қызметi директорының орынбасары
                                (келiсiм бойынша)
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.19. N 194 қаулысымен .     

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2000 жылғы 30 қазандағы      
N 1631 қаулысымен         
бекiтiлген            

Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже <*>

      Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

     1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .     
      2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .
      5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
      5-1. Туризм жөнiндегi кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi. <*>
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .

2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары <*>

      Ескерту. 2-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .

      6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
      2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
      3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
      4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу;
      5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
      3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
      4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
      5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау; <*>
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .
      7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
      өз құзыретi шегiнде:
      1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
     2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
     3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
     4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк
органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
     5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
     6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
     6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi; <*>
     7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 6-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .

3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

     8. Кеңесті Төраға басқарады.
      Төраға Кеңестiң қызметiне басшылық жасайды, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның жалпы шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжiлiстiң күн тәртiбiн жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.<*>
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .
      10. <*>
      Ескерту. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен .
      11. Кеңес мүшелерiне мәжiлiстiң күн тәртiбi, оның кезектi мәжiлiсiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжiлiске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады.
      12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
      14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
      15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
      16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжiлiске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжiлiс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттiк органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
     18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
     19. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.

4. Кеңес қызметiн тоқтату

    20. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысында  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөнiндегi нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.