Туризм жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбында және мәтінде "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.

      Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң 2000 жылғы        
30 қазандағы N 1631         
қаулысына              
қосымша                

 Туризм жөніндегі кеңес құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 55 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1371 қаулысымен.

Исекешев –
Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрі, төраға

Сауранбаев -
Нұрлан Ермекұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар вице-министрі,
төрағаның орынбасары

Иғалиев -
Марат Несіпқалиұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрлігі Туризм
индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы

Жошыбаев –
Рәпіл Сейітханұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Коржова –
Наталья Артемовна

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева –
Жанна Дулатқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы

Нысанбаев -
Ерлан Нұрланұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған
орта және су ресурстары вице-министрі

Байжүнісов –
Ерік Әбенұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау вице-министрі

Бектұров –
Азат Ғаббасұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Құсайынов -
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика
және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Балықбаев -
Тахир Оспанұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Толыбаев –
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Тұрғымбаев -
Ерлан Заманбекұлы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Жарқынбаев –
Жасер Әзімханұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

Шайжүнісов -
Аллен Сержанұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары

Тарасенко –
Елена Ивановна

Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
Республикасы Туристік одағының
президенті, «Жайық-Орал» экологиялық
экспедициясының жетекшісі (келісім
бойынша)

Әміржанов -
Рахымбек Маршалұлы

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Қайнарбеков -
Асхат Қанатұлы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Көшербаев –
Ермек Беделбайұлы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші
орынбасары

Құдышев –
Мұрат Тиішбекұлы

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Тұяқбаев –
Сапарбек Құрақбайұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
орынбасары

Тұрдалиев –
Серік Мелсұлы

Алматы облысы әкімінің орынбасары
 

Махмеджанов -
Ғалым Набиболлаұлы

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Асанбаева –
Роза Әбдіхамитқызы

Қазақстан Туристік қауымдастығының
президенті (келісім бойынша)

Шәйкенова –
Рашида Рашидқызы

Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар
қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)

Елеусізов –
Мэлс Хамзаұлы

«Табиғат» Қазақстанның қауымдастықтар
мен кәсіпорындар экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша)

Қалиев –
Жекен Қалиұлы

Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар
конфедерациясының президенті, Қазақстан
Республикасындағы Біріккен Ұлттар
Ұйымының ықпал ету қауымдастығының
төрағасы (келісім бойынша)

Сальников –
Виталий Григорьевич

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті География және табиғатты
пайдалану факультетінің деканы,
профессор (келісім бойынша)

Жансерікова –
Айгүл Жексенбайқызы

Қазақстанда қолөнер және этнотуризмді
дамыту орталығының директоры (келісім
бойынша)

Мәуленқұлова –
Гаухар Жеңісбекқызы

«Менің – Елім» ішкі туризмді дамыту
қауымдастығының директоры (келісім
бойынша)

Әбжанова –
Салтанат Ақзамқызы

«Арман-Тур» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры (келісім
бойынша)

Дүйсенғалиев –
Тимур Талашұлы

Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Іскерлік
кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Рей –
Инна Юрьевна

«Фирма Саят» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры (келісім
бойынша)

Мырзахметов –
Абылай Исабекұлы

«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім
бойынша)

Арынов –
Ерлан Асатайұлы

«KAZNEX INVEST» экспорт және
инвестициялар бойынша ұлттық агенттік»
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)

Әбиесов –
Жомарт Амангелдіұлы

«Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік
әріптестік орталығы» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасы (келісім
бойынша)

Никитинский –
Евгений Сергеевич

Қазақстан Республикасы Жеңіл авиация
қауымдастығының президенті, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі «Туризм» мамандығы бойынша
республикалық оқу-әдістемелік
комиссиясының мүшесі (келісім бойынша)

Қарабаева -
Рысты Қалиқызы

«Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Уәлиев
Қазбек Шәкімұлы

«Хан Тәңірі» туристік компаниясының бас директоры» (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
2000 жылғы 30 қазандағы       
N 1631 қаулысымен          
бекiтiлген             

Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже

       Ескерту. Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
      2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
      3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 
      4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
      5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
      5-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 55 қаулысымен.

2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары

       Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.

      6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi: 
      1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу; 
      2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 
      3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 
      4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу; 
      5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
      3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
      4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
      5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
      7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      өз құзыретi шегiнде: 
      1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
      2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
      3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
      4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк 
органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
      5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
      6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
      6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 6-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.

3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

      8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.30.   N 1155 Қаулысымен.
      9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжiлiстiң күн тәртiбiн жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387 қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.23. N 387   қаулысымен
      11. Кеңес мүшелерiне мәжiлiстiң күн тәртiбi, оның кезектi мәжiлiсiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжiлiске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады. 
      12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 
      13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi. 
      14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 
      15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады. 
      16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 
      17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжiлiске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжiлiс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттiк органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
     18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
     19. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28. N 173, 2007.11.30. N 1155 қаулыларымен.

4. Кеңес қызметiн тоқтату

     20. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысында бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөнiндегi нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.