Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2005 жылғы 28 ақпандағы
N 173 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04 266 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      3. "Туризм жөнiндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат):

      1) Туризм жөнiндегі кеңестің құрамына мыналар енгізiлсiн:

      Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Индустрия және сауда

      министрi, төраға

      Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия

      Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi, төрағаның

      орынбасары

      Өскенбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және

      Қайырбек Айтбайұлы сауда министрлігінiң Сауда және туристiк

      қызметтi реттеу комитетiнiң төрағасы

      Қайсаров - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң

      Уәлихан Әбiшұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму

      комитетiнің хатшысы, Спорттық туризм

      және туристiк көпсайыс республикалық

      федерациясы қауымдастығының төрағасы

      (келiсiм бойынша)

      Елеусiзов - Қазақстанның "Табиғат" қауымдастықтар

      Мэлс Хамзаұлы мен кәсiпорындар экологиялық одағының

      төрағасы (келiсім бойынша)

      мына:

      "Никитинский - Қазақстан Республикасының Туризм және

      Евгений Сергеевич спорт жөнiндегі агенттігi төрағасының

      орынбасары

      Зәкiриянов - Спорттық туризм және туристiк көпсайыс

      Қайрат Хайроллаұлы республикалық федерациясының президенті,

      Қазақстан Республикасының Туризм және

      спорт академиясының ректоры (келiсiм

      бойынша)

      Казанцев - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

      Павел Олегович жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi

      комиссияның мүшесi, Астана қаласы

      кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау

      қауымдастығының президентi"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Никитинский - Қазақстан Республикасы Индустрия және

      Евгений Сергеевич сауда министрлігінiң Сауда және туристiк

      қызметтi реттеу комитетi төрағасының

      орынбасары

      Зәкiриянов - Орталық Азия бейiндi жоғары оқу орындары

      Қайрат Хайроллаұлы қауымдастығының президентi (келiсiм

      бойынша)

      Казанцев - Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын

      Павел Олегович қорғау қауымдастығының президентi

      (келiсiм бойынша)";

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Кәрменова Альмира Нұрқасқызы, Савченко Светлана Юрьевна, Тұрлыханов Дәулет Болатұлы, Уажанов Тұрсын Үшбайұлы шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Туризм жөнiндегi кеңес туралы ережеде:

      19-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).