Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуір N 5 нормативтік қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 13; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 13 Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "некені", "некенің", "неке", "некелерін", "некесін" деген сөздерден кейін "(ерлі-зайыптылықты)", "(ерлі-зайыптылықтың)", "(ерлі-зайыптылық)", "(ерлі-зайыптылықты)" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен;
      "АХАЖ органдарында", "АХАЖ органдарына", "АХАЖ", "АХАЖ органына", "АХАЖ органдары" деген сөздер тиісінше "тіркеуші органдарда", "тіркеуші органдарға", "тіркеуші органның", "тіркеуші органға", "тіркеуші органдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талап арызы", "талап арыз", "талап қою арызында", "талап арызды", "талап қою арызымен", "талап қою арызына", "талап қою арызын", "талап арыздарды" деген сөздер тиісінше "талап қоюы", "талап қою", "талап қоюда", "талап қоюды", "талап қоюмен", "талап қоюға", "талап қоюларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талапкер", "мәжілісінде", "мәжілісі" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы" "отырысында", "отырысы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "тіркеуші органдарда", "тіркеуші органда", "Тіркеуші органда", "тіркеуші органға", "тіркеуші органның", "Тіркеуші органдарда", "тіркеуші органдар", "Тіркеуші органдар" деген сөздерден кейін тиісінше ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Кодекс) некенi (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуды, оны заңсыз деп тануды және ерлi-зайыптылар (бұрынғы ерлi-зайыптылар) арасындағы мүлiктiк қатынасты реттейтiн нормаларын қолданумен байланысты мәселелер туындайтынын ескере отырып, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 13, 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Кодекстің 16-бабының 1-тармағына сәйкес некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс сотта ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де талап қоюы бойынша жүргiзiлетiнi түсiндiрiлсiн.

      Егер ерлі-зайыптылардың бiрiнiң әрекет қабiлетсiздiгi байқалса, онда оның мүддесiн қамқоршысы немесе прокурор некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою арқылы қорғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 56-бабына сәйкес, сот мұндай жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарын iске қатыстырып, олардың тиiстi қорытындысын алуына болады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      2. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою АПК-нің 148-бабының талаптарына сай келуге тиiс. Атап айтқанда, онда: некенiң (ерлі-зайыптылықтың) қашан, қайда тiркелгенi, ортақ балалары бар ма, олардың жасы, ерлi-зайыптылар кәмелетке толмаған балаларының қайсысы кiммен бiрге тұратыны туралы келiсiмге келдi ме, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға арналған қаржыны төлеу тәртiбi туралы, оған жұмсалатын қаражат мөлшерi туралы немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезiнде оны бұзуға өзара келiсiм болмаған жағдайда оны бұзудың себептерi, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаппен бiрге басқа да талаптардың қойылған-қойылмағаны көрсетiледi. Талап қоюға неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiк, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, балалардың туу туралы куәліктердiң көшiрмелерi, еңбекақы және ерлi-зайыптылардың кiрiс әкелетiн басқа да табыс көздерi туралы құжаттар, басқа да қажеттi құжаттар қоса тiркеледi.

      Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарды қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюда Кодекстің 238-бабы 2-тармағының тәртібімен тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жауапкердің келісімінің жоқтығы не оның қарсылығының болмауына қарамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғаны көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.09.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      3. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi соттың қарауына бергенде оларды тиянақты тексерiп дайындау мiндетiне соттардың назары аударылсын. Судья талап қоюды қабылдағаннан кейiн, әдетте, ерлі-зайыптының екiншiсiн шақырып алып, бұл талап қоюға оның көзқарасын, ерлi-зайыптылардың сот арқылы шешiлетiн басқа да даулы мәселелерiн анықтап, олардың талаптарының қайсысы некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаппен бiрге қаралуы мүмкiн екенiн түсіндiруi тиiс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      4. Кодекстің 16-бабының 2-тармағына сәйкес әйелдiң жүктiлiгi кезінде және бала туғаннан кейiн бiр жыл өткен уақытқа дейiн әйелiнiң келiсiмiнсiз некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы күйеудiң талабын қанағаттандыруға болмайды. Бiрақ, аталған шектеу бала өлі туған немесе бiр жылға жетпей шетiнеп кеткен жағдайларға жатпайды. Осы аталған екi жағдайда да судьяның талап қоюды қабылдамауға құқығы жоқ.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      5. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу жағдайларының бірі ретінде Кодексте ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптарының болуы көзделген. Мүліктік талаптар деп ортақ мүлікті бөлу, еңбекке жарамсыз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуге қатысты даулар түсініледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      6. Кодекстің 17-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар болмаған кезде тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде жүргізіледі.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу:

      Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

      ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

      егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылықтарының болмауына қарамастан, өзінің іс-әрекетімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;

      ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған (Кодекстің 19-бабының 2-тармағы) жағдайда жүргізіледі.

      Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын және кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі үшін жауапкердің тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тартқанын не оның қарсылығының болмауына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынуы қажеттігін соттардың ескергені жөн.

      Тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде Кодекстің 238-бабы 2-тармағының тәртібімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жауапкердің келісімінің жоқтығын растау үшін жұбайының некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызбен тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жүгінгені жөніндегі құжаттар ұсынылады.

      Ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған жағдайда, мысалы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен арыз не жеке арыз беруден бас тартса, оның бірлескен арыз беру үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жеке өзінің келуіне мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ ол арыз берілгеннен кейін бір ай өткен соң тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келмесе неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

      Бұл жағдайда талап қоюшы жауапкердің некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде бұзудан жалтарғанын куәландыратын дәлелдемелерді талап қоюға қоса беруге міндетті. Мұндай дәлелдемелерге тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ерлі-зайыптылардан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыздың болмағаны не арыз берілгеннен кейін бір ай өткен соң некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін оның келмегені туралы мәліметтері жатады.

      Мұндай дәлелдемелер болмаған жағдайда осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібінің сақталмауына байланысты АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сілтеме жасалып, арыз қайтарылуы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 30.09.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      8. Кодекстің 17-бабының 2-тармағы бойынша ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы бойынша тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде жүргізіледі. Сондықтан бір жыл ішінде тұрғылықты жерінде мәліметтер болмаған адамға қатысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қойып жүгіну кезінде судья некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпауына байланысты қабылдаудан бас тартады және талап қоюшыға азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану тәртібін түсіндіреді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 30.09.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      9. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы даулар бойынша азаматтық істерді жауапкердің тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды және шешеді.

      Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған кезде берілуі мүмкін (АПК-нің 30-бабының жетінші бөлігі).

      Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі және қаралуы мүмкін (АПК-нің 30-бабының бірінші бөлігі).

      Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюды, оған белгіленген жаза мерзіміне қарамастан, мүліктік талаптар болған кезде сот қарайды, кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзуды сот АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Егер сот бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюды АПК-нің 29-бабына сәйкес іс жүргізуге қабылдаса, онда көрсетiлген адамның сотталғанға дейiн соңғы тұрғылықты жерін негізге алу қажет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      10. Соттар тек заңда көрсетiлген жағдайда ғана, егер некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуға ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң келiсiмi болмаған жағдайда, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс бойынша ерлi-зайыптыларды татуластыру шараларын қолданады. Сот бұл мақсатта тараптардың өтiнiшi бойынша немесе олардың бiрiнiң немесе өзiнiң жеке бастамасы бойынша iстi шешудi кейiнге қалдырады және оларға татуласуы үшiн заңда белгiленген алты ай мерзiмдi тағайындайды. Iстi қарауды кейiнге қалдыру бiрнеше рет қайталануы мүмкiн, бiрақ ерлi-зайыптылардың татуласуы үшiн берiлген жалпы мерзiм алты айдан аспауы тиiс.

      Сот нақты мән-жайларды және орынды себептердi ескере отырып, ерлi-зайыптылардың немесе олардың бiрiнiң арызы бойынша татуласуға берген мерзiмiн өзгертуге және iстi сол мерзiм өткенге дейiн қарауға құқылы.

      Сот ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарымды сот отырысының хаттамасында көрсете отырып, сот отырысы залынан шықпай-ақ шығаруы мүмкін (АПК-нің 268-бабының үшінші бөлігі).

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.09.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      11. Соттар некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қарауға тиiстi. Тараптардың өзара қатынастарын, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенiң себептерiн, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нағыз себептерiн жан-жақты анықтау қажет.

      Алайда ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлi-зайыптылардың арасында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде өзара келiсiм болса, ерлі-зайыптылардың бiр-бiрiне мүліктiк және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлi-зайыптылардың бiреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзiнiң әрекеттерiмен не әрекетсiздiгімен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың себептерiн анықтамай-ақ некенi бұзады. Көрсетiлген жағдайларда некенi бұзу екi айға дейiнгі мерзімде жүргізіледі (АПК-нің 183-бабы).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      12. Егер сот тағайындаған мерзiмнен кейiн ерлi-зайыптылар татулыққа келмесе және олардың ең болмаса бiрi некенi (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуды талап етсе, сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13. Кодекстің 22-бабының 2-тармағына сәйкес соттар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын қабылдауы қажет. Сот істі қарау барысында ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалары олардың қайсысымен тұратыны туралы келісімге келген-келмегенін, ата-ананың баламен қарым-қатынас тәртібі және балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу тәртібі және оның мөлшері айқындалған-айқындалмағанын анықтауға міндетті. Бұл ретте алимент төлеу туралы келісім Кодекстің 22-тарауының талаптарын сақтай отырып жасалуы тиіс.

      Егер ерлі-зайыптылардың арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ сотқа ұсынылған келісім балалардың мүдделерін бұзса, сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анамен тұратынын, ата-ананың баламен қарым-қатынас тәртібін, қай ата-анадан және қандай мөлшерде балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріліп алынатындығын анықтауға міндетті.

      Соттар некені бұзу туралы істерді қараған кезде неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анамен бірге тұратынын және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тәртібін анықтау мәселелерін шешу үшін "Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысындағы көрсетілген түсініктемелерді басшылыққа алуы керек.

      Соттар алимент өндіру туралы талапты шешу кезінде Кодекстің 164-бабының 2-тармағына сәйкес алимент сотқа жүгінген кезден бастап тағайындалатынын ескеруі қажет. Егер сот талап қоюшының тарапынан талап қоюдан бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

      Мұндай шаралар туралы жауапкерге алимент төлеу туралы талаппен немесе алимент төлеу туралы келісім жасасу туралы ұсыныспен жүгіну, кәмелетке толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығын беру туралы арызбен жүгіну (егер кейіннен сот бұйрығының күші жойылса) куәландыруы мүмкін. Жауапкер, өз кезегінде, алимент төлеуден жалтару туралы талап қоюшының дәлелдерін жоққа шығаратын және алиментті көрсетілген кезеңде өзінің төлегенін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.

      Сот, сонымен қатар балаларынан бөлек тұратын ата-ананың балаларды тәрбиелеуге қатысуға міндетті және олармен қарым-қатынас жасауға құқығы бар екенін, ал екінші ата-ананың бұған кедергі келтіруге құқығы жоқ екенін түсіндіруі қажет, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазылады.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюдан бас тартылған жағдайда, алимент өндіру туралы талап, егер талап қоюшы оны қарауды талап етсе, сот шешімінің қарар бөлігінде көрсете отырып, оны жеке іс жүргізуге бөліп шығарады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде жұбайлардың бiрiнің асырауында болу құқығы бар жұбайдың талабы бойынша осы асырау қаражатының мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Ерлi-зайыптылардың немесе олардың бiреуiнiң талабы бойынша сот, олардың ортақ меншiгiндегі мүлiктерiн бөлiп беруге мiндеттi (Кодекстің 22-бабының 2-тармағы).

      Кодекстің 39-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын өзге тәртiп белгiленбесе (неке шарты), азаматтардың меншiктiк құқықтарының объектiсi болып табылатын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 115, 116 және 191-баптың 2-тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алғанына немесе ерлi-зайыптылардың қайсысының ақша салғанына қарамастан, АК-нің 223-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған кезде жинаған кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлiктерi, бөлуге жататын бiрiккен ортақ меншiк болып табылады (Кодекстің 33-бабының 1 және 2-тармақтары).

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      15. КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1944 жылы 8 шілдедегі Жарлығы жарияланған кезге дейiн қолданылған заңдарға сәйкес тiркелмеген неке (ерлі-зайыптылық) мен тiркелген некенiң (ерлі-зайыптылықтың) құқықтық салдары бiрдей болғандықтан, Жарғы күшiне енгенге дейiн некелерi (ерлі-зайыптылық) тiркелмеген отбасылық қатынастағы адамдардың бiрiгіп жинаған мүлiкке ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi тәртiбi тарайды. Мұндай мүлiктi бөлу жөнiндегi дауды шешу кезiнде соттар Кодекстің 33, 34, 35, 36, 37-баптарында белгiленген ережелердi басшылыққа алуы қажет.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      16. Iстi қараған мезгілде ерлi-зайыптылардың иелiгiнде болған немесе үшiншi тұлғада болған ортақ мүлiктерi бөлуге жататын мүлiктердiң құрамына кiредi. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiрi ортақ мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз қалауы бойынша, жұбайының қарсылығына және отбасының мүддесiне қарамастан сатып жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса, онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның құны есепке алынады. Сол сияқты ерлi-зайыптылардың ортақ қарызы (Кодекстің 38-бабының 3-тармағы) және отбасы мүддесiнен туындаған мiндеттемелер жөнiндегi талаптар құқығы ескеріледi.

      Сонымен қатар, некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыру кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне, бiрақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiн тиесiлi болған, жеке қаражатына сатып алынған, сыйға тартылған, мұраға немесе өзге ақысыз мәмілелер бойынша алынған мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен бiрiнiң жеке басына пайдалануға сатып алынған заттар, қымбат бағалы және басқа асыл заттардан басқалары Кодекстің 35-бабына сәйкес ортақ меншiк болып саналмайды және бөлуге жатпайды.

      Егер отбасылық қарым-қатынас және ортақ шаруашылықты жүргiзу нақты тоқтатылғаннан кейiн жұбайлар бiрлесiп мүлiк сатып алмаған болса, сот Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес олардың ортақ шаруашылықты жүргiзу уақытына дейiнгi ортақ меншiгi болып келген мүлiктердi ғана бөле алады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      17. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу Кодекстің 37, 38-баптарында және АК-нің 218-бабында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі, бұл ретте тараптардың келісімі болмаған кезде бөлуге жататын мүліктің құнын сот сарапшының қорытындысы негізінде айқындайды.

      Егер заңмен белгiленген ортақ меншiктiң тәртiбi неке (ерлі-зайыптылық) шартымен өзгертiлсе, онда сот ерлi-зайыптылардың мүлкiн бөлу туралы дауларды шешкен кезде осындай шарт талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Мұндайда ерлi-зайыптылар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) шарты Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес тап осы өндiрiсте жұбайлардың бiрiнiң талабы бойынша, егер шарт талаптары жұбайлардың бiрiн өте қолайсыз жағдайда қалдыратын немесе осы некеде (ерлі-зайыптылықта) туылған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзатын болса, толық немесе iшiнара заңсыз болып танылуы мүмкiн.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      18. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлiктерiн бөлген кезде үшiншi тұлғаның (мәселен, басқа мүшелермен бiрге қатысқан шаруа (фермерлiк) қожалығының немесе ұжымшар ауласының, үлестiк жарнасын толық төлемеген және соған байланысты меншiк құқығын иемденбеген ерлi-зайыптылардың бiреуi (немесе екеуi де) мүшесi болып саналатын тұрғын үйдiң, құрылыс немесе басқа кооперативтердiң, т.б.) мүдделерi қозғалған жағдайда Кодекстің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұл талапты жеке өндiрiске шығаруға құқылы екенiн ескеру қажет.

      Егер некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу және ерлi-зайыптылар мүлiктерiн бөлу туралы iстi қараған кезде (олар кооперативтiң пәтердi, саяжайды, гаражды және құрылыс немесе тұрғын үйлердi пайдалануға бергенi үшiн үлестерiн толық төлемеген жағдайда), тараптардың бiреуi, үлестi бөлудi талап етпей, оның өзi жиналған үлестiң қандай бөлiгiне құқылы екендiгін анықтап берудi сұраса, сот мұндай талапты жиналған үлеске құқы бар басқа адамдар болмаған жағдайда, бұл дау кооператив құқықтарын қозғамағандықтан, оны жеке өндiрiске бөліп шығармай-ақ қарауға құқылы.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      19. Ерлі-зайыптылардың бiреуiнiң атына салынған банктiк салымдар Кодекстің 37-бабындағы ереже бойынша бөлiнедi.

      Ортақ мүлiктер есебiнен жұбайлардың кәмелетке толмаған өз балаларының атына салған салымдары Кодекстің 37-бабының 4-тармағына сәйкес сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктердi бөлген кезде есепке алынбайды.

      Егер үшiншi адамдар ерлi-зайыптыларға ақша берiп, соңғылары оны несие ұйымдарындағы өз аттарына салған болса, онда үшiншi тұлға АК-нiң нормалары бойынша тиiстi соманы қайтару жөнiнде талап қоюға құқылы, ол талап жеке өндiрiсте қарауға жатады. Шаруа (фермерлiк) қожалықтар мүшелерiнiң немесе бұрынғы ұжымшар ауласы мүшелерiнiң және басқа тұлғалардың осы шаруа (фермерлiк) қожалығының немесе бұрынғы ұжымшар ауласының мүшелерi болып саналатын ерлi-зайыптыларға қойылатын талаптарын осындай тәртiппен шешуге болады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      20. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың (Кодекстің 37-бабының 6-тармағы) ортақ меншiгiн бөлу туралы талаптар үшін талап қою ескіруінің үш жылдық мерзiмiнің өтуін неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде - шешiм заңды күшiне енген күннен бастап, неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылған кезде - азаматтық хал-актілерін тiркеу кiтабында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу тiркелген күннен бастап есептеген жөн.

      Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығарған кезде тараптарға бірлесіп жиналған мүлікті бөлу туралы дауларға талап қою ескіруінің үш жылдық мерзімі қолданылатынын және оны есептеу тәртібін түсіндіруі тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - – ҚР Жоғарғы Сотының 30.09.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      21. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талапты қанағаттандырмаған кезде сот ерлi-зайыптылардың осы талаппен бiрге мәлiмделген өзге талаптарын сол өндiрiсте қарауға құқы жоқ, Кодекстің 22-бабына сәйкес олар жеке өндiрiске шығарылады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      22. Соттың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешiмi, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту жөнiндегi шешiмi де заңды және сот отырысында жан-жақты тексерiлген дәлелдерге негізделген болуы тиiс.

      Ерлi-зайыптылардың бiреуi некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына қарсылық бiлдiрген жағдайда шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде ерлi-зайыптылардың арасындағы араздықтарының сот анықтаған себептерi, отбасын сақтау мүмкiн еместiгi туралы дәлелдер немесе отбасын сақтап қалу мүмкiн екенi туралы соттың тұжырымдары, кей-бiр дәлелдердi жоққа шығарғанының негiздерi, басшылыққа алған заңдары көрсетiлуi керек.

      Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi талапты қанағаттандыру туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде тараптардың Кодекстің 22-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарының барлығы бойынша, оның iшiнде тараптардың бiрге қарау үшiн бiрiктiрiлген талаптары бойынша соттың қорытындылары болуы тиiс. Ерлi-зайыптылардың тектерi шешімде неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiкке сәйкес жазылады, ал тегi некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған кезде өзгертiлген болса, шешiмнiң кiрiспе бөлiгінде некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiнгi тегiн де көрсету қажет.

      Шешiмде неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған сәт – шешiм заңды күшiне енген күннен бастап көрсетіледі.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      23. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм шығарылғаннан кейiн ерлi-зайыптылар татуласқан жағдайда және бұл туралы олардың жазбаша арызы болса, сот өз ұйғаруымен шешiмнiң орындалуын, ол заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатуға құқылы.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      24. Егер iстi кассациялық тәртіппен қараған кезде некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне берiлгенi және некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы тiркеуден өткенi анықталса, онда, аталған мән-жайларды ескере отырып, мұндай шешiмдi бұзу материалдық және iс жүргізу құқығының талаптары елеулi түрде сақталмаса мүмкiн болады.

      Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс жөнiндегi шешiм кассациялық тәртіппен бұзылғаннан кейiн, сот бұл iстi жаңадан қараған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде тiркелген-тiркелмегенiн тексеруге мiндеттi. Тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны жөнiндегi актi болған жағдайда, сот жаңа шешiм қабылдаған кезде, оны жою туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

      Жоғарыда келтiрiлген жағдайларда ерлi-зайыптылардың бiреуi жаңа некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырса, онда бұл некенің (ерлі-зайыптылықтың) заңсыздығы жөнiнде мәселе мүдделi тұлғалардың талабы бойынша, бұрынғы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн шешiлуге тиiс.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      25. Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi және оны заңсыз деп тану жөнiндегi талап қоюларды (қарсы талапты) өзара байланысты деп, бiр өндiрiсте қарауға құқылы.

      Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану жөнiндегi талап қоюды қабылдаған кезде, некенің (ерлі-зайыптылықтың) заңдылығы қандай негiздер бойынша көтерiлгенiн (Кодекстің 25-бабы) және Кодекстің 26-бабына сәйкес талап қоюшы дәл осы аталған негiздермен некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тануға құқылы тұлғаларға жататынын анықтауы қажет. Егер арызданушы мұндай тұлғаға жатпаса, онда сот оның талабын қанағаттандырмайды.

      Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетiлген некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану негiздерiнің тiзбесi түпкiлiктi болып табылады және ол кеңейтiлiп түсiндiруге жатпайды. Мұндай негiздерге: некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырудың белгiленген шарттарының бұзылуы, оның iшiнде, неке (ерлі-зайыптылық) жасын сақтамау (Кодекстің 9-10-баптарында), некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға жол берiлмейтiн тұлғалардың арасындағы некелесу (ерлі-зайыптылық) (Кодекстің 11-бабы), сондай-ақ тараптар не олардың бiреуi отбасын құруды ниет етпеген жасанды некелесу (ерлі-зайыптылық) жатады.

      Мәжбүрлеп қиылған неке (ерлі-зайыптылық), сондай-ақ, егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған тұлғалардың бiреуi екіншiсiнен өзiнiң құрған отбасы мүшелерiне жекелей және қоғамдық қауiпсiздiгiне нақтылы қатер туғызатын аурудың бар екенiн жасырып қалса, бұндай неке (ерлі-зайыптылық) заңсыз деп танылуы мүмкін.

      Осыларды ескере отырып, неке (ерлі-зайыптылық) қию тәртiбiнiң белгiленген талаптарын (Кодекстің 13-бабы) бұзушылық некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану үшiн негiз болып табылмайтынын ескеру керек.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      26. Кодекстің 27-бабының 4-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар некелерiн (ерлі-зайыптылықты) сот немесе тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері арқылы бұзғаннан кейiн, бұл некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану туралы мәселенi қоюға құқықтары жоқ.

      Ерлi-зайыптылар арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесi немесе олардың бiреуi некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеу сәтiнде басқа бұзылмаған некеде (ерлі-зайыптылықта) болса, егер неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылса, онда сот некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану жөнiндегі талапты, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешiм бұзылған соң қарай алады, себебi сот мұндай шешiмдi заңды қиылған некеге (ерлі-зайыптылыққа) қатысты шығарған. АПК-нің 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес ондай шешiммен анықталған жағдайларды сол тараптардың басқа сот отырысында даулауға құқы жоқ.

      Егер неке (ерлі-зайыптылық) соттан тыс тәртiппен бұзылып, соңынан некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы жазуды (тiркеудi) жою және оны заңсыз деп тану туралы талап қойылатын болса, сот аталған екi талаптарды бiр өндiрiсте шешедi.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      27. Кодекстің 23-бабының 1-тармағына сәйкес сот тәртiбi арқылы бұзылған неке (ерлі-зайыптылық) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, яғни сот шешiмi түпкiлiктi түрде шығарылғаннан кейiн бір ай өткен соң (АПК-нің 403-бабы) немесе апелляциялық қаулы шыққаннан кейiн тоқтатылған болып есептеледi. Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртiбi арқылы 1998 жылғы 24 желтоқсан - "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І Заңының ресми түрде жарияланған күнге дейiн бұзылған болса, бұл ереже қолданылмайды, өйткенi бұл жағдайларда ажырасу тiркелген кезден бастап неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған болып есептеледi (ҚазКСР Неке және отбасы туралы кодексінің 40-бабы).

      Тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері арқылы бұзылған неке (ерлі-зайыптылық), оның 1998 жылғы 24 желтоқсанға дейiн не одан кейiн бұзылғанына қарамастан, некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап тоқтатылған деп есептеледi.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      28. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстер бойынша сот отырысы хаттамасының мазмұны АПК-нің 282-бабына сәйкес болуы тиiс, атап айтқанда, онда сот талқылауының барлық маңызды сәттерi: талап қоюшы мен жауапкер туралы, балалары және олардың жасы туралы мәлiметтер, талаптың мәнiсi туралы жан-жақты түсiнiктер, куәлардың жауаптары, сот тексерген өзге дәлелдемелер, сондай-ақ соттың ерлi-зайыптыларды татуластыру жөнiндегi әрекеттерi көрсетiлуi тиiстi.

      Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде АПК-нің 282-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қысқаша хаттама толтырылады.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      29. Осы қаулы қабылданған кезден бастап:

      Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың некенi бұзу жөнiндегi iстердi қарау кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1980 жылғы 28 қарашадағы N 9 қаулысын республика соттарының орындауы туралы" 1987 жылғы 27 маусымдағы қаулысының күшi жойылды деп танылсын;

      КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың некенi бұзу жөнiндегi iстердi қарау кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" 1980 жылғы 28 қарашадағы N 9 қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      30. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 30-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сот судьясы,
      Пленум хатшысы